Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 15 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

      14.07.2026

      Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

      14.07.2026

      Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

      14.07.2026

      ҚТЖ тағы да сынның астында

      14.07.2026

      Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

      14.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таласта ауылдықтардың игілігі үшін екі жаңа нысан пайдалануға берілді

    Таласта ауылдықтардың игілігі үшін екі жаңа нысан пайдалануға берілді

    Өңір тынысы 13.08.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Талас ауданына жұмыс сапарымен барды.

    Аймақ басшысы алдымен Үшарал ауылында жаңадан салынған дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына қатысты.

    Амбулаторияға қарасты Арал, Қайыр ауылдық медпунктері жұмыс істейді десек, онда 2 дәрігер мен 10 мейірбике еңбек етеді. Жаңа нысанның құрылыс жұмыстарын «НИК-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Стандартқа сай нысан газ, су, жарықпен қамтылған.

    Президент тапсырмасына сәйкес бүгінде Жамбыл облысында медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асуда. Облыстың даму жоспары бойынша 2025 жылға дейін өңірде дәл осындай 60 нысан салу көзделген. Кезең-кезеңімен іске асатын ол жобалардың биыл жиырмасы пайдалануға берілмек.

    — Облыста 367 ауылдық елдімекен болса, қазір 23 ауылда медициналық нысанның құрылысы жүруде. Сондай-ақ 9 елдімекенде 600 миллион теңгеге жөндеу жұмыстары атқарылуда. Бұдан өзге медициналық мекемелердің материалдық-техникалық әлеуетін нығайтуға 2,5 миллиард теңге бөлінді.  Мемлекет тарапынан бұл бағытта көрсетіліп жатқан қолдаулар аз емес, соған сәйкес медициналық қызметтік сапасы да жоғары болуы тиіс,- деді Нұржан Нұржігітов.

    Жаңа нысанның ашылғанына қуанған ауылдықтар енді орталыққа көп сабылмайтындықтарын айтып, ризашылық әсерлерімен бөлісті.

    Сондай-ақ, дәл осы күні Ақкөл ауылында құрылысы аяқталған дене шынықтыру және сауықтыру кешені де пайдалануға берілді. Салтанатты шараға  қатысқан облыс әкімі саладағы атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, жаңа нысан спортпен шұғылданушылар үшін әрдайым қолжетімді болатынын атап өтті.

    — Облыста биылдың өзінде 11 спорт кешені салынуда. Оның бірқатары пайдалануға берілсе, соның бірі – осы еңселі спорт нысаны. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкіметтің қолдауының арқасында іске асуда. Біздің мақсатымыз – балалардың бос уақытын ұтымды ұйымдастыру. Сондай-ақ балаға кемел білім, тәрбие берумен қатар, дені сау ұлт қалыптастыру – басты міндет. Дені сау ұрпақ – болашақ кепілі.

    Бүгінде облыста 250 мыңнан астам оқушы бар болса, оның 70 пайыздан астамы спорт нысандарымен, мәдениет ошағымен қамтылған. Осы межені 100 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз,- дейді Нұржан Нұржігітов.

    Спорт кешенінің құрылысын 336,2 миллион теңгеге «Әл Мансұр» ЖШС жүргізген.

    Заманауи үлгіде салынған спорт кешенінде енді жасөспірімдер шағын футбол, күрес, үстел теннисі, дзюдо және басқа да спорттың сан түрімен шұғылдана алады.

    Аудандағы жұмыс сапарының барысында аймақ басшысы Үшарал ауылының шаруасы Бақытжан Байымбетовтің ауыл іргесіндегі егіс алқабымен танысты. Ауыл тұрғыны 10,5 гектар жерге 7,5 гектар картоп, 2 гектар қауын, 1 гектар қарбыз егіп, шаруасын шалқытып отыр.Егістіктің бір жарым гектарына тамшылатып суару технологиясын енгізген Бақытжан қыстық қауын егуге ден қоя бастаған.

    Алқап басында аудан әкімінің орынбасары Медет Үрістенов ауыл шаруашылығы бағытындағы көрсеткіштер мен жұмыстар туралы есеп берді.

    Оқылып жатыр

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026

    Қауіпті қарбыз: министрлік ескерту жасады

    14.07.2026

    Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

    14.07.2026

    ҚТЖ тағы да сынның астында

    14.07.2026

    Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

    14.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.