Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 15 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

      14.07.2026

      Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

      14.07.2026

      Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

      14.07.2026

      ҚТЖ тағы да сынның астында

      14.07.2026

      Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

      14.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Бюжетке кірістер: Жамбыл облысы Республика бойынша екінші орынға шықты

    Бюжетке кірістер: Жамбыл облысы Республика бойынша екінші орынға шықты

    КӘСІПКЕР 11.08.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте кірістерді қалыптастыру мәселесі қаралды.

    Жиында 2022-2023 жылдарға арналған жергілікті бюджет кірістерін ұлғайту, қосымша резервтерді қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жоспарының орындалу барысы талқыланды.

    Алғашқы болып сөз алған ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Уалихан Әлібеков ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығы бойынша бюджеттің кірістері туралы баяндады. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың алты айының қорытындысына сәйкес рейтингтік көрсеткіштерді (10 индикатор) жүргізу кезінде Жамбыл облысы Республикадағы өңірлер арасында жалпы 77,44 баллмен екінші орынға тұрақтаған.

    Сондай-ақ, мемлекеттік бюджет жоспарының орындалуы 117,6 пайызды, республикалық  бюджет 102,6 пайызды, ал жергілікті бюджет жоспарының орындалуы 126,6 пайызды құрап, барлығында артық түсімге қол жеткізілген.

    Уалихан Әлібеков аталған іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарында қаралған 52 тармақшасының алтауы бойынша көзделген іс-шаралар орындалмай отырғандығын айтып, оларға жан-жақты тоқталды.

    Басқосуда қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Батырхан Әкектің ауылдық округ әкімдері бюджеттерінің кірістер бойынша 2022 жылдың қаңтар-шілде айларындағы орындалуы туралы есебі де тыңдалды.

    Облыс әкімі төмен көрсеткіштер бойынша тиісті тұлғалардан жауаптар алып, нақты тапсырмалар жүктеді.

    — Бекітілген іс-шаралар жоспарына немқұрайлылық танытуға болмайды. Алдағы тоғыз айдың қорытындысымен бұл мәселені тағы да жан-жақты қарастырамыз. Барлық жоспар толығымен орындалуы тиіс. Тиісті мерзімде ақпаратты ұсынып отыру маңызды. Салық базасын ұлғайту бойынша жұмыстар жалғасуы керек,-деп түйіндеді Нұржан Нұржігітов.

    Оқылып жатыр

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026

    Қауіпті қарбыз: министрлік ескерту жасады

    14.07.2026

    Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

    14.07.2026

    ҚТЖ тағы да сынның астында

    14.07.2026

    Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

    14.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.