Close Menu
    Оқылып жатыр

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 3 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

      02/11/2026

      Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

      02/11/2026

      Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

      02/11/2026

      Бақыланатын мобильді аударымдар шегі өзгерді

      02/11/2026

      Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

      02/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Алматыда Абайтанушылардың халықаралық симпозиумы өтті

    Алматыда Абайтанушылардың халықаралық симпозиумы өтті

    Жаңалықтар 26/02/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Абай университетінде «Қайым Мұхамедханов – 110 жыл: Ұлт руханияты, ғылым және абайтану мәселелері» атты халықаралық симпозиум өтті. Симпозиум аясында «Қайым Мұхамедханов атындағыабайтану дәрісханасының» тұсауы салтанатты түрде кесіліп, қатарынан бірнеше кітаптың таныстырылымы болды. Республикалық деңгейдегі бұл жолғы алқалы жиын ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ғалым, абайтанушы, текстолог Қайым Мұхамедхановтың ғылыми мұрасын жаңаша пайымдауға арналды, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Дәрісхананың тұсауын Академиялық қызмет жөніндегі проректор Бану Нарбекова, Филология факультетінің деканы Алуа Таңжарықова, профессор Фаузия Шамсияқызы және әдебиеттанушы Балтабай Әбдіғазин кесті. Симпозиумға Қайым Мұхамедхановтың ұлы Дегдар Қайымұлы мен қызы Дина Қайымқызы да арнайы қатысып, әке мұрасына көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірді.

    Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова өз сөзінде Қайым Мұхамедхановтың бар ғұмырын алаштану мен абайтануға арнағанын атап өтті. «Қуғын-сүргінге ұшыраса да тағдыр сынына мойымаған тұлғаның елге адал қызметі бүгінгі ұрпаққа үлгі» деді ол. Сонымен қатар, Қайым Мұхамедханов атындағыабайтану дәрісханасының ашылуы әдебиеттанушылар мен педагогтарды даярлайтын қара шаңырақ үшін тарихи мұра және Абай құндылықтарын дәріптеуге берік негіз болатынын жеткізді.

    Симпозиумда құттықтау сөз сөйлеген М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, академик Кенжехан Матыжанов Қайым Мұхамедхановтың ғылыми батылдығы мен абайтанудағы ерекше еңбегіне тоқталды.

    – Қайым Мұхамедхановтың жетекшілігімен 30-дан аса диссертация қорғалды. Бүгінде Абай шәкірттері мен ізбасарлары мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытылып келеді. Бұл – қазақ әдебиетіндегі бірегей ғылыми мектеп, ұлт мақтанышы. Осындай жанкешті еңбегі үшін ол 1951 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшырап, 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Соған қарамастан, ғұмыр бойы Абай сөзінің түпнұсқасын сақтаумен айналысты, текстологиялық талдау жасап, ғылыми түсініктемелер жазды. Бүгінгі жастар еркін заманда өмір сүріп жатыр. Конституцияның ең басты құндылығы – адамның еркіндігі. Ал осы еркіндікті Қайым Мұхамедханов сынды тұлғалар ғұмыр бойы армандады. Сіздер бақыттысыздар, – деді академик.

    Сонымен қатар жиында Шәкәрімуниверситетінің ректоры Думан Рымғалиұлы жәнеТүркия Республикасы консулдығының білім жөніндегі атташесі, профессор Шүкір Көше құттықтап сөз сөйледі. Олар да Қайым Мұхамедхановтың еңбегін жоғары бағалап, симпозиум жұмысы мен абайтануға арналған дәрісхананың ашылуы қазақ ғылымы мен мәдениеті үшін тарихи қадам екенін айтты.

    Халықаралық симпозиум офлайн және онлайн форматта өтіп, онда баяндама жасаған белгілі ғалымдар қазіргі абайтану ғылымы мен Қ.Мұхамедхановты байланыстыра тың идеяларын ортаға салды. Шара барысында Қайым Мұхамедхановтың еңбектері мен ғалымға арналған бірнеше ғылыми басылымның тұсауы кесілді. Кітаптарды Қайым Мұхамедханұлы атындағы Білім және мәдениет орталығының директоры, ғалымның қызы Дина Қайымқызы университет қорына сыйға тартты.

    Абай университеті абайтану симпозиум

    Оқылып жатыр

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026

    Бақыланатын мобильді аударымдар шегі өзгерді

    02/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026

    Бақыланатын мобильді аударымдар шегі өзгерді

    02/11/2026

    Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

    02/11/2026

    Қазақстанда мәслихат депутаттығына үміткерлердің үгіт-насихат науқаны басталды

    02/11/2026

    Сәтбаев университеті SU Labs Street жобасын таныстырды

    31/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.