Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Дүйсенбі, 9 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылдық вундеркинд бүлдіршіндер

    Жамбылдық вундеркинд бүлдіршіндер

    Өңір тынысы 02.06.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ерекше қабілеті бар бала­лар­ды әдетте құрсақта жатып біліп туған деп жатады. Соңғы кездері ғаламдар да айрықша дарынмен дүниеге келген балаларға «бола­шақтың кереметі» ретінде назар аудара бастады. Дәрігерлердің өзі өзгеше қа­сиет­ке ие бала­лар­дың гинетикалық құрылымының құпиясын ашу жолында ізденіп жатыр. Ғалымдар «Индиго бала­лары» деп атайтын вундер­кинд­тер Жамбыл жерінде де бар.

    Күнтізбе бала – Заңғар

    Талас ауданы Ақкөл ауылында «күнтізбе бала» атанып кеткен Заңғар Қалиұлын ақкөлдіктер жақсы біледі. Ол бес жыл­дық күнтізбені жатқа айтады. Яғни, бала Заңғар бұған дейін 2011-2015 жылдарға арналған күнтізбенің қай күні қай аптаға түсетінін матема­ти­ка­лық дәлдікпен айта алса, бү­гінде 2019-2022 жылдарға арналған күн­тізбеден жаңылмайды. Баланың мұндай қабілеті 5 жасында оянған. Әкпесі Меруерт­тің 2015 жылға дейінгі күнтізбесі бар күнделігін арқалап жүрген Заңғар небәрі бірер күннің ішінде күнтізбені толықтай жат­тап алған. Баланың мұндай қасиетін көрген жақындары бастапқыда сенбеген де екен. Алайда Заңғар келесі күні газет бе­тіндегі бір апталық телебағдар­ла­маны жат­қа айтып тұрғанда туыстарының таң­да­нысында шек болмаған.

    Заңғар соңғы екі жыл ішінде қандай оқиға болғанын, ауа райының өзгерісін де жатқа айта алады. Ол өз сыныптастарының туған күндерін келер жылы аптаның қай күніне түсетінін де дәлдікпен айтып таңғал­дырып жүр.

    Еркежан

    Фотожадты қыз – Еркежан

    Қаратау қаласының тумасы Ер­кежан Қайнарбек те ерекше қа­сиетке ие. Төрт жас­тағы бүл­дір­шіннің есте сақтау қабілетіне таңданбасқа шараң жоқ. Ерке­жанның бұл қабі­леті екі жасында байқала бастаған екен. Өзге балалар енді ғана ең­бектеп жүргенде Еркежанды анасы Ақнұр Қожах­метова би үйірмесіне жазыпты. Ақнұр қызының теледидардағы билеп жатқан би­шілердің биін мезетінде дәлдікпен қайталап жатқа­нын көріп, қызын би үйірмесіне берген.

    Қазір Еркежан «Дарын» өнер мектебінде тәлім алады. Мұнда ол әлемнің әйгілі музыкалық шығармаларды пианинода ойнап та талайды таңғалдырып жүр.

    Айрықша есте сақтау қабілетіне ие бүл­діршін бір көрген пейзаждарын жаттап қа­лып, қағаз бетіне сол қалпы түсіре алады. Анасы Ақнұр қызының осындай ерекше қасиетін ескере отырып, болашақта меди­цина саласына бағыттағысы келеді. «Қы­зым­ның фотожады адам өмірімен тікелей байланысты салаға орасан пайдасын ти­гі­зеді деп ойлаймын», – дейді Еркежанның анасы.

    Батырхан

    Екі жасында шетел тілін меңгерген – Батырхан

    Мойынқұмда Батырхан Бекзатұлын ауыл-аймақ екі жасында ағылшын тілін меңгерген бала ретінде таниды. Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауы­лының тұрғыны Гүлнұр Қаза­қ­бае­ваның айтуынша, баланың бойын­дағы бұл айрықша қабілет екі жа­сында оянған екен.

    – Бастапқыда баламның бойынан еш­қандай ерекшелікті байқамадым. Алайда бір жасқа жетер-жетпес шағында тілі был­дырлап шыға бастады. Содан таныста­рым­ның кеңесімен I Bala атты мектепке дейінгі тәрбие беретін орталығына апардым. Ол араға бірер ай салып, ағылшынша сайрап шыға келді. Қазір логопедтердің кеңесі бойынша баламды ағылшын тілі курсына беріп жатырмын, – дейді Гүлнұр.

    Анасы Батырханның өз жұмысына кел­ген шетелдіктермен еркін сөйлесіп, тү­сі­нісіп отыратынын айтады. Тіпті, бір аме­рикалық компания Батырханды шетелдегі арнайы мектепте оқытуға да ұсыныс жа­саған екен. Жалпы, Қазақбаевтар әулетінде тағы бір дарын иесі бар. Гүлнұрдың інісі

    Арман бес жасында «Абай жолы» ро­ман-эпопеясын оқып, әріп таныған. Ал жеті жасқа толғанда романды толықтай жат­тап алып, ғұлама Абайдың 100 өлеңін жатқа айтатын болған. Арманның анасы Рада Қазақбаева баласының талантын бай­қап, жастайынан Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған мектепке оқуға беріпті. Қазір жас вундеркинд сонда тәлім алып жүр. Ол мате­матикадан респуб­ликалық пән олимпиадаларының шыңын бағындырып, ән байқауларында да үздіктер қатарынан көрінген.

    Оқылып жатыр

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.