Алматы қаласының прокуратурасы заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Tarazy.kz
Алматы тұрғыны сыйақы алу мақсатында бір бөлмелі пәтеріне тұрмайтын 109 адамды тіркеп, заңсыз көші-қон ұйымдастырғаны анықталды.
«Резіңке пәтердің иесіне ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сот үкімімен ол бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды», — деп жазылған Алматы қаласы прокуратурасы хабарламасында.
