Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 10 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Құлан жолдары» салған жолдардың сапасы қандай?

    «Құлан жолдары» салған жолдардың сапасы қандай?

    Өңір тынысы 22.05.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жолдың жайын жүрген біледі. Елді мекендерді бір-бірімен байланыстырып, қайнаған тынымсыз тіршілікке нәр беріп жатқан күре жолдың қадірін, оның бейнетін жолаушыдан артық білер жан бар ма? «Дамуға бет алған ел бірінші жолын жөндеуі тиіс» деген сөз тегін айтылмаса керек.

    Иә, жол салу үйге «пол» салу емес. Ерте көктемде қамданбағандар, қар жауғанда көше-көшеге асфальт төсеп, қысты күні дірдектеп, жанталасып жүргендерді де талай көргенбіз. Ал біз сөз еткелі отырған «Құлан жолдарының» жұмысшылары биыл уақытпен санаспай жұмыс істеп жатыр екен. Нәтижесінде жоспарды 70 пайызға дейін орындап үлгеріпті.

    Жол құрылысы саласындағы мекемелерде қызметтің барлық сатысынан өтіп, тоқырау дәуірінде басшы ретінде ұжымды ыдыратпай сақтап қалған марқұм Қонысбай Сағымбек құрған «Құлан жолдары» ЖШС-іне биыл 20 жыл толып отыр. Өңірге атымтай жомарттығымен белгілі болған азаматтың игі істерін ел ұмытқан жоқ. Қонысбай марқұм көзі тірісінде Құлан жеріндегі кез келген игі бастамаларға демеушілік көмек көрсетіп, шарапатты  іс- шаралардан сырт қалған емес еді. Өңірде алғашқылардың бірі болып өз қаражаты есебінен Қазақ ауылында  балабақша салып берсе, мектепке дейінгі балалар мекемесінің жетіспеушілігін жекеменшік есебінен қамту бағдарламасына сәйкес, аудан орталығы Құланнанда  100 орынды «Аяна» балабақшасын салып бүлдіршіндердің игілігіне тарту еткен болатын.

    Әкесі салып кеткен сара жолды бүгінде ұлы Руслан Оразхан лайықты жалғауға тырысып жүр. Әкесін мәңгілік мекеніне аттандырған соң, 2019-шы жылы өзі қызмет ететін Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары қызметін өткізіп, «Құлан жолдары» ЖШС директорлығын қолға алады. Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, күрделі, орта және ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге атсалысып, кәсіпорынның іргесін кеңейтіп, материалдық-техникалық базасын нығайтуға күш салуда. Соның арқасында бүгінде 90-нан астам адамды жұмыспен қамтып отыр екен. Жұмысшыларының орташа жалақысы 180 мың теңге көлемінде дейді ол.   

    «Биыл біз Құлан, Қарақыстақ, Қарақат, Қызылшаруа және Көгершін ауылдарында жол салып жатырмыз. Т.Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылында айналма жолды салдық. Ал «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Көгершін ауылының 8 көшесіне асфальт төседік. Бұл көшелер бұрын мүлде асфальт төселмеген, жалпы ұзындығы шамамен 12 шақырым.

    Қазір мекемеге қарасты 56 техникамыз бар. Маусым кезінде 90-нан астам жұмысшы еңбек етеді. Маусымдық жұмыс болғандықтан қазір жұмысшылар 10 сағаттық жұмыс кестесімен жұмыс жасап жатырмыз. Тіпті, сенбі-жексенбіге демалыс алмай, тек мейрам күндері бір күн тынығамыз. Соған сәйкес, айлық жалақылары да жоғары, орташа 180 мың теңгеден алады. Биылғы қарқынымыз жаман емес, алдыңғы жылдары мұндай өнімділікке шілде айының соңында қол жеткізетінбіз.

    Жол құрылысына қажетті құрылыс материалдарының дені өзіміздің кәсіпорындардан шығатындықтан тапшылық жоқ. Көршілес Меркі, Шу аудандарына да сатуға шығарамыз. Тек битум жетіспеушілігі туындай ма деген қауіп болған. Бірақ, ол мәселе де оңынан шешілді.  

    Биыл техникамызды жаңарту мақсатында 5 жол құрылысы техникасын сатып алу жоспарымызда бар. Бұл ретте құны 26 миллион теңге тұратын екі жол құрылысы техникасын 52 миллион теңгеге, 2 жылға бөліп төлеумен келісім-шарт жасап, алып жатырмыз. Енді 2-3 кубтық экскаватор, 2-3 жүк көлігін алсақ деп отырмыз. Яғни, биыл кәсіпорнымыздағы техниканы 70 пайыздың үстінде жаңартуды жоспарлап отырмыз» дейді Руслан Қонысбайұлы.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.