Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 15 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

      14.07.2026

      Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

      14.07.2026

      Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

      14.07.2026

      ҚТЖ тағы да сынның астында

      14.07.2026

      Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

      14.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Облыс бойынша 3 мектептегі жөндеу жұмыстары кешігуде

    Облыс бойынша 3 мектептегі жөндеу жұмыстары кешігуде

    Өңір тынысы 05.08.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жұмыстары сапасыз әрі бекітілген кестеден кешіккен мердігерлер үшін шара қолдануда ешқандай сылтау қабылданбайды. Облыстағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларындағы нысандардың күрделі жөндеу жұмыстарының барысы қаралған жиында облыс әкімі Нұржан Нұржігітов осылай деді.

    Басқосуда білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзов биыл 17 мектептің ғимараты күрделі жөндеуден өтіп жатқанын жеткізді.

    11 мектептегі күрделі жөндеу бекітілген кестеге сәйкес аяқталады деп күтілуде десек, 3 мектептегі жұмыстар кешігуде. Ал, екі мектептің мердігерлері кеш анықталуына байланысты тапсыру мерзімі қараша айына жоспарланған. Бір мектептің жөндеу жұмыстары келер жылға өтпелі болып табылады.

    Сол секілді биыл денсаулық сақтау саласындағы 8, мәдениетте 6, спорттық 1 нысанның күрделі жұмыстары жоспарланған. Олар бойынша тиісті басқарма басшылары баяндады.

    Өз кезегінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Айтқазы Қарабалаев құрылыстағы кемшіліктерді алдын-алу мақсатында басқарма тарапынан облыс аумағындағы күрделі жөндеу нысандарына жүргізілген мониторингтің қорытындысына назар аудартты. Ол бірқатар кемшіліктерге жекелей тоқталып, кейбір нысандардағы жұмыстардың сапасыздығын, жұмысшы күші мен техниканың аздығын, білікті инженерлік техникалық мамандардың жеткіліксіздігін атап өтті.

    — Біз жаңа оқу жылына дейін барлық мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуы керек деп ескерткенбіз. Балалар жаңа оқу жылында өз мектептеріне баруы тиіс болатын. Алайда, кейбір мектептердегі жұмыстар сын көтермей отыр. Неге жауапсыз мердігерлердің кесірінен балалар басқа мектепке сандалуы керек? Оларды бақылауда ұстауға тиіс басшылар неге немқұрайлылық танытады?

    Бекітілген кестеден кешігіп, құрылыс жұмыстары қыс мезгілінде орындалған соң, сапаға қатысты мәселелер туындайды. Бұл ретте тұрғындар тарапынан айтылатын шағымдар да аз емес.

    Анықталған кемшіліктер бойынша барлық мердігерлерге заң аясында шаралар қабылдап, айыппұл салу жұмыстарын жүргізіңіздер,-дей келе Нұржан Нұржігітов тиісті мемлекеттік қызметкерлердің, техникалық қадағалау, авторлық қадағалау, тапсырыс берушілердің де жауапкершілігі назардан тыс қалмау керектігін баса айтты.

    Аймақ басшысы құжаттарды дайындау, конкурстарды жүргізу шараларындағы салғырттық пен сылбыр жұмыстарды да сынға алды.

    Оқылып жатыр

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026

    Қауіпті қарбыз: министрлік ескерту жасады

    14.07.2026

    Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

    14.07.2026

    ҚТЖ тағы да сынның астында

    14.07.2026

    Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

    14.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.