Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 10 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылда өткен форумда не айтылды?

    Жамбылда өткен форумда не айтылды?

    Өңір тынысы 16.06.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге патриоттық тәрбие беру қай кезде де өзекті. «Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен дамыту: міндеттері мен болашағы» тақырыбымен ұйымдастырылған облыстық жастар форумында аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов осылай деді.

     «Жастар сарайында» ұйымдастырылған ауқымды шараға жергілікті атқарушы, құзырлы және құқық қорғау орган басшылары, зиялы қауым, ардагерлер, әскерилер және жастар, еріктілер, педагогтар қатысты.

    Форум басталмас бұрын қонақтар «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әзірлеген қару-жарақтар және әскери киім-бұйымдардың көрмесімен танысты. Сарбаздардың қаруды шашы-жинау бойынша дайындық барысы да көрсетілді. Экран арқылы «Жас сарбаз» жастар мен жасөспірімдер қозғалысының атқарған жұмыстары туралы баяндалды.

    Бұдан соң залға жиналғандар назарына ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай арнайы әзірленген видеоролик ұсынылды.

    Аймақ басшысы өз сөзінде еліміздің ертеңі нұрлы, болашағы жарқын болуы үшін бүгінгі буын – жас ұрпақтың білімді, тәрбиелі әрі жаңашыл тұлға ретінде қалыптасуы маңызды екенін атап өтті.

    — Мемлекет тарапынан патриотизмді дамыту бағытында келелі шаралар атқарылып, ауқымды бағдарламалар жүзеге асуда.

    Жалпы қазіргі таңда өңіріміздегі жастар саны 258 мың адамды құрайды.

    Әскери-патриоттық тәрбие бағытындағы жұмыстар күн тәртібінен түспеуі тиіс. Бұл тұрғыда барлық жауапты орындардың бірлескен, күшейтілген жұмысқа негізделген жүйелі жоспарының болуы маңызды.

    Біз жас ұрпақтың бойына отаншыл патриотизмді, мемлекетшілдік сананы қалыптастыруға жаппай атсалысуымыз керек.

    Әл-Фараби бабамыз «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» дейді. Ұлтым, елім деген, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу адамды қалыптастырудың жалғыз жолы – сапалы білім мен саналы тәрбие. Осы орайда, жастар арасындағы құқық бұзушылықтарды азайту, олардың салдарымен емес, себебімен күресу – басты талап,-деді Нұржан Нұржігітов.

    Облыс әкімі бала тәрбиесінде ең алдымен ата-ананың, отбасының рөлі жоғары екенін баса айтып, осы бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттігіне назар аудартты.

    Сондай-ақ, мемлекет тарапынан балалардың, жастардың  бос уақытын тиімді өткізу, өз-өздерін жан-жақты дамытуға барлық жағдай жасалып жатқанын жеткізіп, олар «Елім маған не берді деп емес, мен еліме не беремін» деген ұстаныммен, алға ұмтылуы, өз елінің патриоты болуы тиістігін атап өтті.

    Облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров жамбылдық жастардың түрлі саладағы жетістіктерін тілге тиек етіп, құқықтық мәдениет пен сауаттылықты арттырып, бұзушылықтардың алдын-алу бағытында қолға алынып жатқан шараларға тоқталды.

    Қазіргі таңда облыс прокуратурасының ұсынысымен
    2022 — 2025 жылдарға арналған жастар мен кәмелетке толмағандарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, құқықтық мәдениетін көтеру, рухани-ізгілік және патриоттық құндылықтарға баулу, жұмыссыздық деңгейін төмендету, отбасы-тұрмыстық саладағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірлескен кешенді жоспар әзірленуде.

    Сондай-ақ, басқосу барысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Мереке Кучекбаев, Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Ғалымжан Тасжанов, «Тараз қалалық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дүкенбай Ермеков, «Оңтүстік» өңірлік әскердің жас сарбазы Абай Әбішев те өз ойларын ортаға салып, маңызды ұсыныстарын білдірді. Олар қазақстандық патриотизмді дамыта отырып, жастарды елжанды, саналы, білімді азамат болып қалыптасуға шақырды.

    Жиында жастар арасындағы қылмыс және жұмыссыздық деңгейін төмендету, «Қаңтар оқиғасының» қатысушыларының басым бөлігі жастардан құралуы, әскерге бару секілді мәселелер сараланды.

    Нұржан Нұржігітов айтылған барлық ұсыныстар ескерілетінін жеткізді.

    Жиналғандарға Гвардейск гарнизоны сарбаздарының әскердегі қызмет барысы туралы бейнеролик көрсетілді.

    Форум жұмысы түрлі секциялар бөлінісінде жалғасты.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.