Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ербол Хамитов Паралимпиада алтынын иеленді

    13.03.2026

    Атыраудағы BINOM мектебіндегі пышақтасу: оқушы қыз ауруханаға түсті

    13.03.2026

    Жол құрылысының жаңа технологиялары: Алматыда студенттерге тәжірибелік дәріс өтті

    13.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 14 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ербол Хамитов Паралимпиада алтынын иеленді

      13.03.2026

      Атыраудағы BINOM мектебіндегі пышақтасу: оқушы қыз ауруханаға түсті

      13.03.2026

      Жол құрылысының жаңа технологиялары: Алматыда студенттерге тәжірибелік дәріс өтті

      13.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 2-орынға көтерілді

      13.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026

      Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

      26.02.2026

      Абай университетінде түлектердің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған «Сұхбат» жобасы өтті

      24.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Алматыда 2030 жылға қарай туберкулезды түгелдей жою туралы қарар қабылданды

    Алматыда 2030 жылға қарай туберкулезды түгелдей жою туралы қарар қабылданды

    Жаңалықтар 02.10.2025
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алматыда «Туберкулезсіз Орталық Азия: ұлттық жетістіктерден өңірлік көшбасшылыққа» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция және Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы туберкулез бойынша өңірлік парламент саммиті өтті.

    Іс-шараға Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің парламентшілері, денсаулық сақтаусаласының басшылары және ДДСҰ, Stop TB Серіктестігі және басқа да халықаралық ұйымдардың сарапшылары жиналды. Қатысушылар БҰҰ-ның туберкулезге қарсы Саяси Декларациясын (2023 ж.) жүзеге асыру барысын, туберкулезбен күрестегі азаматтық қоғамның рөлін және инновацияларды талқылады.

    Форум нәтижесінде 2026-2028 жылдарға дейін туберкулезге қарсы күресті жеделдету жөніндегі аймақтық қарар қабылданды.

    «Бүгін қабылданған қарар денсаулықты қорғау, жүйелерді нығайту және адам өмірін сақтап қалатын инновацияларға инвестиция салу бойынша біздің ортақ жауапкершілігімізді көрсетеді. Біз күш біріктіре отырып, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің туберкулезді жоюда көшбасшыға айналуын қамтамасыз ете аламыз», — деді форумның ашылуында сөйлеген сөзінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан БҰҰ-ның туберкулездің таралуы мен өлім-жітімін азайту жөніндегі мақсаттарына мерзімінен бұрын қол жеткізді. Саммитке қатысушылар аймақтағы табысты тәжірибені кең таратуға және 2030 жылға қарай бұл ауруды түбегейлі жоюды жеделдету үшін бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

    «Жетістіктерімізді сандардың өзі дәлелдейді: 2024 жылы Қазақстанда туберкулезбен ауыру 4 пайызға, ал өлім-жітім 16,6 пайызға төмендеді. Тұңғыш рет елімізде туберкулезден бала өлімі тіркелмеді. Бұғанең соңғы диагностикалық әдістер мен ішетін дәрімен емдеу тәртібін енгізудің арқасында қол жеткіздік», — деді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазы.

    Сондай-ақ ол туберкулезге шалдыққан азаматтарды әлеуметтік қолдаудың маңызын атап өтті. Мәселен, 2024 жылы амбулаторлық ем алатын науқастардың 99%-ы мемлекеттен әлеуметтік көмек алды. Қазақстан туберкулез саласындағы ҮЕҰ-ға бөлетін мемлекеттік тапсырыстар бөлу арқылы қаржыландыру көлемін бір жарым есеге ұлғайтты. Бірақ одан әрі жетістікке жету үшін халықтың туберкулезге шалдығу ықтималы жоғары осал топтарымен жұмысты және азаматтардың денсаулығына деген жауапкершілігін күшейту қажет.

    «Саяси ерік — туберкулезбен күрестің ең күшті құралы. Біз аймақтағы әрбір тұрғынға дер кезінде диагностикадан өту мен емделуіне жағдай жасауымыз керек. Туберкулезді жою — азаматтарымыз алдындағы ортақ парызымыз және 2030 жылға қарай осы мақсатқа қол жеткізуіміз керек», — деп атап өтті Global TB Caucus (Глобал ТБ Кокус) ұйымы төрағасының орынбасары Гүлдара Нұрымова.

    Саммит БҰҰ-ның туберкулезге қарсы саяси Декларациясының (2023 ж.) орындалу нәтижесін талқылайтын, Орталық Азиядағы эпидемиологиялық проблемаларды және тұрақты қаржыландыру мен заңнамалық қолдауды қамтамасыз етудегі парламент өкілдерінің рөлін белгілейтін пікірталас алаңына айналды.

    Алматы денсаулық медицина саммит Туберкулез

    Оқылып жатыр

    Ербол Хамитов Паралимпиада алтынын иеленді

    13.03.2026

    Атыраудағы BINOM мектебіндегі пышақтасу: оқушы қыз ауруханаға түсті

    13.03.2026

    Жол құрылысының жаңа технологиялары: Алматыда студенттерге тәжірибелік дәріс өтті

    13.03.2026

    Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

    13.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ербол Хамитов Паралимпиада алтынын иеленді

    13.03.2026

    Атыраудағы BINOM мектебіндегі пышақтасу: оқушы қыз ауруханаға түсті

    13.03.2026

    Жол құрылысының жаңа технологиялары: Алматыда студенттерге тәжірибелік дәріс өтті

    13.03.2026

    Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

    13.03.2026

    Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 2-орынға көтерілді

    13.03.2026

    Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

    13.03.2026

    «Қызылорда — Ақтөбе» төрт жолақты автожолының құрылысы басталды

    13.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.