Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 4 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

      03.04.2026

      Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

      03.04.2026

      Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

      03.04.2026

      Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

      03.04.2026

      Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

      03.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » 2022 жылы өңдеу өнеркәсібіне 63 миллиард теңге инвестиция тартылды

    2022 жылы өңдеу өнеркәсібіне 63 миллиард теңге инвестиция тартылды

    Өңір тынысы 09.01.2023
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов инвестиция тарту, инвестициялық жобаларды қолдау және жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

    Айта кетейік, аймақ басшысының бастамасымен қолға алынған инвестициялық штабтың әр  апта сайынғы отырыстарында инвесторлардың өз жобасын ұсынуы, оларға қажетті көмек, қолдау көрсету шаралары жолға қойылған. Бүгінгі таңда штабтың 23 отырысы өтіп, оларда жалпы құны 1,6 трлн теңгеден асатын 66 инвестициялық жоба қаралған. Инвестициялық штаб жаңа жобаларды ғана емес, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардағы өндіріс көлемін арттыру бойынша ұсыныстарды да назарға алады.

    Инвестициялық штаб қызметінің арқасында 2022 жылы өңдеу өнеркәсібіне 63 миллиард теңге инвестиция тартылды.

    Басқосу барысында облыс әкімі жүзеге асып жатқан әрбір жобаның жан-жақты есебін тыңдады. Олардың қатарында «Monterra Qazaqstan» ЖШС (тау-кен металлургия комбинатының құрылысы), «KazChemTraiding» ЖШС (цемент зауыты), «Shagala Mining» ЖШС, «Eco-chicken» ЖШС (шағын құс фермаларының құрылысы), «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС (өндірістік құрылыс материалдары), «Talas Investment Company» ЖШС (натрий цианидін өндіру) және басқалар.

    Инвестициялық жобаларды қолдау аясында облыс орталығы мен ауданның тиісті бөлімдері және әкімдіктеріне инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жер телімдерін бөлу міндеттері жүктелген.

    Аймақ басшысы бұған дейін берілген хаттамалық тапсырмаларды орындау және қажетті құжаттарды дайындау жұмыстарында сылбырлық танытып отырған аудан әкімдері мен бірқатар облыстық басқармаларды сынға алды.

    – Қосымша жұмыс орындарын ашу үшін бюджеттен тыс қаражат көздерін қарастыру – әкімдердің жұмысының тиімділігін бағалау критерийлерінің бірі екенін ұмытпаңыздар. Әзірге бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесі көрінбейді. Инвесторлар аудан, қала әкімдерінің соңынан емес, қайта әкімдер оларды іздеуі керек. Дайын ұсыныстарды күтпей, әлеуетті инвесторларды өздеріңіз табыңыздар, – деді Нұржан Нұржігітов.

    Облыс әкімі бұл саладағы төмен көрсеткіштер үшін тиісті басшылардың жеке жауапкершілігін ескертті.

    Бұл күні Нұржан Нұржігітов «Бизнеске арналған үкімет» фронт-офисінде инвестициялық штаб отырысын өткізді. Инвесторлар керамикалық бұйымдар шығаратын зауыт, металлургиялық кешен, агроөнеркәсіп кешені, фармацевтикалық зауыт салу бойынша жобаларын ұсынды.

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026

    Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

    03.04.2026

    Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

    03.04.2026

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026

    15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

    02.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.