Close Menu
    Оқылып жатыр

    Германияға жете алмаған қара алтын: Қазақ мұнай енді қайда бағытталады?

    23.04.2026

    Елде тағы 16 автожолда орташа жылдамдық бақыланбақшы

    23.04.2026

    Төрт мыңға жуық кітапхана, 10 000-нан аса қызметкер: Бүгін — Ұлттық кітап күні

    23.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 24 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Германияға жете алмаған қара алтын: Қазақ мұнай енді қайда бағытталады?

      23.04.2026

      Елде тағы 16 автожолда орташа жылдамдық бақыланбақшы

      23.04.2026

      Төрт мыңға жуық кітапхана, 10 000-нан аса қызметкер: Бүгін — Ұлттық кітап күні

      23.04.2026

      Атақты «Ялла» тобының жетекшісі Тоқаевтың қолынан орден алды

      23.04.2026

      Қазақстан үшін «+1 визасыз ел»

      23.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026

      Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

      09.04.2026

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Әл-Фараби – өркениет ойшылы

    Әл-Фараби – өркениет ойшылы

    Өңір тынысы 31.05.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысындағы Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын облыс көлемінде кең ауқымда атап өтіп, іс-шараға облыс кітапханаларын қамтуда, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі

    Мәселен, облыс әкімдігінің әлеуметтік-экономикалық саланы дамыту, халықтың тұрмысын, рухани және әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал ету мақсатында жүзеге асатын «Сөзден — іске» жобасына кітапханадан енген «Өлкелік туризм кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» жобасы асында Жамбыл аудандық Айша бибі ауылдық кітапханасында, Қордай ауданы Қарасу, Масаншы, Әлжан ана ауылдық кітапханаларында «Ғылым – шындық, сопылық – сұмдық. Бұл – ақиқат…» атты әдеби постулат өтті.

    Іс-шараларда кітапханашылар ғұлама ғалым Әл-Фарабидің трактаттарын, өлеңдерін оқып, қойылымдар қойып, әндер шырқады. Экранда ғұламаның трактаттарынан үзінділер қойылып, өмірі бейнедауыс арқылы айтылып тұрды.

    Сонымен бірге кітапханада «Әл-Фараби – өркениет ойшылы» философиялық таным, «Әбу Насыр әл-Фарабидің трактаттары» атты онлайн оқу өтіп, виртуалды көрме ұйымдастырып, ғұламаның трактаттарын оқып, жазылған деректер мен зерттеулерге шолулар жасап, оқырмандарды таныстыруда.

    Облыс кітапханаларына Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына әдебиеттер түсіп, шолулар ұйымдастырылуда. Әл-Фарабиді сарайына алдырып, шығыс әмірлерінің бірі мемлекетінің болашағын білмек болыпты, сонда әл-Фараби: – Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонсоң айтып берейін, − деген екен.

    Өмірдің өзінен өрілген ойлы шығармалары үлкен ізденісті талап етеді, қай трактатын оқысақ та ойға жетелейді, кешегі өзі айтып кеткен ел болашағы жастардың ғалым шығармашылығын насихаттауда атқарар жұмыстары көп.

    Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб (қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданы маңайындағы ортағасырлық қала — түсіндірме) қаласында дүниеге келді. Ғұлама ойшылдың толық аты-жөні – Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби.

    «Ол әулетті отбасыда өмірге келді. Оның әкесі әскери қолбасшы болған. Орта ғасырда Фараб қаласы ғылым мен мәдениеттің ордасы еді. Мұнда Александриядан кейінгі әлемдегі ең үлкен кітапхана орналасты. Осының арқасында Әл-Фараби ондағы құнды қолжазбалар және кітаптармен танысуға мүмкіндік алды. Ғалымның жастық шағы осы шаһарда өтті», — дейді «Әл-Фараби» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Жақыпбек Алтайұлы «Әл-Фараби музейі» атты деректі фильмінде.

    Әл-Фараби Жамбыл облысы

    Оқылып жатыр

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026

    «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

    14.04.2026

    Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

    13.04.2026

    Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

    09.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Германияға жете алмаған қара алтын: Қазақ мұнай енді қайда бағытталады?

    23.04.2026

    Елде тағы 16 автожолда орташа жылдамдық бақыланбақшы

    23.04.2026

    Төрт мыңға жуық кітапхана, 10 000-нан аса қызметкер: Бүгін — Ұлттық кітап күні

    23.04.2026

    Атақты «Ялла» тобының жетекшісі Тоқаевтың қолынан орден алды

    23.04.2026

    Қазақстан үшін «+1 визасыз ел»

    23.04.2026

    Жетімдердің үй кезегі неге жылжымайды: сенаторлар үкіметке сауал жолдады

    23.04.2026

    Қырғыздардың орысша атауларды өзгертуіне Дума депутаты қарсылық білдірді

    23.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.