Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 15 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

      14.07.2026

      Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

      14.07.2026

      Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

      14.07.2026

      ҚТЖ тағы да сынның астында

      14.07.2026

      Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

      14.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Әйелдер және цифрландыру: Қонаевта алғаш рет ауқымды форум өтті

    Әйелдер және цифрландыру: Қонаевта алғаш рет ауқымды форум өтті

    Жаңалықтар 27.09.2025
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қонаев қаласында Re.Women «Әйелдер және цифрлық әлем: бизнес, медиа, шабыт» атты форум өтті. Іс-шараға 100-ден астам әйел-кәсіпкер, сарапшы, пікір көшбасшылары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

    Форум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған міндеттер аясында ұйымдастырылды. Президенттің айтуынша, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы бүкіл әлемді өзгертуде және Қазақстаннан нақты қадамдар жасауды талап етеді.

    «Бүгінде әйелдер түрлі салада табысты еңбек етуде. Сіздердің жасампаз энергияларыңыз бен мақсатқа адалдығыңыз ең батыл идеяларды іске асыруға мүмкіндік береді. Азаматтық ұстанымдарыңыз бен қоғамға деген жанашырлықтарыңыз айрықша құнды», – деді Президент, әйелдердің ел экономикасы мен дамуына қосып отырған үлесін атап өтіп.

    Форумды Respublica партиясының Алматы облыстық филиалы мен Re.Women қауымдастығының өңірлік филиалы ұйымдастырды.

    Спикерлер мен құрметті қонақтардың қатарында Respublica партиясының тең төрағасы Максим Барышев, Мәжіліс депутаттары Нұргүл Тау, Айтуар Қошмамбетов, Екатерина Смолякова мен Динара Наумова, сондай-ақ партияның Орталық аппараты жетекшісінің кеңесшісі Айдана Тоғызбаева болды.

    Пікірталасқа бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен цифрлық технология саласының сарапшылары қосылды.

    Өз сөзінде Максим Барышев кәсіпкерлерді қолдау – партия үшін басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті:

    • «Respublica партиясы әрқашан бизнестің мүддесін қорғайды. Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлерге әділ жағдай қалыптастыру. Экономиканың тірегіне айналатын да – осы кәсіпкерлер».

    Нұргүл Тау қазақ қоғамындағы әйел көшбасшылығының маңызына тоқталды:

    • «Қазақ қоғамында әйелдің орны әрқашан ерекше болған. Дәстүріміз әйелді әулеттің тірегі, күш-қуаттың бастауы ретінде қадірлеуге үйретеді. Бүгінгі күні де әйелдер саясатқа, қоғамға, бизнеске белсене араласып, ел дамуына ықпал етіп отыр».

    Форум бағдарламасына Impact Zone көрмесі енді. Онда кәсіпкер әйелдер әлеуметтік және туризм саласындағы жобаларын ұсынды. Сондай-ақ әйелдердің бизнестегі, цифрландырудағы және қоғамдағы рөліне арналған панельдік пікірталастар өтті. Қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлік, брендинг және PR бойынша тәжірибелік сессияларға қатысып, жасанды интеллект пен нейрожелілерді бизнес пен креативті индустрияда қолдану жайын талқылады.

    Re.Women тәжірибе алмасатын, жаңа серіктестік пен ынтымақтастыққа жол ашатын алаңға айналды. Мұндай бастамалар әйелдерді жаңа жетістіктерге шабыттандырып қана қоймай, Қазақстанның цифрлық әрі экономикалық болашағын қалыптастыруға да үлес қосады.

    әйелдер партия форум

    Оқылып жатыр

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026

    Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

    14.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026

    Қауіпті қарбыз: министрлік ескерту жасады

    14.07.2026

    Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

    14.07.2026

    ҚТЖ тағы да сынның астында

    14.07.2026

    Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

    14.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.