Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 10 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Нұржігітов мәдениет және өнер қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады

    Нұржігітов мәдениет және өнер қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады

    Өңір тынысы 21.05.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Белгілі мәдениет қызметкерлеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерін, облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыс етті.

    Кездесу жылы шырайлы әңгімеге ұласты. Аймақ басшысы өнер адамдары үлкен құрметке лайық екенін баса айтты.

    — Сіздердің жұмыстарыңыз өзіндік ерекшеліктерге толы. Кез келген адамның қолынан келе бермейді.

    Еліміздің рухани тірегі – ұлттық құндылықтарымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз болса, Сіздер өнеріміз бен мәдениетімізді, ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Сіздерге еліміздің, облыстың мәдениетінің дамуы жолындағы елеулі еңбектеріңіз бен белсенділіктеріңіз, облыс халқына өз шығармашылықтарыңызбен қолдау көрсеткендеріңіз үшін ризашылығымды білдіргім келеді, — дей келе Нұржан Нұржігітов өңірдегі мәдени-тарихи бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті.

    Өз кезегінде сала ардагерлері мен қызметкерлері де орамды ойларын ортаға салып, ұтымды ұсыныс-пікірлерін білдірді.

    Басқосуда облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының директоры Жанна Алшынбаеваға, Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлфайруз Инкарбековаға, К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының әртісі Құрмантай Қуанышбаевқа, облыстық орыс драма театрының әртісі Марина Просоловичке, «Меркі әуендері» ән-би ансамблінің музыкалық жетекшісі Мария Раимкуловаға, Талас ауданы Ақкөл ауылдық мәдениет үйінің солисті Жақсылық Тілеубековке, облыстық тарихи-өлкетану музейінің орынбасары Ранохан Убайдуллаеваға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілері табысталды. Сондай-ақ, бірқатар сала қызметкерлері мен өнер майталмандары облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапатталды.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.