Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 4 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

      03.04.2026

      Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

      03.04.2026

      Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

      03.04.2026

      Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

      03.04.2026

      Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

      03.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Өңір басшысы бизнесті қорғау жөніндегі сараптамалық кеңестің отырысына қатысты

    Өңір басшысы бизнесті қорғау жөніндегі сараптамалық кеңестің отырысына қатысты

    Өңір тынысы 08.07.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов облыс прокуратурасы жанындағы бизнесті қорғау жөніндегі сараптамалық кеңестің отырысына қатысты.

    Жиын барысында Нұржан Молдиярұлы шағын және орта бизнес үшін қарсы міндеттемелерді енгізу, олардың жауапкершілігін күшейту мәселелеріне жеке тоқталды.

    — Бизнес қауымдастық қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты сақтауда маңызды рөл атқарады. Мәселен, азық-түлік бағасын реттеу мәселесін алайық. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату кезінде сауда үстемесін 15 пайызға дейін шектеу жөніндегі нормалар бекітілді. Бірақ, барлық бизнес субъектілері бұл талапты сақтамайды. Әсіресе, көп қабатты үйлердің аулаларындағы дүкендердің иесі ойына келген бағаны қояды. Мұндай болмауы тиіс. Бұл мәселеде отандық бизнестің ортақ ұстанымы маңызды. Ал адал кәсіпкерлер әрқашан мемлекеттің қолдауына ие болады, — деді Н.Нұржігітов.

    Ағымдағы жылдың 1 мамырындағы деректерге сәйкес, облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны — 76 208. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,5 пайызға артық. Ал 124 мыңға жуық адам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс істейді. Атап өтерлігі, биылғы жылы «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында 13,5 млрд теңге қарастырылған.

    Жалпы, үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында өңірлік кәсіпкерлер палатасына 140 өтініш келіп түскен. Оның ішінде қорғау желісі бойынша — 37 өтініш болса, бүгінгі таңда оның 11-і оң шешімін тапқан. Сондай-ақ 15 өтініш берушіге жазбаша түсініктеме берілсе, 10 мәселе қаралу үстінде.

    Отырыс барысында облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау прокуратура органдары қадағалау қызметінің негізгі басым бағыттарының бірі екендігін атап өтті.

    — Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында отандық бизнес өкілдерімен өткен кездесуінде прокуратура органдарының алдына бірқатар міндеттер қойды. Соның ішінде осы саладағы бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және кінәлі тұлғалардың іс-әрекеттеріне қағидатты баға беру. Сонымен қатар, олардың қызметіне заңсыз араласу фактілері бойынша шұғыл шаралар қабылдау, — деді Н.Әбдіров.

    Айта кетейік, жыл басынан бері облыстық прокуратура тарапынан кәсіпкерлік саласына байланысты 30 ұсыныс, 23 наразылық енгізілген. Бұдан бөлек, ҚР ҚК-нің 365 бабына сай (заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі келтіру) 1 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылған. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзған 3 лауазымды тұлға ҚР ӘҚБтК 17 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Есепті кезеңде 30 тұлға тәртіптік, 1 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 1 адам 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Жалпы, шағын және орта бизнес субьектілеріне қатысты 251 заңсыз тексеру тіркеліп, прокуратура органдары 8000-ға жуық кәсіпкердің құқығын қорғаған.

    Басқосуда сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік сатып алулар, субсидияларды бөлу, жарнама орналастыру және салық заңнамасы, балалар спорты мен шығармашылығын дамыту үшін мемлекеттік тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды енгізу кезіндегі бұзушылықтарда назарға алынды. Ашық диалог форматында өткен отырыс барысында кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарына тұшымды жауап алып, туындаған мәселерді шешу бойынша ұсынымдар әзірленді. Енді барлық аудандарда субсидияларды бөлу тетіктерін реттеу үшін мобильді топтар жұмыс істейтін болады.

    Жиын соңында Нұржан Молдиярұлы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ортақ күш-жігерінің арқасында бизнесті құқықтық қорғау жүйесі құрылғанына тоқталып, заңсыз әрекеттердің барлық фактілері анықталған жағдайда кінәлі тұлғалар заң алдында жауапқа тартылатынын қадап айтты.

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026

    Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

    03.04.2026

    Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

    03.04.2026

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026

    15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

    02.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.