Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 4 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

      03.04.2026

      Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

      03.04.2026

      Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

      03.04.2026

      Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

      03.04.2026

      Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

      03.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Облыс әкімі Талас ауданындағы бірнеше ауылда болды

    Облыс әкімі Талас ауданындағы бірнеше ауылда болды

    Өңір тынысы 08.01.2023
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің жұмыс сапары Талас ауданында жалғасты. Аймақ басшысы аудандағы қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.

    Облыс әкімі алдымен аудандағы Есейхан және Қасқабұлақ, Қараой ауылдары аралығындағы үзілген электр желілері мен құлаған бағаналарды көріп шықты. Осының салдарынан аталған ауылдар алғашқыда жарықсыз қалған. Аймақ басшысының тапсырмасымен бүгін Есейхан мен Қараой елді мекендері электр қуатымен қайта қамтылса, Қасқабұлақ ауылына арнайы генератор арқылы жарық берілуде.

    Ал, қалпына келтіру жұмыстары, бағаналар мен желілерді реттеу бойынша Нұржан Нұржігітов жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

    Бұдан соң облыс әкімі «TalasInvestCompany» ЖШС-ның жұмысымен танысып, Қаратау қаласындағы «Игілік» қазандығына ат басын бұрды. Штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқан қазандық Қаратау қаласын жылумен толық қамтамасыз етуде. 

    Аймақ басшысы қатты желден шатыры ұшқан көпқабатты тұрғын үйлердің де жағдайын тексерді. Ауданда айтарлықтай бүлінген 11 нысан бар десек, бүгінде оларда күрделі жөндеу жұмыстары басталған.

    Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында аудан әкімі, орынбасалары мен бөлім басшылары және құзырлы орган өкілдері қалыптасып отырған ахуал мен атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.

    Аудандағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан нысандардың басым бөлігіне жергілікті мердігерлер тартылған.

    Қаратау қаласының тұрғындары толығымен ауыз су, жылу, электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз етілуде.

    Облыс әкімі күрделі жөндеуді қажет етпейтін, ішінара зардап шеккен нысандарды асар әдісімен ретке келтіруде тапсырды.

    — Ауа-райы қайта бұзылмай жатып, барлық жөндеу жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтауға тиіспіз. Ертең сұрақ туындамас үшін барлық жұмыстардың сапалы орындалуын қатаң бақылауда ұстау қажет. Ішінара бұзылған нысандарды асар әдісімен ретке келтіру керек. Табиғи төтенше жағдай салдарын жоюға тұрғындарды да жұмылдыру маңызды. Ауылдастардың бір-біріне қол ұшын беру қанымызды бар игі дәстүр. «Жұмыла көтерген жүк  жеңіл» деп бекер айтылмаған.

    Тиісті басшылар, ауыл әкімдері кабинетте отырмай барлық үйлерді аралап, жағдайымен танысып, ұйымдастыру шараларын жүргізуі тиіс,-деді Нұржан Нұржігітов.

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026

    Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

    03.04.2026

    Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

    03.04.2026

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026

    15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

    02.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.