Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 15 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

      14.07.2026

      Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

      14.07.2026

      Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

      14.07.2026

      ҚТЖ тағы да сынның астында

      14.07.2026

      Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

      14.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында жыл басынан бері 286 есірткі қылмысы анықталды

    Жамбыл облысында жыл басынан бері 286 есірткі қылмысы анықталды

    Өңір тынысы 20.07.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының Полиция департаменті бірінші жартыжылдықты қорытындылады.

    Полиция департаментінде осы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы бойынша кеңес өтті. Бұл туралы Жамбыл облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин хабарлады.

    Жиын барысында жеке құрамға ҚР ІІМ-нің Алқа отырысында Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Марат Ахметжановтың алға қойған міндеттері жеткізілді.

    Жалпы, облыстағы жедел жағдай тұрақты. Ағымдағы жылдың 6 айында тіркелген құқық бұзушылықтар мен қылмыстар саны 1,1%-ға азайды.

    Есеп беру кезеңінде кісі өлтіру, зорлау, тонау, қарақшылық шабуыл, ұрлық және мал ұрлығы азайды. Патрульдік полиция бөліністерімен iзiн суытпай 361 қылмыс ашылды.

    Жыл басынан бері 286 есірткі қылмысы анықталды. Заңсыз айналымнан бір тоннадан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. 

    Ұзақ анықтамалар мен құрғақ статистиканың орнына Арманбек Баймурзин баяндамашыларға қолда бар деректерді объективті түрде талдап, мәселелерді және оларды шешудің оңтайлы жолдарын анықтауды тапсырды.

    Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі болды.

    6 айдың қорытындысы бойынша ЖКО санының 40,9%-ға өсуі байқалды. Жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігінің негізгі себебі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін саналы түрде бұзуы болып табылады.

    Осыған байланысты патрульдік экипаждардың орналасуы толықтай қайта қаралды және күштер мен құралдарды қайта бөлу есебінен олардың тығыздығы артты. Қала маңындағы патрульдік бағыттардың ұзақтығы екі есе қысқарды, бұл өз кезегінде жол қозғалысын бақылауды жақсартады.

    Кеңес барысында сондай-ақ цифрлық технологияларды енгізу, атап айтқанда, бейнебақылау жүйесін кеңейту, жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркеудің аппараттық-бағдарламалық кешендерін пайдалану жөніндегі шаралар талқыланды.

    Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында автожолдарда 10 «Арқан» мобильді аппараттық-бағдарламалық кешені, 12 «Автоураган» кешені орнатылды.

    Кеңес қорытындысы бойынша ПД бастығы кейбір басқармалар мен аудандық полиция бөлімдерінің басшыларына жіберілген кемшіліктер үшін ескерту жасады. Барлық кемшіліктерді қысқа мерзімде жою тапсырылды.

    Қорытындылай келе, полиция генерал-майоры ішкі істер органдарының алдына қойылған басым міндеттердің бірі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ведомство жұмысының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге баса назар аударды.

    — Полиция департаментіне келіп түскен азаматтардың бірде-бір өтініші қараусыз және тиісті жауапсыз қалмауы керек. Егер адамдар өздерін толғандырған маңызды сұрақтарға жауап таба алмаса, олар құқық қорғау органдарына деген сенімін жоғалтады, — деп атап өтті ол.

    Жамбыл облысының Полиция департаментімен бірінші жартыжылдықта 2 мыңнан астам өтініш қаралып, оның ішінде 575-і азаматтарды жеке қабылдауда тыңдалып, заңды шешімдерiн тапқан болатын.

    Оқылып жатыр

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026

    Қауіпті қарбыз: министрлік ескерту жасады

    14.07.2026

    Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

    14.07.2026

    ҚТЖ тағы да сынның астында

    14.07.2026

    Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

    14.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.