Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сенбі, 7 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында оқушылар Мәдениет үйінде оқуға мәжбүр

    Жамбыл облысында оқушылар Мәдениет үйінде оқуға мәжбүр

    Өңір тынысы 27.11.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысында 130 оқушыға арналған мектептің күрделі жөндеуі бітпей тұр, — деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы

    Тұрар Рысқұлов ауданы, Қарақат ауылындағы шағын ғана мектепті күрделі жөндеу жұмысы маусымда басталған. Жоспар бойынша жаңа оқу жылында пайдалануға берілуі тиіс еді. Алайда құрылыс аяқталмай отыр.

    «Балам 9-сыныпта оқиды. Бастауыш сыныптар ауылдағы Мәдениет үйінде оқып жатыр. Бұл жерде оларға ешқандай жағдай жасалмаған. Екі бөлмеде тар жерде оқиды. Ертерек қолға алып, мектепті бітіріп беруін сұраймын. Балалар көрші Абай ауылындағы мектепте оқып жүр», — деді ата-ана Ғалия Алмасбекова.

    Мұғалімдер оқу процесіне еш кедергі жоқ дейді. Бастысы мекеме жылы, таза. Алайда Мәдениет үйіне барар жол ыңғайсыздық тудырады. Ал аудандық білім бөлімі өкілдері мерзімнің кешігуін мердігердің жауапсыздығына байланысты дейді.

    «Енді мәдениет үйі, ол мәдени іс-шараларына арналған. Оны өзіңіз де біліп отырсыз. Мектептің талаптары бөлек. Санитария нормалар деген болады. Бірақ жұмыстың кешігуіне байланысты қабылданған шешім болды. Басты мақсат оқу процесі тоқтамай жүруі керек. Күрделі жөндеу жұмыстары аудандық білім бөлімі бақылап отыр», — деді Тұрар Рысқұлов аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Базарова.

    Құрылыстың сапасына сын айтып, бақылау жасайтын адам көп. Жергілікті әкімдік өкілдері 10-15 күнде толық жұмыс аяқталады дейді.

    «Қазір мерзімінен кешіктіргені үшін арнайы заң талаптарына сәйкес, мердігер айыппұл төлейді. 10-15 күнде толық жұмыс аяқталады деп жоспарлап отырмыз», — деді Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Есеев.

    Жоғарғы сынып оқушылары көрші ауылға қатынап оқиды. Білім бөлімі 2 автобус бөлген.

    Оқылып жатыр

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.