Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 11 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Жомарт түлек – Тараз» — тәрбиелік мәні зор кездесу

    «Жомарт түлек – Тараз» — тәрбиелік мәні зор кездесу

    Өңір тынысы 24.04.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    «Жомарт түлек – Тараз». Бүгін осындай атаумен Таразда түлектер кездесуі өтті. Мақсат – түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау, әлеуметтік маңызы бар жобаларға тарту. Облыс әкімі Б.Машбекұлының бастамасымен өткен түлектер форумына үн қосу.

    Осы ретте қала әкімі Ержан Жылқыбаев алдымен игі шараның маңызына тоқталды. Инвестиция құямын, әлеуметтік жобаларды іске асырамын деген тараздан түлеп ұшқан азаматтарға әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Жетістікке жеткен әрбір түлек алтын ұя мектебімен тығыз байланыс орнатып, кейінгі жастармен өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғау керектігін айтты.

    Таразда меценаттардың бастамасымен игі істер атқарылып келеді. Биыл да жомарт түлектеріміздің бастамасымен «Оқушылар сарайы», «Анаға тағзым», «Үстел теннисі орталығы», «Өнер үйі» сияқты 5,4 млрд. теңгеге ауқымды жобалар басталып кетті. «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 15 үй соғылады. Осылайша, туған топырақтан қуат алып өскен әрбір әулиеаталық түлек егемен еліміздің игілігін еселей түсуде.

    Жиында сөз алған қалалық мәслихаттың хатшысы Батырбек Құлекеев пен еңбек ардагері Қайрат Шотбақов және өзге де танымал түлектер қанатқақты жобаның жастарға үлгі боларлық мән-мағынасы зор екенін айтты. Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова, Алматы қаласындағы президенттік іс-басқару орталық клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Саршаев онлайн режимде қатысып, құттықтау сөздерін жеткізді.

    Жеке кәсіпкер Әлімбек Жұмабаев, бокстан Олимпиада ойындарының жеңімпазы, Вел Баркер Кубогының иегері (Афина-2004) Бақтияр Артаев, ақын Ғайни Әлімбекқызы, әнші Әлішер Каримов, Францияның Вильжуйф қаласы Густава Руси институтының докторанты Карина Матаева блогер Елдос Қадырханов, әзіл-сықақшы Арман Жаналиев түлектерді өзі білім алған мектебіне демеушілік етіп, өңірдің дамуына мейлінше қолдау көрсетуге шақырды.

    Сан салада ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген танымал тараздықтар мұндай келелі кездесуге шақырту алғанда қуанып, сығынышпен еске алатын, ең ыстық кезеңді қайта саналарында жаңғыртып, түлектердің басын қосқаны үшін алғыс білдірді. Идеялары мен ұсыныстарын айтты.

    Тәрбиелік маңызы жоғары жиынға 500-ден аса оқушы онлайн режимде қосылды. Кездесу соңында белсенді түлектер қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Енді мұндай басқосу кемінде жылына бір рет өтетін болады.

    Айта кетерлік жайт, Тәуелсіздік жылдары қаламызда 70 мыңнан астам түлек мектеп қабырғасынан қанат қақты. Бүгінде jambyl-tylek.kz сайты іске қосылып, 14 мыңнан астам тараздық түлек тіркелген.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.