Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 10 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Облыс әкімі ауыл мектебіндегі «Соңғы қоңырау» шарасына қатысты

    Облыс әкімі ауыл мектебіндегі «Соңғы қоңырау» шарасына қатысты

    Өңір тынысы 25.05.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Байзақ ауданындағы №6 орта мектебінің«Соңғы қоңырау» шарасына қатысты. «Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» тақырыбында ұйымдастырылған салтанатты жиынында аймақ басшысы оқушылар мен түлектерді, ұстаздар мен ата-аналарды кезекті оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

    — Бүгін облыстағы 480 мектепте 244 мыңға жуық оқушы оқу жылын табысты аяқтап отыр.

    Биыл 11 мыңнан аса оқушы алтын ұя мектептерімен қоштасуда, оның 490-ы «Алтын белгіге» үміткер. Оқушыларымыз халықаралық, республикалық пән олимпиадасы мен ғылыми жобалар жарысында жақсы нәтижелер көрсетуде. Жыл басынан бері халықаралық деңгейде 43, республикалық деңгейде 139 медаль иеленді.

    Ағымдағы жылдың ақпанында республикалық ғылыми жобалар байқауында облыс командасы «Ең үздік команда» атанып, 13-ші жыл қатарынан I орынды жеңіп алды. Сондай-ақ,  өңірдегі 32 мектеп түлегі Түркия, Қытай, АҚШ, Ресей және Оңтүстік Корея елдерінің жоғары оқу орындарына шақырту алды.

    Бұл Мемлекет Басшысының білім саласына деген зор қолдауының нәтижесі. Елімізде әлемдік деңгейде сапалы білім беру қызметін жақсарту үшін барлық мүмкіндіктер жасалған,-дей келе Нұржан Нұржігітов мектеп бітіруші түлектерге сәт-сапар тіледі.

    Сонымен қатар, облыс әкімі өңірдегі білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарға да қысқаша тоқталып өтті.

    Биыл облыс бойынша 15 мектептің құрылысы жүргізіліп, тағы 15 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Жыл соңына дейін 10 мектеп тапсырылмақ. Жақында облыс орталығында «Оқушылар сарайының» жаңа ғимараты пайдалануға беріледі. Онда оқушылардың сабақтан кейінгі уақыттарын тиімді өткізуге барлық жағдай жасалады.

    Салтанатты шара барысында өнерлі түлектер мен оқушылар ән-биден шашу шашты.

    Аймақ басшысы аталған оқу ордасының жағдайымен және жұмысымен танысты.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.