Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Жексенбі, 8 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Нұржігітов: Мемлекет басшысының тапсырмаларын нәтижелі жүзеге асыруға тиіспіз

    Нұржігітов: Мемлекет басшысының тапсырмаларын нәтижелі жүзеге асыруға тиіспіз

    Өңір тынысы 06.09.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыру барысы талқыланды.

    Айта кетейік, ҚР Үкіметімен Президент Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Ол жоспарды 5 негізгі бағыт бойынша іске асыру экономиканы сапалы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді деп көзделуде.

    Басқосуда аймақ басшысы Жолдаудың әр бағытына жеке-жеке тоқталып, өңірде атқарылуы тиіс жұмыстарды нақтылап, жауаптыларға тиісті міндеттер жүктеді.

    — Мемлекет басшысының Жолдауын нәтижелі жүзеге асыру – басты міндет! Жолдаудағы жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту мен бюджет саясатына қатысты тапсырмаларды өңірде жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу қажет. Бұл мәселені экономика басқармасы үйлестіруі тиіс.

    Еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсету маңызды. Аталған тапсырманы өңірде жүзеге асыру бойынша кәсіпкерлік басқармасы ұсыныс әзірлеуі керек.

    Сондай-ақ, шағын және орта бизнес субъектілері санының артуына жағдай жасауға міндеттіміз. Облыстың бекітілген даму жоспарына сәйкес ағымдағы жылы орта кәсіпкерліктің үлесі 8,3 пайызға орындалуы қажет.

    «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде оқудан кейін жеке ісін ашқан азаматтардың үлесінің артуын назарға алыңыздар.

    Жолдауда кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдерін айқындап, оны жыл соңына дейін әзірлеу, әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтау тапсырылды. Осы орайда облыстық жер қатынастары мен аудан әкімдері игерусіз жатқан жерлерді мемлекетке қайтару бойынша шара қабылдауы керек. Сондай-ақ, ағымдағы жылы қосымша елді мекен жайылымын ұлғайту үшін 418,4 мың гектар жер учаскесін қосып беру жұмыстарын толық аяқтауға тиіс,-деді Нұржан Нұржігітов.

    Облыс әкімі жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер телімдерінің тиімді игерілуіне аса назар аударды.

    — Біз жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер телімдерін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерімен қамтуға айрықша назар аударып отырмыз. Кезекте тұрғандарға 3198 жер телімін тарату жоспарлануда.

    Дегенмен, бұған дейін берілген жер телімдері бойынша әлі күнге ешқандай құрылыс жұмыстары басталмағандығы, бір қолдан екінші қолға сатылу секілді фактілер жиі кездеседі. Мұндай келеңсіздіктер бойынша тексеріс жүргізіліп, талап күшейеді.

    Тиісті мерзім ішінде құрылыс басталмайтын болса, біз жер телімдерін тарату жұмыстарын тоқтатуға тиіспіз,-деді аймақ басшысы.

    Нұржан Нұржігітов Жолдаудағы «Нақты секторды дамыту», «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция», «Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту», «Заң және тәртіп» секілді бағдарларға да арнайы тоқталып, барлық салаларда нәтижелі жұмысты қамтамасыз ету үшін тиісті тұлғаларға  тапсырмалар берді.

    Жиында Жолдаудан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарын әзірлеу керектігі баса айтылып, облыс әкімінің орынбасарларына өз салалары бойынша бақылау жүктелді.

    Кеңестің күн тәртібіндегі екінші мәселе ретінде жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Аймақ басшысы әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлердің дайындықтарына қатысты жан-жақты жауаптар  алып, барлық жұмыстар 1 қазанға дейін толығымен аяқталуы тиіс екендегін ескертті.

    Оқылып жатыр

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.