Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 4 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

      03.04.2026

      Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

      03.04.2026

      Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

      03.04.2026

      Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

      03.04.2026

      Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

      03.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Ақбақай» алтын шығару фабрикасының екінші кезеңі іске қосылды

    «Ақбақай» алтын шығару фабрикасының екінші кезеңі іске қосылды

    КӘСІПКЕР 22.07.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бұған дейін Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы «Ақбақай» өндірістік алаңында жыл сайын 850 мың тонна кен өңдірілген болса, фабриканың екінші кезеңі іске қосылғанда өндіріс қуаттылығы жылына 1,2 миллион тоннаға дейін артпақ, — деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі.

    «Ақбақай» кен орнын 1968 жылы белгілі геолог Дүбек Дүйсенбеков ашқан болатын. Қорды толық игеру жұмыстары 1975 жылы басталды. Ақбақайда жаңа кен қорының ашылуына байланысты шикізатты қайта өңдеу үшін орасан қуат қажет болғандықтан кен өңдеудің заманауи цехы салынды. Бүгінде алтынды фабрикаға қарасты «Ақбақай», «Бескемпір», «Карьерное», «Ақсақал», «Светинское», «Кенжем», «Шығыс Ақбақай» және «Олимпийское» кен орындары өндіреді.

    Өндірілген пайдалы қазба фабрикада өңделіп, одан Доре қорытпасы түріндегі дайын өнім шығарылады. Технологиялық үдерістің толық айналымы SCADA автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы жүргізіледі.

    «Екінші кезеңді іске қосудың нәтижесінде компаниямыздың өндірістік ауқымы кеңейеді. Бұл өз кезегінде ел экономикасының дамуына тың серпін береді деп ойлаймыз. Бұған қоса, қосымша жұмыс орындары ашылады. Атап айтқанда, жобаны іске қосу арқылы қосымша 90 жаңа жұмыс орны ашылады», дейді «Алтыналмас АК» АҚ Қарағанды және Жамбыл облыстарындағы өндіріс бойынша басқарушы директоры Бағдат Бахрамов.

    2011-2015 жылдары аралығында «Алтыналмас» кәсіпорны Ақбақайдағы жерасты өндірісі технологиясын қол еңбегі әдісінен механикаландырылған әдіске көшірді. Бұл бастама өндіріс қуатының 600 пайызға артуына ықпал етті.

    Өндірісті цифрландыру бағдарламасы аясында бүгінгі таңда кен орны жерасты стационарлық құралдармен жабдықталып, ашық тау-кен жұмыстарын басқару автоматтандырылды, геологиялық-маркшейдерлік жасақтамасы мен GEOVIA интеграциялық платформасы енгізілді. Сонымен қатар ұзындығы 130 шақырым талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылып, 400 метр тереңдікте жерасты Wi-Fi орнатылды.

    Қазіргі таңда жерасты тау-кен қазбаларын маркшейдерлік бақылау кеншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және тау-кен жұмыстарының өнімділігін арттыруға ықпал ететін CMS MINEi (GeoSight, Канада) пайдаланылған кеңістігін лазерлік сканерлеу көмегімен жүргізіледі.  Бұдан өзге, тау-кен геологиялық деректерін сақтау және жүйелеу мақсатында сыртқы зертханалармен біріктірілген Minevision дерек басқарудың орталықтандырылған жүйесі енгізілді. Strata жерасты қозғалыс бақылау жүйесі диспетчерге сенсорлар арқылы адамдар мен жабдықтардың орналасқан жерін көрсетеді. Ал Surpac 3D модельдеу жүйесі геологтың жұмыс уақытын азайтып, деректердің толықтығы мен сенімділігін арттырады. Шахтаның ауа айналдыру жүйесі VentSim бағдарламалық жасақтамасы арқылы жобаланды.

    Ал интеграцияланған цифрлық орта барлық бизнес-үдерістерді бақылауға мүмкіндік беріп, өндірісті бақылау және басқаруды жүзеге асырады.

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026

    Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

    03.04.2026

    Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

    03.04.2026

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026

    15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

    02.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.