Close Menu
    Оқылып жатыр

    Білім мен болашақты тоғыстырған оқу ордасы

    25.05.2026

    Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    25.05.2026

    «Ауырмаңыз, Нұрсұлтан аға»: Асанованың жазбасы жұртты елең еткізді

    25.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 26 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

      25.05.2026

      «Ауырмаңыз, Нұрсұлтан аға»: Асанованың жазбасы жұртты елең еткізді

      25.05.2026

      Шахмурат Мүтәліп енді ERG-ге ауыз салды

      25.05.2026

      Әлемде мұнай бағасы арзандауда

      25.05.2026

      Алматыда із-түссіз жоғалған жігіт өлі табылды

      25.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда тосын ұрлық: айыптұрақтағы екі автобус жоғалып кетті

    Таразда тосын ұрлық: айыптұрақтағы екі автобус жоғалып кетті

    Өңір тынысы 01.07.2022
    Car thief in car theft is at the car door
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тұрғын Дулат Әлиев Жамбыл облысында айыптұраққа қойылған автокөліктердің жұмбақ жағдайда жоғалуының жиілеп бара жатқанын айтады. Екі жылдан бері жолаушылар автобусын таппай жүр. Айтуынша, прокуратура мен полиция күдікті белгілі болса да, іске көз жұма қарап отыр. Сол себепті мемлекеттік автотұрақтан көлік ұрлау әлдекімдердің бизнесі ме деп күдіктенеді, деп хабарлайды 31 арнаның «Информбюро» бағдарламасы. 

    «Мен көлікті досымның не туысымның үйіне қойған жоқпын. Мемлекеттік айыптұрақ – арнайы алаңға қойдым», – деді Дулат Әлиев. 

    Тараз тұрғыны Дулат Әлиев екі жыл бұрын банктен несие алған досына кепіл болған. Алайда досының банкке берешегі кешіккен соң, жолаушы таситын екі автобусын полицейлер тоқтатқан. Кейін жолаушыларды түсіріп, айыптұраққа өзі әкеліп қойған. Үш ай ішінде несиені төлеп, кейін автотұрақтан көлігін таппай қалады. Екі көлігі 5 мың долларға бағаланып отыр. 


    «Екінші жыл болды. Генерал Баймұрзин мен департамент басшысына екі рет кіріп-шықтым. Ешқандай өзгеріс жоқ. Маған ұрлаған адамдар керек емес. Әкімшілік құнын өндіріп берсін деп талап етемін», – деді жәбірленуші Дулат Әлиев. 

    Тұрғын сұрастыра келе көлігін кім алғанын анықтағанын айтты. 

    «Күдікті бар. Алып кеткен адам белгілі. Күзетшілер алып кеткен адамды сипаттап отыр. Ол қайда өткізді? Оның бәрі белгілі. Темір қабылдайтын жерге барып өткізіп жіберген ғой», – деді жәбірленуші. 

    Мұнымен қатар, ол істің бірнеше мәрте қысқартылғанын айтады. Кейін жабылған істі аштырған. Бүгінде істе 29 адамның есімі аталып отыр. Полиция департаменті айыптұрақты күзету әкімдік міндетіне кіретінін айтты.  

    «Айып тұрағына қойылған көлікті заңсыз айдап алып кеткен. Бұл дерек бойынша қазір күдікті анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Қылмыстың азаюына қарамастан, тұрғындар сақтық шарасын есінен шығармауы керек», – деді Жамбыл облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы Қанат Қожамқұлов. 

    Екі автобусынан айырылған Дулат Әлиев қазақстандықтарға қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайтын айыптұраққа көлігін қоймауға кеңес береді. 

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Білім мен болашақты тоғыстырған оқу ордасы

    25.05.2026

    Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    25.05.2026

    «Ауырмаңыз, Нұрсұлтан аға»: Асанованың жазбасы жұртты елең еткізді

    25.05.2026

    Шахмурат Мүтәліп енді ERG-ге ауыз салды

    25.05.2026

    Әлемде мұнай бағасы арзандауда

    25.05.2026

    Алматыда із-түссіз жоғалған жігіт өлі табылды

    25.05.2026

    Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінде «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық сайысы өтті

    21.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.