Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 10 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылда кейінгі бес айда 64 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелген

    Жамбылда кейінгі бес айда 64 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелген

    Өңір тынысы 02.06.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

    Жиында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Жамбыл облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Ғани Тубаев, превенция басқармасы басшысының орынбасары Ербол Бақтыхожаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жедел-тергеу бағыттарында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.  Ал, «Jambyl — Adaldyq аlany» жобалық кеңсесінің басшысы Назима Жұбандықова тұрмыстық жемқорлықпен күрес, азаматтарға қолайлы жағдай жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде шараларға тоқталды.

    Ағымдағы жылдың бес айында 64 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелген.

    Сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындау себептері мен шарттарын анықтау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және кешенді сыртқы талдаулар жүргізіліп отырады. Талдау қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою туралы 51 нұсқама берілген.

    «Сатып алудың бірыңғай терезесі» арқылы мемлекеттік сатып алуға күнделікті мониторинг жүргізілуде. Оның нәтижесіне сәйкес Мемлекеттік сатып алу жоспарлары қайта қаралып, 252,6 млн.теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделген.

    Аймақ басшысы сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептерін жан-жақты талдап, нақты іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуді,  алдын-алу жұмыстарын күшейтуді, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметшілер үшін жүйелі түрде дәрістер мен семинарлар өткізуді, тиісті департамент пен облыстық басқармалар арасындағы өзара байланысты арттыру шараларын қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, «Jambyl – Adaldyq аlany» жобалық кеңсесінің  бұрынғы форматын қайта қарастыруды жүктеді.

    – Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастырып, онымен жұмыла күресу керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды мектеп қабырғасынан бастау керекпіз. Ең алдымен, өскелең ұрпақтың санасына сыбайлас жемқорлыққа деген жеккөрушілік ұстанымын сіңіру маңызды, – деді облыс әкімі.

    Басқосу барысында Нұржан Нұржігітов сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша атқарылған жұмыстар туралы бірқатар басқарма басшыларының есептерін тыңдады.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.