Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 11 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда мектеп оқушылары атыс шығарған: істің мән-жайы анықталып жатыр

    Таразда мектеп оқушылары атыс шығарған: істің мән-жайы анықталып жатыр

    Өңір тынысы 21.04.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тараздағы мектеп оқушылары арасындағы атыстан зардап шеккендер бірнеше күннен соң ауруханадан шығарылады. Дәрігерлердің сөзінше, олардың өміріне төнген қауіп жоқ. Ал құзырлы орын мен білім бөлімі болған жағдайды бес күн бойы жасырған. Әлі күнге ақпарат беруден тартқан, — деп хабарлайды «КТК» телеарнасы. 

    Телеарна мәліметінше, жасөспірімдер арасындағы жанжалға не себеп болғаны әлі белгісіз. Оқиға бес күн бұрын сағат 23:00 шамасында Шөлдала ауылында болған. Бір топ бала осы елдімекеннің жасөспірімдеріне оқ атқан. Бірақ бұл дерек бүгінге дейін жасырын ұсталған. Жаппай тәртіпсіздікке қанша адамның қатысқаны белгісіз. Ал жарақат алғандар саны үшеу. Оның біреуі — колледж студенті, екеуі 11 сынып оқушысы. Денесі бытыраға тұнып қалған жәбірленушілер әлі ауруханада жатыр. 

    «Ауруханаға жатқан уақытта олардың жағдайы орташа ауыр деп есептелді. Бытыраның көптігіне байланысты ота жасалды. Балалардың өміріне қауіп төнетіндей, бытыралардың қан тамыры маңына орналасу қаупі жоқ. Бүгінде жағдайы тұрақты», — дейді Жамбыл облысы көпбейінді балалар ауруханасының бас дәрігері Азат Сәтжанов. 

    Науқастардың денесіндегі бытыраның санында есеп жоқ, алайда жанды жеріне тимеген. Ем қабылдап жатқан екеуі екі күнде үйіне жіберіледі. Ал Шөлдаланың тұрғындары бұл оқиғадан шошып, балаларын көшеге шығаруға қорқып отыр. Оқыс жағдайдан кейін мектеп директоры мен оның орынбасарына қатаң сөгіс жарияланған. Ал жағдайға қатысты түсініктеме беруден бас тартқан білім бөлімінің басшысы қару қолданған қарсы тарап қай мектеп оқушылары екенін айтпай қойған.

    ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.

    Телеарна мәліметінше, тәртіп сақшылары бұл деректі барынша құпия ұстауға тырысқан. Тек шағын мәлімет таратқан. Онда оқиғаның мән-жайы жан-жақты түсіндірілмеген.

    Ал бейресми мәлімет бойынша, көрші ауылдың үш машинаға мінген бір топ азаматы осында келіп, №55 мектептің шәкірттеріне оқ жаудырған. Қарсы тараптың арасында да мектеп оқушылары бар көрінеді.

    «Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыс істеген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық істің толық мән-жайы қылмыстық процесуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды», — деді Тараз қаласы №2  ПБ басшысы Бейбіт Нәлеков.

    Айта кетейік, телеарна мәліметінше, былтыр да осы ауылда оқушылар арасында жаппай төбелес болған екен. Ол кезде 16 бала бес жігітке жабылып, біреуін пышақтап өлтірген.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.