Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

    21/10/2026

    39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

    21/10/2026

    45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

    21/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 21 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

      21/10/2026

      39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

      21/10/2026

      45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

      21/10/2026

      Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлем беру тәртібі өзгермек

      21/10/2026

      KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

      20/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Назарбаев: Әблязовты министр етіп тағайындадым, ал ол ұрлық жасады (видео)

    Назарбаев: Әблязовты министр етіп тағайындадым, ал ол ұрлық жасады (видео)

    Ел іші 01/12/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев қуғындағы банкир Мұхтар Әблязовқа сенім артқанын, алайда ол үмітін ақтамағанын мәлімдеді. Бұл жөнінде ол 1 желтоқсан Тұңғыш президент күні қарсаңында өзі туралы түсірілген «Штрихи к портрету» деректі фильмінде айтты.

    «Мысалы, Әблязов сатқын емес пе? Мен оны жас кезінде энергетика министрі қызметіне тағайындадым. Ал ол ұрлық жасады. Түрмеге отырғыздық. Сол жерден талай рет хат жазды. Туған-туыстары мен достары да босатуды өтінді. Біршама уақыттан кейін президент өкілеттілігін пайдаланып, оған рақымшылық жасадым. Әйтпесе, түрмеде отыра беретін еді» деді Назарбаев.

    Экс-президенттің айтуынша, Әблязов түрмеден шыққаннан кейін банк басшылығына сұранған, Назарбаев ол өтінішін орындаған.

    «Ал ол не істеді? 7,5 миллиард долларды ұрлап кетті. Енді осы ақшаға 15 жыл батыста тұрып жатыр. Бұдан басқа қандай ақшаға күн көреді. Ол жақта жұмыс істеп жатқан жоқ қой. Жалақы да алмайды. Соның бәрі халықтың ақшасы болды. Мемлекет адамдардың ақшасын қайтарып берді. Әлі күнге дейін сол ақшаны іздеп, біртіндеп қайтарып жатырмыз» деді Назарбаев.

    Бұған қоса, Назарбаев Әблязов туралы «Ол адам жақсы жұмыс істесе, өз еліне пайдасын тигізетін еді. Бірақ қашқын болып шықты» деп айтты.

    Мұхтар Әблязов кім?

    Қазақстанның энергетика министрі болып қызмет атқарған Мұхтар Әблязов 2000 жылдардың басында оппозицияға өтіп, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сыншысына айналған еді. 2002 жылы Мұхтар Әблязов «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты» және «қызмет өкілетін асыра пайдаланды» деген айыппен 6 жылға сотталған. Бір жылдан соң ол сол кездегі ел президенті Назарбаевтың рақымшылығымен босап шығып, 2005-2009 жылдары БТА банкін басқарған. 2009 жылы шетелге қашқан.

    2017 жылы Әблязовты Қазақстан билігі «БТА банкінен» ақша ұрлады деген айппен 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сырттай кескен. Ал 2019 жылы «бизнестегі бұрынғы әріптесін өлтірді» деп айыптап, оны өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

    Бұған қоса, Әблязовтың 2013 жылы шетелде жүріп құрған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысын 2018 жылы Қазақстан соты «экстремистік ұйым» деп танып, ел аумағында оның жұмысына тыйым салды. Бірақ Еуропарламент «ҚДТ»-ны «бейбіт ұйым» деп есептейді.

    Елден 2009 жылы қашып, қазір Францияда тұрып жатқан, жақында сол елден саяси баспана алған Мұхтар Әблязов бұл айыптаудың бәрін жоққа шығарады. Ол мұның барлығын астарында саяси себеп бар деп есептейді.

    Оқылып жатыр

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    «Халық Кеңесі Құрылтайға балама мекеме емес» — Тоқаев

    24/09/2026

    Президент Халық Кеңесінің құрамын бекітті: кімдер кірді?

    22/09/2026

    Ресейдегі үш күндік маңызды саяси науқан аяқталды

    21/09/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

    21/10/2026

    39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

    21/10/2026

    45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

    21/10/2026

    Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлем беру тәртібі өзгермек

    21/10/2026

    KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

    20/10/2026

    Қазақстанда неше жастан зейнетақы алуға болады?

    20/10/2026

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.