Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 11 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Ветеринария басқармасы қараусыз қалған үй жануарларын аулауға қатысты тұрғындарға түсінік жұмыстарын жүргізеді

    Ветеринария басқармасы қараусыз қалған үй жануарларын аулауға қатысты тұрғындарға түсінік жұмыстарын жүргізеді

    Өңір тынысы 12.08.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Әлеуметтік желіде тұрғындар адамдардың көзінше ит пен мысықтарды атып, қараусыз қалған үй жануарларын мұндай тәсілмен аулаудың адамгершілікке жат екенін айтып дабыл қаққан болатын. Алайда жыл басынан бері 975 адамды ит тістеу фактісі орын алған. Осыған байланысты облыстық ветеринария басқармасы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

    Облыстағы елді мекендерде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, жою жұмыстарын ветеринариялық ұйымдар мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес келісім-шарт бойынша іске асырады.
    Жамбыл облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 52-8 шешімімен «Жамбыл облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары» бекітілген.

    Қаңғыбас иттерді аулау гумандық әдістермен, атап айтқанда, құрық және торларды қолдана отырып, өткізіледі. Ал егер жануар адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндірсе немесе құтыру ауруына шалдыққан деген күдік болса, ұйықтататын препараттар пневматикалық шприцтер арқылы қолданылады. Атыс қаруларымен иттерді ату жүргізілмейді. Ережеге сәйкес, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда, қаңғыбас иттерді аулау кәмелетке толмағандардың көзінше жүргізілмейді.
    Тараз қалалық ветеринариялық станциясында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау үшін 4 бригада құрылып, ауланған иттер мен мысықтарды уақытша ұстау орны жабдықталған.

    -Ит аулаушы бригадаларға қаңғыбас жануарларға қатыгездік көрсетпеу, ауланған иттерді жарақатсыз тасымалдау жайлы үнемі инструктаж жасалып тұрады. Ұстаған жануарларды қинамаймыз. Қазір қоңырау шалған тұрғындардың үйлерінен ит, мысықтарды өзіміз алып кетеміз,-дейді Тараз қалалық ветеринариялық станциясының директоры Қанатбек Қартабаев.

    -Ауланған қаңғыбас иттер жаңа иелерін іздеу мақсатында уақытша ұстау орындарында болады. Сұранысқа ие емес жануарлар эвтаназияға жатады және жойылады, өйткені ұзақ мерзімді ұстау үшін бюджеттік қаржыландыру бағдарламалары жоқ,-дейді ветеринарниялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Талғат Қожабергенов.

    Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы қала тұрғындарының сұраныстарына сәйкес қаңғыбас иттер топталған жерлерден аулау жұмыстарын атқарады.
    
    Жыл басынан облыс аумағында 21415 қаңғыбас ит пен 449  мысық ауланған.  Соның ішінде, Тараз қаласында 10139 қаңғыбас иттер  мен 323 қаңғыбас  мысықтар ауланып, жойылды.
    
    Жыл басынан барлығы Тараз қаласы бойынша 975 адамды ит тістеу фактісі орын алып, денсаулық сақтау ұйымдарына қайрылған, оның ішінде иелері бар иттер тістегені-427, иелері белгісізі-548. 
    
    Соңғы аптада ғана  қала аумағынан 29 ересек ит пен 30 күшік ауланып, уақытша ұстау орнына орналастырылды. Жеке «Ақтөс» жануарлар панасы 30 күшікті өз қамқорлығына алып, уақытша ұстау орнына орналастырған.

    Қаңғыбас иттер мен мысықтардың көбеюі көбінесе иелерінің жауапсыздығынан орын алуда, көшеге бос жібіріп, бақылаусыз шағылысып, қала көшелеріндегі босқын иттердің санын көбейтуде. ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 25 бабында жануарлар иелерінің міндеттері белгіленген, иттерін тіркеу иелері тарапынан жүргізілуі тиіс.Тұрғындардың басым көпшілігі сол міндеттерін атқармайды. Иттерін бос қойып жіберген иелеріне шара қолдану қала мен ауданның елді мекендерінде құзырлы мекемелер тарапынан жүргізіледі.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.