Автор: admin
Биыл елімізде бүкіл әлем мойындаған, данышпан бабамыз Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Ол өз шығармаларында, оның ішінде «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінде тәрбие, мейірімділік, парасаттылық және әділдік жайлы ой қозғаған, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Сондықтан, келесі «Адалдық сағаты» ұлы Әл-Фарабиге арналады. Акция онлайн форматта болғандықтан, Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерімен алдын ала келісіп, «Адалдық сағаты» республикалық телеарналарда көрсетілуде. Одан бөлек, бейне-дәрістер Агенттіктің Youtube парақшасына жүктеліп, аумақтық департаменттер мен «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілерінде көрсетілуде. Бейне-дәріс пен арнайы сюжеттер облыстық/аудандық телеарналарда да ұйымдастырылды. Онлайн форматта өткен осы іс-шара қоғам тарапынан қолдауға ие болды. Оның тәрбиелік маңыздылығы туралы өңірлердегі…
Жамбыл облысының орталығындағы № 5 қалалық емхананың жалпы тәжірибелі аймақтық дәрігері Хахарова Роза короновирустық инфекцияның алдын алу, жіті репираторлық вирусты инфекция мен пневмонияны емдеу жолдарын түсіндіреді. Дәрігер коронавирустың алғашқы белгілері пайда болған уақытта қандай маңызды жағдайларды өткізіп алмауды, айтады. Тәжірибелі маман осы ауруды жұқтырмаудың жолдарын, алдын алуды түсіндіреді. Роза Хахарованың айтуынша, қобалжуға не қорқуға жол беруге болмайды және дәрігерге қаралмастан антибиотиктерді салуға қатаң тыйым салынады екен.
Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев пандемияға байланысты жағдайдың ушыққанын айтып шаһар тұрғындарына Үндеу жасады. Кімнің болсын жақындары мен таныстары індеттен қайтыс болу жағдайы күнде орын алып жатқандығын жасырмай айтты. Осы ретте қала басшысы тұрғындардан талаптарды қатаң сақтап, әр азамат алдымен өзі және отбасының қауіпсіздігіне назар аударуын өтінді.
Сенбі, 4 шілде күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Сарысу ауданына барды. Аудан активімен болған кездесуде аймақ басшысы ауданның жаңа әкімін таныстырды. Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Бақытжан Жақсылықов Сарысу ауданының әкімі болып тағайындалды. Бердібек Сапарбаев жаңа әкімге экономиканың барлық саласында өсімді қамтамасыз етіп, өндіріске, ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлікке айрықша назар аударуды тапсырды. — Сарысу ауданында алдыңғы қатардан көрінуге қажетті барлық мүмкіндік бар. Ол үшін әкім ведомствоға қарасты барлық мекемелердің жұмысын жүйелі түрде ұйымдастырып, қоғам белсенділері және кәсіпкерлермен өзара ынтымақта жұмыс істеуі керек, — деді Бердібек Сапарбаев. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың…
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» Жамбыл облысындағы халықты жұмыспен қамтамасыз етудің және әлеуметтік мәселелерді шешудің тиімді құралына айналды. Өңірде аталған бағдарлама аясында 831 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде 180 жоба әлеуметтік нысандардың инфрақұрылымын дамытуға, 200 жоба – ТКҮШ, 327 жоба – инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамытуға, 124 жоба елді мекендерді абаттандыруға бағытталған. Өңірде 19 599 жаңа жұмыс орнын құру көзделуде. Жұмыспен қамтылған жұмысшылардың кемінде жартысы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасуы керек. Бүгінгі таңда 821 жобаны іске асыру басталған десек, оған 14 мыңнан астам адам, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 7 мың адам тартылған. Бағдарлама тұрғын үй мәселесін шешуге де өз…
4 шілдеде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Шу ауданына барып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Аймақ басшысы Ақсу ауылдық округіне ат басын бұрып, «Өтеул» шаруа қожалығының жұмысын барлады. Шаруа қожалығының басшысы Шамиль Сәрсенбаевтың айтуынша, биылғы егістік нәтижесінде олар 450 гектар жерге арпа және дәл осындай аумаққа күздік бидай сепкен. Бүгінде қожалық дәнді дақылдарға орақ түсіре бастаған десек, бидайдың орташа шығымы гектарына 23-25 центнерден, жаздық арпа 18-20 центнерден айналуда. Шаруашылықта өз қаражатына сатып алынған алты трактор, екі комбайн және басқа да қажетті техникалар бар. Он адам тұрақты негізде жұмыспен қамтылған, қосымша тағы 15 адам далалық жұмыстарға тартылуда. Қожалық мал…
Доводим до Вашего сведения, что в сети аптек города в наличии имеются следующие лекарственные препараты: Антибиотики, ципрофлоксацины Сиспрес-250Сиспрес-500ФлапроксЦипроксЦипролет-250Ципролет-500Ципролет-200Сифлокс-500ФорцинЦифран ОДЦипрофлоксацинЦифран Противовирусные препараты для детей ЭргоферонИнговеринКагоцелАнаферонАмизонАрбидолЦитовир-3ГроприносинИРС-19ТимогенОРВИ актив Антибиотики, левофлоксацины Алево-500Дивелон-500Левозин-250Левозин-500Левозин-750Логикс-5200Тайгерон-250Тайгерон-500РемедиаОД-ЛевоксЛевоцинЛеволетЛевоксимедЛевомак-500Люфи-500ЛевояпсТаваник-500Флорокс Д Иммуномодуляторы для детей ВиферонГенферон ЛайтБета ГлюканНазоферонБета ЛайтБиофлазид Препараты, заменяющие парацетамол для взрослых ФервексТайлол фен хотТанфлексГрипгоФлюкол –СМаксигриппинНимесил Препараты, заменяющие парацетамол для детей ЭффералганМаксигриппин Акимат города Тараза
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!Бігінгі таңда қаладағы дәріханаларда вирусқа қарсы келесі дәрі-дәрмектердің бар екенін хабарлаймыз. Антибиотиктер, ципрофлоксациндер:-Сиспрес-250-Сиспрес-500-Флапрокс-Ципрокс-Ципролет-250 Ципролет-500Ципролет-200-Сифлокс-500-Форцин-Цифран ОД-Ципрофлаксацин-Цифран Балаларға арналған вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер:-Эргоферон-Инговерин-Кагоцел-Анаферон-Амизон-Арбидол-Цитовир-3-Гроприносин-ИРС-19-Тимоген-ОРВИ активАнтибиотиктер, левофлоксациндер:-Алево-500-Дивелон-500-Левозин-250-Левозин-500-Левозин-750-Логикс-5200-Тайгерон-250-Тайгерон-500-Ремедиа-ОД-Левокс-Левоцин-Леволет-Левоксимед-Левомак-500-Лофи-500 Левояпс-Таваник-500-Флорокс Д Балаларға арналған иммуномодуляторлар:-Виферон-Генферон Лайт-Бата Глюкан-Назоферон-Бета Лайт-БиофлазидЕресек адамдарға парацетамолды ауыстыратын дәрі-дәрмектер:-Ферфекс-Тайлол фен хот-Танфлекс-Грипго Флюкол-С-Максигриппин-Нимесил Балаларға парацетамолды ауыстыратын дәрі-дәрмектер:-Эффералган-Максигриппин Тараз қаласының әкімдігі
2020 жылдың 1-3 шілде күндері «Жастар» аллеясының «Сахна» алаңшасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының 80 жылдығына орай Елбасының өмір жолынан түсірілген фильмдерден кинокөрсетілім ұйымдастырылды.
2020 жылдың 3 шілде күні Жабыл облысының орталығы Тараз қаласында Қайрат Рысқұлбеков саябағында көпбалалы және жалғызбасты әйелдерге арналған «Әйел — отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «Ұрпақ тәрбиесі ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы» тақырыбында ҚР мәдениет қайраткері, профессор, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік универсиетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі А.Кабиева, «Сән әлеміндегі «Нео-фальклор» үлгісіндегі қолөнер туындылары» тақырыбында өнертанушы, доцент, техника ғылымдарының кандидаты, белгілі дизайнер, «АSPARA FASHION WEEK» сән апталығының Президенті, «Асыл-Дизайн» сән үйі мен «Аспара» модельдік өнер және бизнес колледжінің негізін қалаушы А.Қалиев, «Әйел — отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы» тақырыбында «Jambyl Taraz» газетінің редакциясы» ЖШС-ның директоры-бас редактор, қалалық…