Close Menu
    Оқылып жатыр

    Депутат Құрылтай жанынан жаңа құрылым жасақтауды ұсынды

    16/09/2026

    Әлемде жанармай дағдарысы басталды — Wall Street Journal

    16/09/2026

    Елде тұрғын үйлерді жаппай сақтандыру міндеттелуі мүмкін

    16/09/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 16 сентября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Депутат Құрылтай жанынан жаңа құрылым жасақтауды ұсынды

      16/09/2026

      Әлемде жанармай дағдарысы басталды — Wall Street Journal

      16/09/2026

      Елде тұрғын үйлерді жаппай сақтандыру міндеттелуі мүмкін

      16/09/2026

      Абай университетінде студенттердің халықаралық форумы өтіп жатыр

      16/09/2026

      Тоқаев ұсынған жаңа бағыт: Корея үшін Еуропаға төте жол

      16/09/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Алматыда тұңғыш рет BAQ TOGYZQUMALAQ турнирі өтті

    Алматыда тұңғыш рет BAQ TOGYZQUMALAQ турнирі өтті

    Басты тақырып 24/06/2024
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алматыда тұңғыш рет БАҚ қызметкерлері күніне орай журналистер арасында «BAQ TOGYZQUMALAQ” атты турнир өтті, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. 

    V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында Assyl Tas қорының қолдауымен ұлттық құндылықты дәріптеу, тарихы терең зияткерлік ойынды кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Алматы қаласы мен Алматы және Жетісу облыстарының БАҚ өкілдері қатысты. Ойыншылардың көбі тоғызқұмалақты алғаш рет ойнады. Сол себепті 2 күнге жоспарланған жарыстың бірінші күні тәжірибелі жаттықтырушылар шеберлік сабақтарын өтіп, журналистерге тоғызқұмалақтың қыр-сырын үйретті.

    Турнирге жалпы саны 40 қатысушы тіркелді. Тілшілер мен редакторлар, блогерлер мен телерадио саласының қызметкерлері турнирде топқа бөлініп сынға түсті. Жарыс төрешілері ойын барысын қадағалап, турнирдің тоғызқұмалақ федерациясы бекіткен талаптарға сай болуын, шын мықтылардың анықталуын ерекше назарға алды.

    BAQ TOGYZQUMALAQ турнирі

    «BAQ TOGYZQUMALAQ” турнирінің басты мақсаты: БАҚ өкілдерінің ұлттық зияткерлік ойынға деген қызығушылығын ояту, насихатын арттыру. Турнирді ұйымдастырғандар: Тоғызқұмалақ спортының Алматы қалалық, Алматы және Жетісу облыстық федерациялары. Қолдау білдірген: Assyl Tas қоры, республикалық «Достық» үйі.

    Тартысты бәсекеде үздік өнер көрсетіп жеңімпаз болғандар дипломдармен, ақшалай сыйлықпен марапатталды. Қыздар арасында жүлделі үшінші орынды «Ана тілі» газеті бас редакторының орынбасары Қарагөз Смәділ мен «Үш қоңыр» газетінің тілшісі Салтанат Жасбатырқызы иеленді. Екінші орынмен Massaget.kz сайтының тілшісі Нұржамал Үсенова марапатталды. Ал бірінші орынды Kursiv.kz медиа агенттігінің қызметкері Ақниет Төленді иеленді.

    Қыздар арасында турнир жеңімпазы — Ақниет Төленді

    Ал ерлер арасында спорт журналисі Нұрлыхан Жұмахан мен «Алатау арайы» газетінің қызметкері Әліби Изекенов үшінші орын алдыі. Екінші орынмен sportpress.kz сайтының тілшісі Нұрлан Құмар марапатталды. Ал Massaget.kz порталының шеф редакторы Өмірбек Сансызбай ең үздік нәтижемен жарыс чемпионы атанып, бас жүлдені алды.

    Ерлер арасында чемпион — Өмірбек Сансызбай

    Одан өзге бірнеше журналист турнирде тартысты ойнап, жоғары нәтиже көрсеткені үшін ынталандыру марапатына ие болды. Олар: Nege.kz порталының тілшісі Динара Мыңжасарқызы, «Әділ сөз» ұйымының өкілі, ардагер журналист Ғалия Әженова, «Қазақстан» ҰТА Алматы бюросының жетекшісі Жазира Оразқызы, «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Ришад Тұрғанбай және «Жетісу» телеарнасының қызметкері Данияр Мұстафаев.

    Турнирге қонақ ретінде келген республикалық Тоғызқұмалақ федерациясының вице президенті, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Әкім Тұрсын, Тоғызқұмалақтан мемлекеттік бас жаттықтырушы Дәулет Әбдікәрімов жарысты өте жоғары бағалап, жарыс жеңімпаздарын құттықтады. Дәл осындай «BAQ TOGYZQUMALAQ” турнирі алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлерінде жалғасын табады.

    Assyl tas қоры БАҚ өкілдері Достық үйі журналистер Тоғызқұмалақ тоғызқұмалақ турнирі тоғызқұмалақ федерациясы

    Оқылып жатыр

    Депутат Құрылтай жанынан жаңа құрылым жасақтауды ұсынды

    16/09/2026

    Әлемде жанармай дағдарысы басталды — Wall Street Journal

    16/09/2026

    Елде тұрғын үйлерді жаппай сақтандыру міндеттелуі мүмкін

    16/09/2026

    Абай университетінде студенттердің халықаралық форумы өтіп жатыр

    16/09/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Депутат Құрылтай жанынан жаңа құрылым жасақтауды ұсынды

    16/09/2026

    Әлемде жанармай дағдарысы басталды — Wall Street Journal

    16/09/2026

    Елде тұрғын үйлерді жаппай сақтандыру міндеттелуі мүмкін

    16/09/2026

    Абай университетінде студенттердің халықаралық форумы өтіп жатыр

    16/09/2026

    Тоқаев ұсынған жаңа бағыт: Корея үшін Еуропаға төте жол

    16/09/2026

    Қаныш Сәтбаевтан Тұран жолбарысына дейін: «Ғылым ордасында» тың зерттеулер таныстырылды

    16/09/2026

    Санжар Боқаевтың соты өтетін күн белгілі болды

    15/09/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.