Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 10 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысындағы су қоймалары 69 пайызға толды

    Жамбыл облысындағы су қоймалары 69 пайызға толды

    Өңір тынысы 30.03.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысындағы су қоймаларының толу көлемі қазіргі таңда орта есеппен 69 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткішті 80 пайызға жеткізу көзделуде. Осы және көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте жан-жақты айтылды.

    – Қыста қар түспеді. Дегенмен қазір жауын-шашын аз жауып жатқан жоқ. Біз осы ауа-райын тиімді пайдалану керекпіз. Су қоймаларына қажетті ылғалды жинап алу қажет.

    Былтыр шаруаларға егіс науқанына дейін барлық алқапқа су жетеді деп уәде берген болатынбыз. Сол уәдеде тұруға тиіспіз. Кейбір су айдындарындағы су реттегіш қондырғыларын қайта жөндеу керек. Каналдарды реттеу, тазалау жұмыстарын уақыт созбай аяқтаңыздар,-деді облыс әкімі.

    Аймақ басшысы каналдарды жөндеу бойынша жобалауда кеткен қателіктерді сынға алып, ол тиісті бақылаудың жоқтығынан орын алғанын ескертті.

    Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұратхан Шүкеев қазіргі уақытта су қоймаларында су толтыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

    – Ағымдағы жылдың 29 наурызына аудандарда орналасқан су қоймаларындағы судың жиналу көлемі орта есеппен 69,0 %-ды құрап отыр. Суармалы маусым кезеңіне (вегетация) дейін судың жиналуын 80 пайызға дейін асыруды жоспарлап отырмыз.

    Алайда, кейбір су қоймаларын толтыру мүмкіншілігі төмен болып отыр. Атап айтсақ, Райымбек, Ынтымақ, Сасықбай, Көшеней, Тастан, Дауітбай, Тегістік  су қоймаларына су жинап алу мәселесі қиындауда. Биыл  осы су қоймаларында су тапшы болу қауіпі бар,-деді басқарма басшысы.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от Tarazy.kz (@tarazy.kz)

    2021-2022 жылдарға арналған жоспарға сәйкес 10 су қоймасы қалпына келтіріледі деп жоспарланса, бүгінгі күнге оның 6-уында жұмыстар аяқталған. Аталған су қоймалар мен бөгеттерді іске қайта қосу жұмыстары ағымдағы жылдың аяғына дейін аяқталады деп күтілуде. Жалпы, бұл су қоймалары қалпына келтірілген жағдайда болжаммен 9,65 млн.текше метр су жиналып, 2 411 га суармалы жер алқабын айналымға қосу мүмкіншілігі болады.

    «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының директоры Қазыбек Бедебаев филиал теңгеріміндегі каналдар  қоқыстардан, лай мен өсімдіктерден тазаланып, гидроқұрылымдарда ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде екендігін айтты. Бүгінгі күнге 572 шақырымдық каналдар  тазаланып, гидроқұрылымдар жөнделуде.

    Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов көктемгі дала жұмыстарының барысына тоқталды. Ол ағымдағы жылы  ауыл шаруашылығы дақылдары 760 мың гектарға егіліп, өткен жылмен салыстырғанда егістік алқабы  9,2 мың гектарға ұлғайғанын жеткізді.

    – Облыс бойынша дала жұмыстары басталып кетті. Жоспарлы 106,4 мың гектардың 30,8 мың гектарында жер жырту жұмыстары басталса, 102,9 мың гектар алқапта дайындау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге 77,8 мың тонна тұқым дайындалды.

    Ағымдағы жылғы көктемгі дала жұмыстарына ақпан-мамыр айларына жалпы 10 920 тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінді. Облыс бойынша 14 таратушы оператор анықталды. Шаруашылықтарға арзандатылған түрде тарату бағасы 194-208 теңге аралығында бекітілді,-деген басқарма басшысы ұзындығы 722,6 шақырымды құрайтын 192 канал асар әдісімен тазаланғандығын атап өтті.

    Облыс әкімі жер асты суларын тиімді пайдалануға да айрықша назар аудартты. Ол үшін ұңғымалар санын арттыру, ескі ұңғымаларды қалпына келтіру немесе жаңасын қазу жұмыстарының маңыздылығын айтты.

    – Егістік алқаптарды қайта түгендеп, нақты көлем есебін шығарыңыздар. Картоп, сәбіз, қырыққабат, алма, таңқурай, қызылша және тағы басқа дақылдардың нарықтағы қажеттілігін ескеріп, егістік көлемін арттыру қажет. Біз бұл дақылдармен өзімізді толық қамту керекпіз.

    Агрохолдингтер құру, жер картасын әзірлеу бойынша берілген тапсырмалар әлі күнге орындалмай отыр. Бұл өз кезегінде көптеген мәселелердің тиімді шешілуіне қолбайлау болуда,-деді Б. Сапарбаев.

    Жиын қорытындысымен аймақ басшысы жауаптыларға суды аз қажет ететін өнімдерді отырғызу, су үнемдеу технологияларын пайдалану  және суармалы жерлерде агротехникалық және мелиорациялық жұмыстарды жүргізу, ауыспалы егістік технологиясын қатаң түрде сақтау және де майдаланып кеткен, ауылшаруашылығы тауар өндірушілерді, үлкен кооперативтерге немесе агрохолдингтерге біріктіру, сапалы тұқым мен тыңайтқыштарды барынша пайдалану бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.