Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 10 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында МӘМС жарнасы мен аударымынан 38 миллиард теңге түскен

    Жамбыл облысында МӘМС жарнасы мен аударымынан 38 миллиард теңге түскен

    Өңір тынысы 14.06.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету – басты талап. Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов кезекті жиында жауапты тұлғалар мен сала басшыларына адам өмірімен байланысты  осы міндеттің маңыздылығын тағы бір ескертті.

    Басқосуда алдымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен тұрғындарды қамту шараларына арналған жол картасының орындалу барысы қаралды.

    Бүгінгі таңда облыс бойынша жарналар мен аударымдардың жалпы түсімі 37 млрд. 969 млн. теңгеден асқан. Оның ішінде ағымдағы жылдың бес айында 8 млрд. 656 млн. теңге түскен. Бұл туралы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ләззат Әлімова баяндады. Ол осы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша сақтандырылған тұрғындар саны 911 771-ді құрағанын (79,4%) жеткізді. Сақтандырылмаған халық саны – 237 091 (20,6%). Шегерімдер мен төлемдердің ретсіздігіне байланысты жүйеден 22 732 адам (9,5%) қалып қойған.

    Облыс әкімі сақтандырылмаған тұрғындар саны мен жүйеден шығарылғандардың мәселесіне айрықша назар аударып, оған жауапты мамандардың жұмысын күшейтуді тапсырды.

    — Жол картасына сәйкес аудан, қала деңгейіндегі әкімдіктерден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған тұрғындардың тізімімен жұмыс істейтін арнайы жұмыс тобы құрылып, сақтандырылмаған азаматтарды өзектендіруге қатысты алгоритм әзірленген. Сол алгоритм бойынша жұмыс ойдағыдай орындалып отыр дей алмаймыз. Бекітілген мамандар өз жауапкершілігін сезінуі тиіс. Бұл мәселені алты айдың қорытындысымен тағы да қараймыз, — деді Нұржан Нұржігітов.

    Сондай-ақ, жиында өңірдегі жедел жәрдем қызметінің жұмысына қатысты мәселелер де қаралды.

    Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Венера Балқыбекова станцияның құрамында бір орталық станция, 3 қалалық қосалқы станция, 11 аудандық жедел жәрдем бригадасының бөлімшелері және телемедицина қызметімен медициналық авиация бөлімі жұмыс істейтінін атап өтті.

    Өңірдегі 281 ауыл жедел медициналық жәрдем бригадасымен қамтамасыз етілген десек, 91 ауыл жедел жәрдем бригадасымен қамтылмаған. Дегенмен ол ауылдық жерлерде медициналық санитариялық алғашқы көмек медициналық пункт, фельдшер-акушерлік пункт, дәрігерлік амбулатория, ауылдық емханалармен көрсетіледі.

    — Облыс бойынша барлық шақыртулар 103 Call-орталығына келіп түседі және сол жерде жедел медициналық жәрдем бригадаларына автоматты түрде  компьютер арқылы беріледі. 103 Call-орталық Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы орталық базасының бірінші қабатында орналасқан және «Көмек» автоматты басқару жүйесі бағдарламасымен жабдықталған. Аталған бағдарламада санитарлық автокөліктерді GPS-навигация жүйесі арқылы спутниктік мониторинг жасау жүйесімен біріктірілген.  Шақыртулар бойынша ақпарат сақталады. Сонымен қатар, «Көмек» АБЖ ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығымен, Жамбыл облысының көпбейінді стационарлары және бірқатар емханаларымен интеграцияланған,-деді В. Балқыбекова.

    Биыл жедел медициналық  жәрдем станциясының автопаркі 65 бірлік автокөлікке жаңарып, санитарлық автокөліктің тозуы 33,7 пайыздан  22,7 пайызға дейін төмендеген. Шақырулар саны бес айда 3801 – ге артып, 207502-ге жеткен.

    Облыс әкімі халыққа сапалы жедел медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ете түсу керектігін баса айтып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

    Денсаулық сақтау басқармасының және бірқатар емханалардың басшыларынан, аудан әкімдерінен жауаптар алды.

    Басқосуда жедел медициналық жәрдем станциясының материалдық-техникалық жабдықталуының жеткіліксіздігі, орталық станциясының жаңа ғимаратын салу, жедел жәрдем көлігінің шақыртуларға уақытылы жетудегі кедергілер (көше аттары мен үй нөмірлерінің болмауы, қаладағы шағын аудандар арасындағы ретсіз жол бөгеттерінің орнатылуы) секілді мәселелер де сараланды.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.