Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 15 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

      14.07.2026

      Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

      14.07.2026

      Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

      14.07.2026

      ҚТЖ тағы да сынның астында

      14.07.2026

      Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

      14.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Абай тағылымы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зияткерлік құндылығы

    Абай тағылымы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зияткерлік құндылығы

    Өңір тынысы 24.01.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұлы Абайдың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шаралардың қорытындысын талқылауға арналған Ғылыми кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz

    ​Жиынға ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова, ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалымжан Махан, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері,   әр өңірден келген ішкі саясат басқармасының басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен ғалымдарқатысты.

    Жиынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев ашып, оқу ордасында Абайдың 180 жылдығына орай  өткен ғылыми, мәдени және ағартушылық іс-шаралардың қорытындысы туралы ақпарат берді.

    «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Абай ілімі біздің ұлттық бірегейлігіміздің, ұлттық болмысымыздың өзегі болуға тиіс. Біз Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізуіміз керек», – деп атап өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Абайдың кісілік кодексі» және «Абай ілімі» оқу пәндері әзірленіп, білім беру процесіне енгізілді. Университет ғалымдары әзірлеген «Абайдың кісілік кодексі» оқу корпустары мен жатақханаларға ілінді. Бұл ауқымды бастаманы басқа ЖОО-лар мен мектептерде жүзеге асыруды ұсынамыз. «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» сериялық басылымының 1-50 томдары, «Абайтану антологиясы» сериялық басылымының 1-10 томдары жарық көрді, сондай-ақ «Абайтану антологиясы» атты цифрлық форматтағы интеллектуалдық электрондық ресурстар базасы қалыптастырылды. Аталған жұмыстарды ҚазҰУ базасындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жүзеге асырды», – деді ректор.

    Ғылыми кеңес отырысында ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова: «Қазіргі таңда еліміздегі 127 жоғары оқу орнында 727 мыңнан астам студент білім алуда. Университеттің ең бірінші мақсаты – азаматты қалыптастыру, Абайдың философиясына сәйкес, «толық адамды»тәрбиелеу. Мектеп қабырғасында оқушының бойында адал азаматтың принциптері қалыптасады. Ал университетке түсіп, қолына заңды дипломын алған кезде толық адам болып, үлкен өмірге қадам басады. Осы тұрғыда Абайдың философиясы өте маңызды», – деді.

    Өз кезегінде оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова  Абай шығармашылығын қазіргі заман талаптарына сай зерделеу, оның философиялық, этикалық және қоғамдық ойларын білім беру үдерісіне енгізу мәселелеріне ерекше тоқталды.

    ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалымжан Махан ҚазҰУ базасында дайындалған «Абайдың кісілік кодексінде» ойшылдың терең мазмұнды сөздері жинақталғанын атап өтіп, шараның маңыздылығына тоқталды.

    «Абайдың кісілік кодексі студент жастар ғана емес, оқушылардың да санасына орнығуы маңызды.  Дегенмен, жас ұрпақтың Абайды толық түсіну үшін қазақ тілінің қолданыс аясының кең болуы шарт. Өздеріңізге мәлім, қазіргі уақытта мемлекеттік тілдің қолданыс аясын цифрлық кеңістікте дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан уикипедияны қазақ тіліндегі танымдық мақалалармен толтыру үдерісін ұйымдастыру бойынша «Үйлестіру кеңесі» құрылды.  Министрліктің ақпаратына сәйкес 2025 жылдың қорытындысы бойынша уикипедияға қазақ тілінде 3000-нан астам жаңа мақала орналастырылған. Бұл жұмысқа еліміздің бірқатар жоғары оқу орындары атсалысуда», — Ғалымжан Махан.

    Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов Абайдың жауапкершілік, еңбек адамы туралы ой-толғамдары әділетті Қазақстан тұжырымдамасымен толық үндесетінін жеткізді.

    «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Абай мұрасы – бағасы өлшеусіз рухани қазына. Оны сақтау мен дамыту – баршамыздың ортақ міндетіміз», – деген болатын. Осы мақсатта Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын Алматы қаласында лайықты деңгейде атап өту үшін әкімдік тарапынан философиялық-рухани, мәдени-ағартушылық, тәрбие бағыттарын қамтыған кешенді жоспар іске  асырылды. Түрлі ғылыми конференциялар, форумдар, семинарлар өткізілді», – деді қала әкімінің орынбасары.

    Шарада Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, ғалым Жанғара Дәдебаев сөз сөйлеп, институттың атқарған жұмыс нәтижелерін таныстырды.

    Ғылыми кеңес мүшелері мен арнайы шақырылған өкілдер Абай мұрасын заманауи қоғамдық санада жаңғыртудың өзектілігіне тоқталып, нақты ұсыныстарын ортаға салды.

    Кеңейтілген Ғылыми кеңес шешімімен университетте әзірленген «Абайтану антологиясы» электронды зияткерлік ресурстар базасы, «Абай ілімі» оқу пәні, Абайдың кісілік кодексі мен Абай таксономиясы ҚазҰУ-дың зияткерлік меншігі ретінде бекітілді. «Абай ілімі» оқу пәні университеттің жоғары білім беру бағдарламаларындағы жалпы білім беретін пәндер циклы бойынша таңдау компоненті ретінде қабылданды.

    Сонымен қатар Абайдың кісілік кодексі мен Абай ілімі Қазақстан Республикасыішкі саясатының негізгі қағидаттары мен құндылықтарын іске асырудың инновациялық құралы ретінде айқындалып, оларды білім берудің барлық деңгейінде, мәдени-ағартушылық және қоғамдық кеңістіктерде кеңінен пайдалану жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы билікке ұсыныстар жолданды.

    Оқылып жатыр

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026

    Қауіпті қарбыз: министрлік ескерту жасады

    14.07.2026

    Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

    14.07.2026

    ҚТЖ тағы да сынның астында

    14.07.2026

    Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

    14.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.