Close Menu
    Оқылып жатыр

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 8 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

      06.05.2026

      Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

      05.05.2026

      Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

      05.05.2026

      БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

      05.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Анаркүл апа туралы бір үзік сыр….

    Анаркүл апа туралы бір үзік сыр….

    Өңір тынысы 29.10.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тағдыр талайымен алыстағы туған жерін тастап, 1960 жылдары Қазақстандағы тың игеру кезінде сонау Иванофранкиевскі облысы,Варона селосынан төрт украин отбасы келдік деп еске алады Анаркүл апа.Анасы — Олена,ағасы-Багдам және өзі.Қазақстанға келгенде Анаркүл апамыз қаршадай 15 жастағы қыз екен.15 –тегі ойын баласы келе,еңбекке араласып,қызылша алаңынан табылған. Сол кездегі қара жұмыс,қызылшаны баптап өсіру оңайға соқпады,бірақ қыз мойымады.Анасына ілесіп таңда кетіп,кеш қайтып жүрді.Сол кездегі тынымсыз еңбек,колхоз жұмысының қиындығына мойымаған күндер анамызды Еңбек ері дәрежесіне дейін көтеріп, «Еңбек ері» медальімен марапатталды.Еңбектің арқасында аудандық депутаттыққа сайланып,1968 жылы Алматы қаласындағы еңбек слетіне қатысып қайтты.

    1962 жылы 17 жасында қазақ жігіті — Тоқтасын ағамыздың етегінен ұстап,үлкен Қоңырбай ұрпағының, Иманбаевтар отбасына келін болып түседі.Тоқтасын ағамыз да елге сыйлы,бақытын еңбектен тапқан бригадир болған.Апамыз үйленгендегі керемет жайтты еске алды: ауыл молдасы некелерін қиып,апамыздың атын Ганнадан, қазақша Анаркүл болсын деп жария етеді.Содан бері апамыз бүкіл ауылға Анаркүл қазақтың келіні болып аталып кеткен екен.Бүгінде анамыз қазақтың салт –дәстүрін,ырым –тыйымдарын қазақ келіндерінен де артық біліп,ұстанады десек артық айтпаған болар едім.Мысалға айтар болсақ,қайныларының атын атамай,барлығына ат қойған.Мақалдап сөйлегенде алдына жан салмайды.Келіндеріне сәлем салдырып, қазақтың салтын сақтап келеді.

    Қазіргі таңда Тоқтасын ағамыз бен апамыз 9 ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп отырған,құтты орындарына қондырып,ұлын –ұяға қызын қияға ұшырған бақытты ,үлкен,ел қызыға да ,қызғана қарайтын отбасы болып отыр.Батыр ана — 9 ұл – қыздан 40 немере, 24 шөбере көріп отырған бақытты әже.Әулеттен тараған ұл мен қыздар Алматы қаласында тұрып жатыр.Ұлының үлкені,қара шаңырақ иелері Сайлау мен Махаббат апаның жағдайын жасап отырған жандар. Ұлы -Ерғали кәсіпкер,келіні -Гүлбүбі,ауылдағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі, ұлағатты ұстаз.Ерғалидан тараған немерелері Ақжүніс пен Ерсұлтан өнерді бағындырып жүрген балғындар.Немерелері де өнерден,спорттан құралақан емес.Немересі Әлібектен тараған Дулат шөбересі мен Бексұлтан еркін күрестен Республикалық жарыстардың жүлдегері. 3жасар шөбересі Асхатқызы Аилин Республикалық деңгейде би жарысынан бас жүлдені иеленіп,медальмен марапатталды.

    Қазір Тоқтасын ағамыз бұл өмірде жоқ,апамыз бір сәт жан –жарын есіне алып,көзіне жас алды.Бірақ,ана бақыты ортаймақ емес, өйткені немере,шөберелерінің ортасында марқайып,ұл-қыздары арқылы мақтанып отырған бақытты әже,қамқор ана,бір әулетті айрандай ұйытып отырған асыл жар,асыл ана!Ананың мейірімі жан –жағына өз шуағын төгеді.Осы шуақпен жылынып,асыл ананың құшағына мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап,аялай білсе,бұдан асқан бақыт жоқ шығар.

    №2 шағын орталықты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ж.Қ.Өтепбергенова

    Оқылып жатыр

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026

    Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

    27.04.2026

    Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

    27.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026

    Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

    05.05.2026

    БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

    05.05.2026

    Өскемендегі Казцинк зауытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

    05.05.2026

    Үш айда 226 адам жемқорлық күдігіне ілінді, залал 4,2 млрд теңге

    05.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.