Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 15 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

      14.07.2026

      Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

      14.07.2026

      Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

      14.07.2026

      ҚТЖ тағы да сынның астында

      14.07.2026

      Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

      14.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда биыл мүгедектерге арналған монша ашылады

    Таразда биыл мүгедектерге арналған монша ашылады

    Өңір тынысы 01.01.2023
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Таразда биыл мүгедектерге арналған монша ашылады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Орынбеков көне шаһарды дамытудың 3 жылдық даму картасын таныстыру кезінде айтты, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Қала әкімінің мәліметінше, өңірде құрылыс жұмыстарының көлемі 2025 жылы 80,1 млрд теңгеге артады. Сонымен қатар осы жылы 47 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы басталады, жаңа 5 мектеп пайдалануға беріледі, 7 білім ұясына күрделі жөндеу жүргізіледі. Сондай-ақ көптің көкейінде жүрген балалар жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталады. Шаһарда саябақтар жаңғыртылады. Тұрғындардың демалыс уақытын тиімді пайдалану үшін «Мамыр» саябағының аумағында иппотерапия орталығы салынады. Тағы бір ерекше жаңалық – елімізде алғашқы рет мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған монша пайдалануға беріледі.

    «Осы топтағы азаматтар үшін 2023-2024 жылдары 2 әлеуметтік бейімдеу орталығының құрылысы аяқталады. Келесі жылы салауатты өмір салтын насихаттауға арналған 4 шағын футбол алаңшасы салынады.

    Алдағы үш жылда мәдениет саласында да кешенді дамыту жоспары бар. Соның бірі – Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтеді; Асанәлі Әшімовтің шығармашылық орталығы салынады; «Көне қамал» кешенінің үшінші кезеңі іске асырылады; ал 2024 жылы «Құмшағал» тұрғын алқабында 180 орындық қалалық мәдениет үйі пайдалануға беріледі; Қолөнер орталығы ашылады», — деді қала басшысы.

    Қала аумағының кеңеюі мен халық санының өсімі артып келеді. Шаһардың Асқаров, Хамукат, Қарасай, Көктем массивтеріне газ құбыры тартылады. Алдағы жылы 116 көшелер мен бұрылыстарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Облыс орталығындағы Саңырақ батыр және Шостакович көшелері қайта жаңғыртудан өтеді.

    Сондай-ақ темір жол аймағындағы халықтың жылдар бойығы сұранысы – темір жол үстінен өтетін көлік жолы құрылысы басталады.

    Оқылып жатыр

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026

    Қауіпті қарбыз: министрлік ескерту жасады

    14.07.2026

    Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

    14.07.2026

    ҚТЖ тағы да сынның астында

    14.07.2026

    Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

    14.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.