Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 15 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

      14.07.2026

      Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

      14.07.2026

      Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

      14.07.2026

      ҚТЖ тағы да сынның астында

      14.07.2026

      Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

      14.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіру жұмыстары талқыланды

    Су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіру жұмыстары талқыланды

    Өңір тынысы 05.08.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңес отырысында халықаралық даму банктері арқылы құрылысы жүргізіліп жатқан каналдардың жайы қаралды. Жиынға ҚР Экология, геология жне табиғи ресурстар министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы Нұржан Алдамжаров, «Қазсушар» РМК бас директоры Алтай Елжасов қатысты.

    Аймақ басшысы ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы (ИДЖЖ-2) аясында өңірде біршама жұмыстардың қолға алынғандығын айтып, жауаптылардан сол шаралардың барысы туралы сұрады.

    «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының директоры Қазыбек Бедебаев су шаруашылығы жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады.

    — Қазір алқапқа су беру бағытындағы жұмыстар жоспарлы жүзеге асуда. Халықаралық даму банктері арқылы қазіргі кезде 6 мердігер жұмыс істеуде. Аудандардағы каналдар, ұңғымалар мен лотоктар, арналар жөнделуде. Бүгінде 2 су қоймасын күрделі жөндеу бойынша бюджетке өтінім берілді. «ПУИД-2» бағдарламасы бойынша үш ауданда жұмыс жүргізіліп жатыр. Шу ауданында сапалы жұмыс атқарылуда. Қордайдағы шаруалар да аяқталды. «Ынталы» су қоймасын жаңарту жұмыстары қолға алынды. Аудандарда ұңғыма қазу жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаруалар су тапшылығы мәселесін шешуге септігін тигізуде, – деді Қ.Бедебаев.

       Облыс әкімі ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасының үшінші кезеңіне жалпы өңірдегі 305 каналдың 183-і жобаға енуі аса маңызды екенін атап өтті. Оның нәтижесінде облыстың 5 ауданында жалпы ұзындығы 1 240 километрді құрайтын суару жүйелері қалпына келтіріледі. 31,3 мың гектар суармалы жерлердің сумен қамтамасыз ету деңгейі артады және бұрын істен шыққан 32 мың гектар суармалы жерлер қайта айналымға енгізіледі деп күтілуде. Сондай-ақ, су шығыны 2 есе азайып, облыстағы шаруалардың әлеуметтік жағдайы, тұрмыс сапасы жақсарады деп көзделуде. Себебі, осы жоба толықтай орындалса, 6300-ге жуық адам жұмыспен қамтылады. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі 2 есе ұлғайып, алынатын өнім көлемі жыл сайын 25,3 миллиард теңгеге артпақ.

         – Вегетациялық кезеңде шаруаларға су жетіп, жобалар ойдағыдай жүзеге асты. Енді негізгі 183 каналды реттеу қажеттілігі туындап отыр.

    Сондай-ақ, Меркі ауданында ұңғымалар қазылғанын білеміз. Осы жүйені басқа аудандарға да барынша енгізу керек, – деді облыс әкімі Нұржан Нұржігітов.

        Басқосуда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің Су ресурстары комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаров шаруаның барлығы қаржыға келіп тірелетінін айтып, жұмысты кезең-кезеңімен іске асырудың тиімділігін алға тартты.

      Тараптар суармалы су мәселесін шешу, суармалы алқаптардың көлемін арттыру жұмыстарында бірлесе отырып нақты нәтижеге жетуге болатынын, алдағы уақытта да бұл бағыттағы тығыз қарым-қатынас жалғаса беретінін жеткізді.

    Оқылып жатыр

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026

    Қауіпті қарбыз: министрлік ескерту жасады

    14.07.2026

    Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

    14.07.2026

    ҚТЖ тағы да сынның астында

    14.07.2026

    Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

    14.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.