Close Menu
    Оқылып жатыр

    Білім мен болашақты тоғыстырған оқу ордасы

    25.05.2026

    Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    25.05.2026

    «Ауырмаңыз, Нұрсұлтан аға»: Асанованың жазбасы жұртты елең еткізді

    25.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 26 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

      25.05.2026

      «Ауырмаңыз, Нұрсұлтан аға»: Асанованың жазбасы жұртты елең еткізді

      25.05.2026

      Шахмурат Мүтәліп енді ERG-ге ауыз салды

      25.05.2026

      Әлемде мұнай бағасы арзандауда

      25.05.2026

      Алматыда із-түссіз жоғалған жігіт өлі табылды

      25.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында ШОБ субъектілері 85 мыңға дейін артады

    Жамбыл облысында ШОБ субъектілері 85 мыңға дейін артады

    Өңір тынысы 20.07.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ағымдағы жылдың 6 айында жамбылдық кәсіпкерлік субъектілеріне 10,5 млрд. теңге шағын несие берілді. Екі мыңнан астам азаматқа 3,3 млрд. теңге грант бөлінді.

    БАҚ өкілдерімен кездесуде осылай деген облыс әкімі Нұржан Нұржігітов кәсіпкерлерге жағдай жасау, мүмкіншіліктер ұсыну, мәселелерін шешу – басты талап екендігін  атап өтті.

    — Саладағы жұмыстарды жетілдіру, инвесторлармен тығыз қарым-қатынас орнату әрі тиімділігін арттыру мақсатында 4 арнайы алаң жұмысын іске қостық.

    Біріншіден, апта сайын өтетін инвестициялық штаб жұмысын бастады. Штаб жұмысына  әрбір кәсіпкер қатысып, өз жобасын таныстыра алады. Екінші кезекте, прокуратура жанынан құрылған сараптамалық кеңестің жұмысын жалғастырамыз. Ондағы мақсат, әрбір кәсіпкердің құқықтары мен мүддесін қорғау. Үшінші, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңес пен төртінші, палата жанындағы іскер әйелдер кеңестері де кәсіпкерлерге қолдау көрсету алаңына айналатын болады,-деді Нұржан Нұржігітов.

    Өнеркәсіпті дамыту бағытында «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын дамыту ісіне де мән берілуде. Ондағы жобалар тек химиялық жобалармен шектелмейді.

    Бүгінгі таңда аталған аумақта 3 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ден қойылуда. Олар: «Qazsugar Co» ЖШС – жылына 150 мың тонна қант өндіретін зауыт құрылысы, «AltynalmasReagents» ЖШС – жылына 25 мың тоннаға дейін натрий цианиді өндірісі, «TAS Market» ЖШС – жылдық қуаттылығы 60 мыңнан 100 мың тоннаға дейін ферросилиций, ферросиликомарганец, техникалық кремний, түсті металл өндіретін металлургиялық комбинат құрылысы.

    — Жалпы, облыстың даму жоспарында айқындалғандай, өнеркәсіп саласында жалпы құны 2,1 трлн. теңгені құрайтын 443 жобаны іске қосып, 10,1 мың жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде.

    Агроөнеркәсіп кешенін кластерлік тәсілмен дамыту көзделсе, өнеркәсіп саласы әріптестік бағдарлама негізінде іске асырылатын болады. Әріптестік бағдарламаны өңірдегі ірі инвестициялық жобаларда да қолдануды жоспарлап отырмыз,-деді аймақ басшысы өз сөзінде.

    Осы жұмыстар жүзеге асқан жағдайда облыста еңбек өнімділігі 8,5 пайызға, өнеркәсіп өнімінің көлемі 275 млрд. теңгеге артып, экспорт көлемі 95,9 млрд. теңгені құрайтын болады.

    Сондай-ақ, өңірде жұмыс істеп тұрған 77,2 мың шағын және орта бизнес субъектілерін 85 мыңға дейін жеткізіп, ондағы жұмыспен қамтылғандардың санын арттыра отырып, өндірілген өнім көлемі 7%-ға ұлғаяды деп жоспарлануда.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Білім мен болашақты тоғыстырған оқу ордасы

    25.05.2026

    Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    25.05.2026

    «Ауырмаңыз, Нұрсұлтан аға»: Асанованың жазбасы жұртты елең еткізді

    25.05.2026

    Шахмурат Мүтәліп енді ERG-ге ауыз салды

    25.05.2026

    Әлемде мұнай бағасы арзандауда

    25.05.2026

    Алматыда із-түссіз жоғалған жігіт өлі табылды

    25.05.2026

    Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінде «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық сайысы өтті

    21.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.