Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 15 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

      14.07.2026

      Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

      14.07.2026

      Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

      14.07.2026

      ҚТЖ тағы да сынның астында

      14.07.2026

      Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

      14.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облыстық ҚХА-ның XXV сессиясында облыс әкімі не айтты?

    Жамбыл облыстық ҚХА-ның XXV сессиясында облыс әкімі не айтты?

    Өңір тынысы 13.07.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Саяси реформа жағдайында Қазақстан Халқы Ассамблеясының жұмысын жетілдірудің негізгі бағыттары» тақырыбында өткен Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясының пленарлық отырысына қатысты.

    Аймақ басшысы өз сөзінде сессияның міндеті – ҚХА-ны одан әрі дамыту бағыттарын белгілеу екенін атап өтті.

    — Еліміз үшін тұрақтылық пен этносаралық келісімді қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа нақты жағдайда Қазақстан халқы Ассамблеясының бейбітшілік пен келісім саясатымыздың берік институционалдық тірегі болып қала беретінін атап өтті. Ел Президенті ҚХА қызметінің үш негізгі басымдығын айқындап берген болатын. Олар: Ассамблеяның саяси реформаларды іске асырудағы рөлін арттыру, қоғамдық әлеуетін жандандыру, құқық қорғау қызметін күшейту және ақпараттық жұмысты күшейту. Біздің облыста да осы бағыттар бойынша кешенді жұмыстар жүргізілетін болады, — деді Нұржан Нұржігітов.

    Аймақ басшысы шағын және орта бизнестегі, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларын дамытуға үлес қосып жүрген жамбылдықтардың, түрлі этнос өкілдерінің жетістіктерін жүйелі негізде кеңінен жариялау қажет деп есептейді. Өңірлік ҚХА мүшелерін интернет-кеңістіктегі жұмыстарды жандандыруға, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды.

    Сондай-ақ, облыс әкімі азаматтарды қабылдау, оларға құқықтық көмек көрсету, «Батырлар біздің арамызда» жобасын іске асыру, этностар күндерін өткізу, медиация институтын дамыту және дәріптеу бойынша міндеттер жүктеді. Айта кету керек, биыл облыста ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп медиаторларды дайындау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылды.

    – Бірлік, тұрақтылық – Жаңа Қазақстанды құрудағы табысқа жетудің маңызды шарттары. Біз бұған бірлесіп қана қол жеткіземіз. Жалпыұлттық референдумда Конституциялық түзетулер мен толықтыруларды халықтың басым бөлігі қолдап, дауыс берді. Енді баршамыз күш біріктіре отырып, осы қабылданған өзгерістерді жүзеге асыруға тиіспіз, – деп түйіндеді Нұржан Нұржігітов.

    Сессия барысында аймақ басшысы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға елеулі үлес қосып жүрген бірқатар этномәдени бірлестіктердің өкілдерін марапаттады. Қазақстан Республикасы ҚХА мүшесі, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты, меценат Жалил Аббосов өңірлік ҚХА төрағасының Қоғамдық орынбасары болып сайланды. Қатысушылар секциялық талқылаулар кезінде әзірленген ҚХА қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды бірауыздан мақұлдады.

    Бүгінде облыста 75 этно-мәдени бірлестік,172 облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі бар.

    Жыл басынан бері этносаралық қатынасты нығайту мақсатында 800-ден астам іс-шара ұйымдастырылған.

    Оқылып жатыр

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026

    Қауіпті қарбыз: министрлік ескерту жасады

    14.07.2026

    Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

    14.07.2026

    ҚТЖ тағы да сынның астында

    14.07.2026

    Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

    14.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.