Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 11 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Мемлекеттік қызмет елмен араласуды, үлкен істерде шешім қабылдауды үйретті» – Нұрболат Сатымқұл

    «Мемлекеттік қызмет елмен араласуды, үлкен істерде шешім қабылдауды үйретті» – Нұрболат Сатымқұл

    Өңір тынысы 10.09.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ақындық – жан еркіндігі мен сана тәуелсіздігінен тұратын болмыс. Ал ол болмысты таза қалпында сақтап қалу үшін не істемек керек? Жұмыс пен жаныңа жақын өнерді алып жүрудің қиындығы қандай?

    Өлең жазу үшін де тіршіліктен жырақтап, жаныңа үңілу керек. Кезінде Мұқағали, Жұматай сынды қазақтың азулы ақындары да сол еркіндік жолында тұрмыс-тіршілігін құрбан еткен. Ал бүгінде өзі ақын болып, әрі мемлекеттік қызметті қатар алып жүрген жастың бірі – Нұрболат Сатымқұл.

    Нұрболат Ақынғалиұлы Жамбыл облысының тумасы. Өлеңімен өңірге ғана емес, республикаға танылған ақын. Ақындық, журналистика және басшылық қызметті қатар алып жүрген талантты жас. Бүгінде Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы. Жұмыс пен шығармашылықты қалай ұштастырып жүргенін өзінен сұраған едік.  

    • Қанша ұлы тұлғаларымыз, жазушыларымыз үлкен қызметтерде отырған ғой. Әбіш Кекілбаев, Шерхан Мұртазалар үлкен тұлғалар ғой мысалы. Мырзатай Жолдасбеков ағаларымыз сенатта, мәжілісте отырды. Қаншама мәдениет саласынан шыққан ұлы тұлғалар үлкен мемлекет үшін жауап беретін орындарда отырды. Оның жанында біздің қызмет айтарлықтай қиын деп айта алмаймын. Жәй күнделікті жұмыс десек те болады, — дейді.

    Қалай болғанда да қызмет қаттылық пен жауапкершілікті, көпқырлылықты талап етеді. Талантты адам барлық жағынан талантты десек те Нұрболат мемлекеттік қызмет пен өнерді қатар алып жүрудің қиындау екенін жасырмады.

    • Кішкене уақыт тапшы болатыны рас. Өйткені кеш қайтатын кездер болады. Ал ол шығармашылық адамға әсер етіп, өлеңді ойлауға кедергісін келтіреді. Шындығында сәл өлеңнен алыстатты негізі. Поэзиядан алыстатты дегенім өлең оқымау емес, өлең жазбау мәселесі ғой. Бұл жерде мемлекеттік қызметтің де қатысы жоқ деп ойлаймын. Себебі оған дейін де аз жаздым ғой. Ол жақсы ма, жаман ба білмеймін.

    Қандай қызметте болса да адам баласы өміріне азық боларлық тәжірбие жинақтайды. Тіршілікке тік қарайтын ақын мінезіне әкімшілік жұмысы келмейді-ау деп ойлағанмен,  өмірге өзге қырынан қарауға үйрететін секілді. 

    • Ақын-жазушылар көбіне журналистика саласында жүреді ғой. Біздің қатарымыз аға буынның барлығы БАҚ өкілдері болғаннан кейін маған ақпараттық саясат оңай болды. Содан бері мемлекеттік қызметтің біраз саласында жұмыс жасасам да еш өкінгенім жоқ. Себебі мемлекеттік қызмет үлкен басшылықтағы кісілермен жұмыс істеуді, елмен араласуды, үлкен істерде шешім қабылдауды үйретті.

    Өлеңге өмірін арнап, қызметте қадірін сақтай білген Нұрболат мемлекеттік қызмет пен ақындықтың арасында ұқсастық бар екенін де тілге тиек етті.

    Ал енді өлең мен мемлекеттік қызметтің ұқсастығын айтайыншы. Мысалы, халықтан сұраулар, өтініштер, арыздар келіп түседі. Сол кезде арызы бар кісілердің өтінішін қанағаттандырасың ғой немесе соған себепкер боласың. Елдің көкейінде жүрген, қордаланған мәселелері шешілуіне себепкер болған кезде сол адамдардың айтқан алғысынан жүрегің жылиды. Міне, сол сәт өлеңнің ләззатындай әсер етеді – дейді Нұрболат.

    Нұрболат Сатымқұл өзіне ерекше септігі тиген, тіпті университетке оқуға түсуіне, тұлға боп қалыптасуына әсер еткен  Исматова Сейсекүл ұстазына алғыс білдіреді. Ұстазы болса «қайда жүрсе де қадірлі өлеңнің қасиетін сақтауға ат салысатын азамат» — деп бағасын берді.

    • Нұрболат болашағынан көп үміт күттіретін, қайда жүрсе де қадірлі өлеңнің қасиетін сақтауға ат салысатын азамат. Сөйлегенде кез келген адамды тұқыртып жіберетін мінезділігі өз алдына, тағдыр көрген ойлы көзінде жан біткенге жүрегін бергісі келетін ақын тұлғасы сезіліп тұрады, — дейді шәкірті жайлы.

    Адамдығы мен ақындығын мемлекеттік қызметке ұштастыра білген Нұрболат Ақынғалиұлының қызметте өсе беруіне, өлеңде өміршең болуына тілектеспіз.

    Мақала Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен «Жетістіктің тарихы» іс шара жоспарына сәйкес әзірленді.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.