Жалпы өндірілген өнім көлемі 29 миллиард 104,0 миллион теңгеге жетіп, нақты физикалық индекс көлемі 100,7 пайыз құрады.
Меркі ауданы бойынша 2021 жылдың өніміне 29898,9 гектар бидай, 28493 гектар арпа, барлығы 58393 гектар дәнді масақты дақылдар егіліп орақтан өткізілді. Аталған егіс алқабынан 36628 тонна бидай орташа гектар қайтарымы 12,2 ц/га, 34813 тонна арпа орташа гектар қайтарымы 12,2 ц/га, барлығы 71441 тонна астық бастырылып 12,2 центнерді құрады.
Су үнемдеу технологиялары 7,5 гектар алқапқа енгізілді.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 60 бас мүйізді ірі қара, 13764бас ұсақ мал сатып алынды.
Меркі ауданы бойынша ағын су тапшылығын жою мақсатында Андас батыр, Жаңатоған, Сұрат ауылдық округтерінің әкімдерінің шешімдеріне сәйкес жер телімдері бекітіліп, «Андас-1», «Андас-2», «Андас-3», су қоймаларын салу жоспарланды. Су қоймаларының жалпы сыйымдылығы 5,0 миллион куб, суарылатын алқабы 1500 гектар құрайды. Сонымен қатар сыйымдылығы 50 миллион куб Аспара су қоймасын салу зерделенуде. Суарылатын алқаптың ауданы 15,0 мың га құрайды.