Close Menu
    Оқылып жатыр

    «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

    14.04.2026

    «Бұл — уақытша тиімділік»: саясаттанушы мұнай бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді

    14.04.2026

    Жыл басынан бері Қазақстанда мұнай өндіру күрт төмендеген

    14.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 15 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      «Бұл — уақытша тиімділік»: саясаттанушы мұнай бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді

      14.04.2026

      Жыл басынан бері Қазақстанда мұнай өндіру күрт төмендеген

      14.04.2026

      Теңгенің нығаюы бақ па, сор ма? Министр мәлімдеме жасады

      14.04.2026

      «Дос та емес, дұшпан да емес»: Кремль Венгрияға қатысты екіұдай пікір білдірді

      14.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026

      Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

      09.04.2026

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Әкіммен кездесу

    Әкіммен кездесу

    Өңір тынысы 10.12.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Аудан әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

    Қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік мәселелермен қайырылды.

    Бірінші келген Меркі ауылының тұрғыны Мирсадыкова Матлюба көмір алып беріп, көмек көрсету бойынша қайырылса, Баубекова Мереке көршісі Томаева Мадинаның құжаттарын дұрыстау мәселесі бойынша өтініш білдірді.

    Аудан басшысы Руслан Маратұлы заң аясында түсіндірме беріп, М.Мирсадыковаға тиісті әлеуметтік жәрдемақы қаралғанын атап өтсе, М.Томаева бойынша денсаулығын тексеріп, құжаттарын заңдастыруды Меркі ауылдық округ әкімі Ғазиз Байарыстанға тапсырды.

    Тұрғындардың өтініш-тілектеріне мұқият назар аударған аудан әкімі заң талаптарына сай түсіндірме беріп, ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына жұмыс жүргізуді ескертіп, берілген тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауға алып, баяндауды тапсырды. 

    «Nur Otan» партиясы Меркі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Руслан Нұрсипатов кестеге сәйкес Тәтті ауылдық округінде кезекті қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

    Қоғамдық қабылдауға жер, су, көше жарығы, ауылдық дәрігер және т. б. мәселелерімен қайырылды.

    Тұрғындардың өтініш-тілектерін мұқият тыңдаған аудан әкімі Руслан Маратұлы тиісті қызметкерлерге тапсырма беріп, оның ішінде аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Болысбек Аштайұлына Ә.Молдағұлова көшесіндегі көше жарығы,және су мәселесін зерделеп, аудан әкіміне баяндауды тапсырды.

    Келесі кезекте, зейнеткер Зубайдаев Медербек ауылдық округте дәрігердің жетіспеушілігін айтып, көмек сұрады.
    Аудан басшысы Руслан Маратұлы Аудандық орталық аурухана басшысының орынбасары Абдикаримов Рахат Бериказиевичке Тәтті ауылдық округінің тұрғындарын орталық ауруханаға тіркеп, дәрігер мәселесін шешуді тапсырды.

    Қалған мәселелер бойынша заң талаптарына сәйкес түсіндірме беріп, бөлім басшыларына халықпен етене жұмыс жүргізу қажет екендігін айтты.

    Қабылдауда тұрғындар жол жөндеу, түнгі жарықтандыру, әлеуметтік көмек, баспана және өзгеде мәселелермен қайырылды.

    Зейнеткер Қабылжан Тоқманбетов ауданда Социалистік Еңбек Ері Асанбай Асқаровтың 99 жылдығына байланысты өткізілген іс- шараның жоғары деңгейде өткізілгенін айтып, аудан әкімі Руслан Маратұлына алғысын білдірді. Сонымен қатар, алдағы жылы 100 жылдықты жоғары деңгейде өткізу мәселесін көтерді. Аудан басшысы Руслан Маратұлы орталықтағы Асанбай Асқаровтың ескерткіші орналасқан аумақты абаттандырудың жаңа эскизімен таныстырып, жуық арада жұмыстар басталатынын жеткізді.

    Қабылжан Тоқманбетов ризашылығын білдіріп, үлкен бастамаларға сәттілік тіледі.

    Келесі, қайырылған зейнеткер Қалмахамедұлы Жумабек Жамбыл ауылдық округіндегі Бауыржан Момышұлы көшесін және бұрылысының жолын асфальттау қажеттігін, сонымен қатар аудандық орталық ауруханадағы кешкі кезекшіліктегі дәрігерлерінің жұмысын тиісті деңгейде атқармайтындығын айтып, шағымданды. 

    Аудан басшысы Руслан Маратұлы жол мәселесі бойынша аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев пен аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің у.м.а. Айбек Мұсабек, Жамбыл ауылдық округ әкімі Ербол Байболсыновқа заң талаптарына сәйкес жұмыс жүргізіп, биылғы жылы жөндеу мүмкіндігін қарап, болмаған жағдайда келесі жылғы жоспарға міндетті түрде енгізуді тапсырса, сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Берік Бегалиевке ауруханадағы қызмет көрсету сапасының төмендігі бойынша нақты зерделеп, жауапсыздық танытқан қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін көріп, өтініш иесіне жауап беруді тапсырды.

    Сонымен қатар, аудан тұрғыны Айсара Уразметова келіндеріне жұмыс тауып беруін және тұрғын үй құрылысына жер беруді сұрады.

    Аудан әкімі Руслан Маратұлы аудандық «Жұмыспен қамту орталығының» директоры Ербол Дүйсебаевқа және аудандық Білім бөлімінің басшысына қосымша білім беру мекемелерінде бос жұмыс орны пайда болған жағдайда ұсынуды тапсырса, Айсара Уразметованың жаңадан оқуын аяқтаған келініне Жастар практикасы бағдарламасына қатысуды ұсынды.

    Сонымен қатар, қабылдауға келген басқа да аудан тұрғындары көшені жарықтандыру, әлеуметтік көмек, баспана алуға кезекке тұру мәселелері бойынша келіп, аудан әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатов заң талаптарына сай түсіндірме беріп, ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына жұмыс жүргізуді ескертіп, берілген тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауға алып, баяндауды тапсырды.

    Меркі ауданы

    Оқылып жатыр

    «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

    14.04.2026

    Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

    13.04.2026

    Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

    09.04.2026

    Қазақстанда алты ай бойы инфляция деңгейі төмендеп келеді

    08.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

    14.04.2026

    «Бұл — уақытша тиімділік»: саясаттанушы мұнай бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді

    14.04.2026

    Жыл басынан бері Қазақстанда мұнай өндіру күрт төмендеген

    14.04.2026

    Теңгенің нығаюы бақ па, сор ма? Министр мәлімдеме жасады

    14.04.2026

    «Дос та емес, дұшпан да емес»: Кремль Венгрияға қатысты екіұдай пікір білдірді

    14.04.2026

    Халықаралық іздеудегі Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды

    14.04.2026

    “Атажұрт” белсенділеріне сот үкімі шықты

    13.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.