Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 11 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысының әкімі қайырымдылық жасауға шақырды

    Жамбыл облысының әкімі қайырымдылық жасауға шақырды

    Өңір тынысы 01.05.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бірлік күніне орай өңірдегі кәсіпкерлерді қайырымдылық жасауға шақырды. «Ежелгі Тараз» мәдени-тарихи орталығындағы «Достық» үйінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, облыстың этномәдени бірлестіктерінің халықтық қолөнер көрмесі өтті, — деп хабарлайды Tarazy.kz порталы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Онда қойылған қолөнер туындыларымен танысып шыққаннан кейін Бердібек Сапарбаев облыс тұрғындарын бірлік күнімен құттықтап, дендеріне саулық пен отбасыларына амандық тіледі. Облыстағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мереке мәдени іс-шараларсыз өткізіледі, бірақ қайырымдылық іс-шараларын өткізуге баса назар аударылған.

    «Біртұтас халықтың күші – қайырымдылығы мен әрдайым өзінің жақынына қол ұшын беруге әзір тұратындығында. Сондықтан, менің бастамаммен «Қайырымды істер» республикалық акциясы аясында біздің облыста қайырымдылық іс-шаралар марафоны бастау алды. Бұл іс-шаралардың қасиетті Рамазан айында және Бірлік күнінде орын алуы оның тағылымдық мәнін арттыра түсері сөзсіз. Мен барша жамбылдықтарды және кәсіпкерлерді осы акцияға қолдау көрсетіп, қосылуға шақырамын. Шынында да, бұл адамдарға бір-біріне деген сенім мен жанашырлық, қайғы мен қуанышта бірге болу қабілетін жоғалтпады деген сенім береді. Баршаңызға мықты денсаулық пен бақ-береке тілеймін!» — деді облыс әкімі.

    Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, түрлі этнос өкілдері, белсенді жастар мен еріктілердің көмегімен мұқтаж адамдарға 1000-нан астам азық-түлік себеттері таратылды.

    Қайырымдылық акциялары облыстың барлық аудандарында ұйымдастырылды. Мәселен, Талас ауданында екі отбасы «Асарлатып үй салу» жобасы аясында салынған жаңа үйде қоныс тойын атап өтті. Шулық кәсіпкері өзінің қаржысына тұрмысы төмен отбасыға үй сатып алып берді. Сондай-ақ демеушілердің көмегімен 200 ас-ауқат жиынтығын тарату ұйымдастырылды.

    Жуалы ауданында 70-тен астам ауыл тұрғындары қайырымдылық көмек алды. Сонымен қатар сенбілік өткізіліп, оның барысында 2000 ағаш отырғызылды. Осындай акция Меркі өңірінде де өтті, онда 1000 көшет отырғызылды. Сарысу өңіріндегі Жаңатас қаласының орталық саябағында 500 көшет тігілді. Сондай-ақ халық бірлігі күні мұнда қоғамдық келісім орталығы ашылды.

    Қордай ауданында да аз қамтылған және көпбалалы 150 отбасыға азық-түлік жиынтығы таратылып, қайырымды жандардың демеушілігімен аудандық орталық ауруханаға 2 ӨЖЖ аппараты алып берілді.

    Ал, Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында Отбасы аллеясы ашылды. Мұнда аудан тұрғындарының отбасыларымен таза ауада демалуларына және балаларын алып келіп ойнатуға жағдай жасалған. Аллеяның жалпы аумағы 3,5 га құрайды, 7 алаңнан тұрады, олар жастарға, зейнеткерлерге, жас отбасыларына, спортшыларға, балаларға, мәдени іс шараларды өткізуге арналған. Аллеяда абаттандыру жұмыстары жүргізілген, түнгі жарықтандыру шамдары, орындықтар орнатылған.

    Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Grand bazaar» сауда кешені аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Халыққа жалпы құны 20,5 миллион теңгені құрайтын 48 тонна тауар ұсынылды.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.