Close Menu
    Оқылып жатыр

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сәрсенбі, 4 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

      13.05.2025

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025

      Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

      30.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Атышулы ағайынды Қырықбаевтар

    Атышулы ағайынды Қырықбаевтар

    Өңір тынысы 25.04.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысы мен Тараз қаласын ағайынды Қырықбаевтарға бола «бандиттердің отаны» атаса керек, сірә. Шынымен де, егер облыстағы ұйымдасқан қылмыстық топтың әрбірін жеке зерттер болсаңыз, бұл өңірдің бандиттері қанішерлігімен де, қаталдығымен де,  ешкімге ұқсамайтынымен де ерекшеленіп тұрады. Олар үшін адам өлтіру түк емес. Бүгін мен Тараздың басқа бандиттерінен бөліп алып, ағайынды Қырықбаевтар туралы баяндамақпын.

    Олардың отбасында 10 ағайынды бар. Өксікбай мен Шамқыздың әулеті Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы Бесжылдық ауылында тұрды. Он ұлдың алтауы қылмыстық жолға түскен. Оған дәлел – үстілерінен «Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшілері ретінде қылмыстық іс қозғалған. Алайда қазір олардың үшеуі ешкімге соқтықпай, тыныш өмір сүріп жатқанға ұқсайды.

    Ең үлкені Инаят спортшы болды, бар өмірін футболға арнады. Ал оның төрт бауыры аймақты тітіреткен қылмыстық авторитеттерге айналды. Олардың әрқайсысы туралы жеке жазуға да болар еді. Мәселен, үлкендерінің бірі Уәлихан Қырықбаев сотталды. Таразда адам өлтірген Нұрмахан іздеуде жүр. Ағайындылардың арасындағы ең пысығы Алмас екен. 2000-жылдардың басында ол аты-жөнін Мадияр Өксікбаев деп ауыстырып алған. Жамбыл облысында ірі бизнесмен атанды. Соның арқасында аймақтық билікке де жақындай түсті. Облыстық мәслихаттың депутаты атанды. Бұл оған көп мүмкіндіктер ашып берді. Тіпті оған облыстық әкімдіктің де есігі ашылды деуге болады. Жергілікті журналистерде әлгі «халық қалаулысының» фотолары болуы керек. Тіпті сол кездегі ІІД басшысымен де қолтықтаса түскен суреті бар деседі. Бірақ, Мадияр-Алмасқа одан әрі өсуіне мүмкіндік бермеді. Тықыр таянғанын сезген ол шетел асып үлгерді. Қазір БАӘ-де тұратын көрінеді. Білетіндер оны дінге бет бұрды деседі.

    Қылмыс әлемінде бәрінен «аты озған» – ортаншы ұл Ерғали мен кенже Қайрат. Ерғали – егіздің сыңары. 1971 жылы 1 қазанда Нұрғалимен бірге туған. Олар туралы кейінірек, алдымен бауырлардың ішіндегі ең қатігезі, ең мінездісі Қайрат туралы айтпақпын.

    Оның қандай баптар бойынша 18 жылға сотталғанын келтірейін. ҚР ҚК-нің 235-бабының 1-бөлімі – «ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған жетекшілік жасау», 181-баптың 3-бөлімі «а,в» тармақтары – «бопсалау», 251-баптың 3-бөлімі – «қару-жарақ пен жарылғыш заттарды заңсыз сақтау», сондай-ақ, «адам өлтіру», «контрабанда» сияқты баптар бар.

    Полицияның дерегіне қарағанда, Қайрат Қырықбаев «микрорайон» жастарынан «вольниктер» деп аталатын қылмыстық топ құрған. Олардың қарсыластармен қалай соғысқанын естісеңіз, жан түршігеді. Тіпті Қайрат бауыры Ерғали екеуі ортақ жаулары – «Кировские» деп аталатын қылмыстық топтың жетекшісі Талғат Артықбаевты тапаншамен 38 рет атып өлтіргені туралы дерек бар. Ал мынау Қайрат Қырықбаевты 18 жылға соттаған үкімнен үзінді:

    «Сот үкімімен Қайрат Өксікбайұлы Қырықбаев аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 2006 жылы Тараз қаласында ауыр қылмыстар жасау үшін А.Жұмағұловпен (2006 жылы 5 желтоқсанда атыс кезінде өлді) бірігіп топ құрған және оған жетекшілік жасаған.      

    Қылмыстық топтың жетекшісі Қ.Қырықбаев А.Жұмағұлов екеуі бизнесмендерді бопсалау үшін топ мүшелерін қарумен қамтамасыз етіп, әркімге атқаратын рөлін бөліп берген.

    2006 жылы 11 қарашада шамамен 11:00-де Қырықбаев пен Жұмағұлов «Караван» базарына келіп, базардың салық агенттері мен бақылаушыларын қорқытқан. Өзінің жақында түрмеден шыққанын айтып, бастан-аяқ киіндіруді бұйырған. Қырықбаев базардан 615 мың теңгенің киімін тегін алғанымен қоймай, салықшылардың бірінің телефонын тартып алған.

    Қырықбаев қылмыстық тобын қаруландыру үшін 2006 жылдың қарашасына дейін белгісіз жолмен «ТТ» және «ПМ» тапаншасын заңсыз жолмен алған.

    2006 жылы 1 желтоқсанда «Караван» базарына қылмыстық жолмен ықпал ететін М.Мұхтарханов Қ.Қырықбаевтың базар қызметкерлерін бопсалағанын естиді, де, бақылаушы С.Молладжановқа қысым жасайды.

    2006 жылы 5 желтоқсанда кешкі 17:30 шамасында Қ.Қырықбаев қаруланып, Тараз қаласының Жібек Жолы көшесіндегі биллиард клубқа Мұхтархановты іздеп келеді.

    Қырықбаевтың сыбайласы А.Жұмағұлов биллиард клубында М.Мұхтархановпен әдейі ерегес тудырып, қылмыстық топ мүшелері «ТТ» және «ПМ» тапаншаларынан оқ жаудырған. Мұхтарханов та «ПМ» тапаншасынан оқ атқан.

    Атыс кезінде бірнеше оқ Мұхтархановтың кеудесіне, жамбасына тиіп, сол жерде көз жұмған. Жұмағұловқа да бірнеше оқ тиіп ол да сол жерде өлген.

    Қылмыстық топ мүшелерінің бірі Е.Қадырәлиевтің де кеуде тұсына және ішіне оқ тиіп, денсаулығына ауыр зардап келген.

    Адам өлтірген Қ.Қырықбаев кеден арқылы Қырғыз Республикасының аумағына өтіп кетеді. Мемлекеттік шекарадан өзімен бірге «ПМ» тапаншасын да өткізген.

    2007 жылы 29 наурызда 20:00 шамасында Қырғыз Республикасы ІІМ қызметкерлері Бішкек қаласында Қырықбаевты ұстады. Одан Қырғызстанға заңсыз алып өткен «ПМ» тапаншасы мен оның 6 оғы табылған.

    2007 жылы 14 қыркүйекте Жамбыл облыстық соты Қ.Ө.Қырықбаевты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабының 2-бөлімі «е,ж» тармақтары, 251-баптың 2-бөлімі бойынша кінәлі деп тауып, 18 жылға бас бостындығынан айырды».

    Осылайша, Қайрат та өзінің туған бауыры Ерғали жатқан тергеу изоляторына түсті. Ерғалиға қатысты үкімді де осы сот шығарған еді.

    Еліміздің қылмыстық тарихында бұл екі бауыр қылмыскер ретінде ғана емес, түрмеден таңқаларлық жағдайда қашқандар ретінде де қалатын болды.  Голливуд сценарийіне бергісіз бұл оқиға туралы бөлек жазғым келді. Өйткені, қылмыстық істе небір қызық оқиғалар бар…

    Журналист Асқар Жалдиновтың «Вне протокола» кітабынан.

    Nege.kz 

    қылмыс Тараз

    Оқылып жатыр

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025

    Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

    03.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.