Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 10 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда үш биге еңселі ескерткіш қойылды

    Таразда үш биге еңселі ескерткіш қойылды

    Өңір тынысы 14.12.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай қазақтың әйгілі үш биі – Төле, Әйтеке және Қазыбек билерінің ескерткіші ашылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Даналық пен әділдіктің символындай болған үш бидің ескерткіші Жамбыл облыстық соты ғимаратының аумағында орналасқан.

    Ашылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облыстық сотының төрағасы Ербол Ахметжанов, ҚР Жоғарғы сотының экс-төрағасы Мұсабек Тұрғанбекұлы, Жамбыл облыстық сотының бұрынғы төрағасы Мақсұт Әбілқайыров және сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

    Ербол Ахметжанов пен Мұсабек Тұрғанбекұлы ең күрделі кезеңде қазақтарды біріктіруде шешуші рөл атқарып, елдің еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы билердің рухани мұралары, өнегелі еңбектеріне тоқталды.

    — Қазақ билерінің əділ сот ісін дамытуға жəне нығайтуға қосқан үлестері өлшеусіз. Әйтек би, Қазыбек би, Төле бидің қазақ халқының қалыптасуына, оның сот төрелігімен тығыз байланысты болғанын атап өткеніміз абзал. Ескерткіш даналық пен әділдіктің нышаны,-деді М.Тұрғанбекұлы.

    Бұдан соң ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

    Салтанатты ашылу рәсімінен кейін қонақтар облыстық соттың жаңа ғимаратында бас қосты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев әр заманның өзіне сай сот жүйесі болғанын, кезіндегі Билер кеңесі соның айғағы екендігін атап өтті.

    — Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облысымыздың  орталығы саналатын тарихи Тараз қаласының көркіне сән қосып тұрған облыстық соттың жаңа ғимаратының алдынан, алты алаштың әйгілі билерінің ескерткіші ашылуы – тарихи маңызды оқиға және тәрбиелік мәні зор.

    Төле би, Әйтеке би, Қазыбек   бидің есімдері қазақ мемлекеттілігі мен қазақ сот төрелігі негізінің қалануы тығыз байланысты. Өмірлік тәжірибесі мен мінсіз беделінің арқасында  өз заманында олардың  шешімдері  әділ  болған және күмән тудырмаған.

    Сот жүйесі заман талабына сай жетілдіріліп отыруы тиіс. Қазіргі таңда елімізде сот саласына айрықша көңіл бөлініп, тиісті жағдайлар жасалып, оң өзгерістер орын алуда. Әсіресе, ақпараттық технологияның дамуы сіздерге де үлкен мүмкіндіктер беріп отыр. Халық үйден шықпай-ақ, арызын беріп, сот үдерісін бақылай алады. Мемлекет басшылығының тапсырмасына сәйкес жергілікті  билік қашанда бұл тұрғыда барынша жағдай жасауға мүдделі.

    Жақында Тараз қаласында өткен «Сот жүйесі ғалымдарының диалогы» I- Халықаралық форумына ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов, ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, Судьялар одағының төрағасы Сәкен Абдолла, судья-ғалымдар, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан мен Беларуссиядан келген шетелдік заңгер ғалымдар қатысып, орамды ойларын ортаға салды.

    Облыстық соттың тағылымды тарихы, өз орны қалыптасқан. Сала ардагерлерінің  табысты еңбегін сабақтастыра отырып, бүгінгі қызметкерлер де адалдық, туралық, заңдылық қағидаттарын басшылыққа алып отыруы тиіс. Бұл халықтың сот жүйесіне деген сенімінің арта түсуі үшін аса маңызды,-деді облыс әкімі.

    Айта кетейік, жаңа ескерткіш бетоннан құйылып, мәрмәр тұғырға орнатылған. Монумент авторы – мүсінші Темірхан Қолжігіт. Ескерткіштің биіктігі – 3,50 метрді құрайды.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.