Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 27 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Алматыда бір көшенің бойында тек дәмді тамақтар сатылуы мүмкін

    Алматыда бір көшенің бойында тек дәмді тамақтар сатылуы мүмкін

    Жаңалықтар 06.03.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алматының орталығында гастрономиялық көше пайда болуы мүмкін. Урбанистердің пікірінше, мұндай жоба қалаға жаңа туристерді тартып, жергілікті тұрғындар үшін тағы бір тартымды орынға айналуы ықтимал. Жоба жуырда қала әкіміне таныстырылған, деп хабарлайды Tarazy.kz КТКтелеарнасына сілтеме жасап. 

    Соған сәйкес, жақын уақытта Құрманғазы көшесінің Абылай хан даңғылы мен Достық даңғылы аралығындағы бөлігі біртұтас мейрамханалар серуен жолына айналуы мүмкін. Мұнда жаяу жүргіншілерге арналған кеңістік көбейіп, жазғы террасалар пайда болады, ғимараттардың қасбеттері реттеліп, ортақ дизайн-код енгізіледі. Алайда қала тұрғындарының пікірлері екіге бөлінген: біреулер орталықта онсыз да қоғамдық тамақтану орындары тым көп десе, енді бірі бұл бастаманы қолдайды.

    Қазірдің өзінде Құрманғазы көшесін Алматыдағы ең «дәмді» көшелердің бірі деуге болады. Мұнда шағын кофеханалардан бастап әртүрлі ас мәзірін ұсынатын мейрамханаларға дейін көптеп орналасқан. Яғни бұл жерде гастро-кластер қалыптасып қойған. Енді оны бір жүйеге келтіріп, қаланың толыққанды тартымды нүктесіне айналдыру көзделіп отыр.

    Рестораторлар бұл бастаманы қолдап отыр.

    Раугаш Қасымова, кофехананың жетекшісі:

    «Бізге әкімдіктен Құрманғазы көшесінде гастрономиялық көше ашу жоспарланып отырғаны туралы хабарлама келді. Біз бұл бастаманы толық қолдаймыз. Бұл жаңа туристерді тартып, бизнестің дамуына серпін береді деп ойлаймын. Мейрамханалар желісі дамып, жақсы бәсекелестік пайда болады. Нәтижесінде қонақтар саны да артады».

    Ал алматылықтардың пікірі әртүрлі. Кейбіреулер қала орталығы онсыз да мейрамхана мен дәмханаларға толып кеткенін айтады. Басқалары мұндай гастрономиялық көшелерді қаланың басқа аудандарында дамыту дұрыс болар еді деген пікірде.

    Сонымен қатар бұл идеяны қолдағанымен, экологияға, жасыл аймақтарға және тарихи келбетке алаңдайтындар да бар.

    – Меніңше, әкімдік қаланың басқа бөліктерін дамытуға көбірек көңіл бөлсе дұрыс болар еді.

    – Менің ойымша, бұл тамаша бастама. Әрине, қалада кафе мен мейрамхана онсыз да көп, бірақ олардың белгілі бір жерде шоғырланғаны да жақсы.

    – Бұл өте жақсы бастама деп ойлаймын. Тек экожүйе – ағаштар мен саябақтар – зардап шекпесе екен.

    – Бұл стратегиялық маңызы бар аймақ. Оны жаңарту керек, бірақ мұнда талғамсыз мейрамханалардың салынып кетуіне жол бермеу қажет.

    Сарапшылардың айтуынша, мұндай жобалар қалаға бірден бірнеше пайда әкелуі мүмкін: туризмнің дамуына ықпал етеді және қалалық инфрақұрылымды жақсартады. Сонымен қатар гастрономиялық кеңістіктер дұрыс ұйымдастырылса, көлік жүктемесін де азайтуы ықтимал. Яғни адамдар кешкі уақытты мейрамханада өткізу үшін қаланың бір шетінен екінші шетіне бармайды.

    Владислав Филатов, архитектор-урбанист:

    «Егер қалада барлық мейрамхананы бір жерге жинасаңыз, онда адамдар сол жаққа көлікпен ағылып, кептеліс көбейіп, ауа ластанады. Ал «қалада мейрамхана көп» деп оларды бір жерге топтастырсаңыз, ол орын ең көп жүктелетін аймаққа айналады. Менің ойымша, бұл көше біртіндеп туристік әрі мейрамханалар шоғырланған орынға айналып, тек жергілікті тұрғындарға емес, сырттан келетін қонақтарға да тартымды болады».

    Алматы әкімдігінде гастрономиялық көше қаланың ортасын дамыту және туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған кең ауқымды стратегияның бір бөлігі екенін айтады. Құрманғазы көшесі жаяу серуендеуге қолайлы кеңістікке айналуы тиіс – мұнда жаяу жүргіншілер аймағы кеңейтіліп, ғимараттардың қасбеттері бір стильде реттеледі.

    Ерлан Омаров, Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары:

    «Біз бұл жұмысты рестораторлармен бірге жүргізуді жоспарлап отырмыз. Оларды да осы іске тартып, көшені бірге дамытқымыз келеді. Негізгі мақсат – туристерді тарту. Бұл – Қазақстанның өз ішіндегі туристер де, шетелден келетін қонақтар да. Қазір Шымбұлақ, Медеу сияқты орындар туристер арасында танымал. Құрманғазы көшесі де олардың туристік бағытына енуі мүмкін».

    Жобаның нақты қашан жүзеге аса бастайтыны әзірге белгісіз. Сондай-ақ бұл көше алматылықтардың кешкі серуендерінің жаңа символына айнала ма, әлде жай ғана тағы бір мейрамханалар кварталы болып қала ма – оны уақыт көрсетеді.

    Алматы гастрономия көше тамақ

    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.