Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 11 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылда биыл 11 білім беру нысаны пайдалануға беріледі

    Жамбылда биыл 11 білім беру нысаны пайдалануға беріледі

    Өңір тынысы 17.08.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбылда биыл 11 білім беру нысаны пайдалануға беріледі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    Биыл 1 қыркүйекте Жамбыл облысындағы 442 мектепке 240 мың оқушы барады деп күтіледі. 22 мыңнан аса бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттамақ.

    Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Жамаловтың айтуынша, биыл 23 білім беру нысанының құрылысына 8,9 миллиард теңге қаралған десек, оның 11-і биыл пайдалануға беріледі. Нәтижесінде бір апатты, 3 үш ауысымды, 2 оқушы орын тапшылығы бар, 2 тозығы жеткен мектептің мәселесі шешіледі. Барлығы 16 білім беру нысанын күрделі жөндеуден өткізуге 3,6 миллиард теңге бағытталған.

    Барлық мектептер бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. 47 мектепте турникеттер, 18 мектепте дабыл түймелері орнатылған.

    Өз сөзінде Талғат Жамалов мектеп оқушыларын жаңа оқу жылында оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету жайына да тоқталып өтті. Бұл мақсатқа бюджеттен 3,1 миллиард теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алу негізінде сатып алынатын оқу құралдарын жеткізу 20 тамызға дейін толығымен аяқталады.

    Білім беру мекемелерінің барлық қызметкерлері (медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда) COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған.

    «Мектептерде санитарлық талаптарды сақтауға айрықша көңіл бөлінеді.

    Балалардың денсаулығы бәрінен маңызды, сондықтан әр сынып өз кабинетінен ауыспай оқиды. Маска тағу режимі сақталады. Барлық білім беру нысаны Ashyq қосымшасына қосылған», — деді Талғат Жамалов.

    Оның айтуынша, егер бір оқушыдан коронавирус анықталса, онда сол сынып онлайн оқыту форматына жіберіледі.

    «Балалар мен олардың ата-аналары қажетті оқу құрал-жабдықтарын сатып алып жатқанда, басқарма мен білім бөлімдері оқушылардың оқуына қолайлы жағдай жасау үшін бар күшін салуы керек», — деді облыс әкімі.

    Аймақ басшысы тиісті басқарма мен білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі департаментке бірқатар тапсырма жүктеді.

    «Барлық оқушыларды оқулықтармен, елді мекендердегі интернеттің сапасы мен жылдамдығымен қамтамасыз ету, апатты мектептер мәселесін зерделеу, мектептерді облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығымен интеграциялау бойынша жұмыстарды аяқтау, білім беру нысандарын жылыту маусымына дайындауды жеделдету, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа жүйесін енгізу қажет», — деп талап етті өңір басшысы.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.