Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 11 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Барақ Сатыбалдыұлының шапаны дүйім жұртқа көрсетіледі

    Барақ Сатыбалдыұлының шапаны дүйім жұртқа көрсетіледі

    Өңір тынысы 01.11.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл аудандық тарихи-өлкетану музейі мен №1 орта мектебінің тарих және география бірлестігі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өскелең ұрпақпен елі үшін, жері үшін жанын берген батыр бабаларымыздың бірі Барақ Сатыбалдыұлына арналған «Бабалар аманаты» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шарада мектеп оқушылары Барақ Сатыбалдыұлының өмірбаяны мен жасаған ерліктері туралы баяндады,сонымен қатар батырдың ұрпақтарынан аманат болып жеткен шапаны таныстырылды.

    2014 жылы Абылай ханның шапаны Ұлттық музейге қойылды дегенде, араға үш жыл салып қазақтың төбе биі Төле бидің шапаны табылды дегенде қуанбаған қазақ болмаған шығар.Енді бүгін қазақ елінің тарихында белгілі батырлардың бірі Барақ Сатыбалдыұлының шапаны табылғанын жар сала отырып, дүйім жұртқа көрсеткелі отырмыз. Алдымен Барақ Сатыбалдыұлының тарихи ерлігі туралы біраз мәлімет бере кетейік. БАРАҚ БАТЫР Барақ Сатыбалдыұлы (1743-1840) батыр, Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі болған. Кіші жүздің Жетіру тайпасының Табын руынан шыққан. Үстірттің Сам құмында дүниеге келген. Барақтың батыр атағы 18 жасында торғауыт батыры Алакөбікті жекпе-жекте жеңгеннен кейін шыққан.

    XVIII ғасырдың 70 жылдарына дейін шөмішті-табын қолын бастап,Жайық пен Еділ арасында қалмақтармен соғысқан. 1785-1792 жылдар аралығында Сырым Датұлы бастаған Ресей отаршылдығына қарсы күресте қол бастаған батырлардың бірі болған. Сырым Датұлының жақын серігі, Барақ батыр 3000 жасағымен Орынбор шебіндегі қамал-бекіністер бойында және қазақ даласына жіберілген патша үкіметінің жазалаушы отрядтарымен кескілескен шайқастар жүргізген.Барон О.Игельстромның Барақ батырдың әскери күші туралы император Екатерина ІІ-ге жазған хатында баяңдалады.

    Барақ батырдың тегеуірінді қарсылық әрекеттері орыс отаршыларының зорлық-зомбылығына шек қойып, Жайықтың оң жағалауындағы қазақ жерлерін сақтап қалуға септігін тигізді. Ол Батыс Қазақстанның отарлануын тежеп, әскери бекіністердің көптеп салынуына жол бермеген. Барақтың есімі табын руының ұранына айналған. Оның ерліктері «Барақ батыр» тарихи дастанына арқау болған. Қазіргі таңда   батыр бабамыздың шапаны атадан  балаға мұра болып Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында  Имағанбетов Нұртуған Имағанбетұлы есімді тікелей ұрпақтарының қолында сақтаулы тұр.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.