Автор: admin
ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2019 жылғы қаңтар-қазан айларындағы ақша-несие саясатының іске асырылуы туралы баяндады, — деп хабарлайды Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ерболат Досаев атап өткендей, жылдық инфляция біздің күтуімізге сәйкес қалыптасуда және қазанның қорытындысы бойынша 5,5 пайыз болды. Ақылы қызметтерге баға мен тарифтердің өсуі тарихи ең төмен деңгейде қалуда — жылдық көрсетуде 0,8 пайыз. Реттелетін қызметтерге тарифтер қазанда жылдық көрсетуде 7,7 пайызға төмендеді. Жыл соңына дейін инфляция деңгейі 5,7-5,8 пайыз, яғни 4-6 пайыз таргеттелетін дәлізде бағаланады. «Осы факторларды ескере отырып, Ұлттық Банк 28 қазанда базалық ставканы 9,25 пайыз деңгейде және +/-…
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жас робототехниктер командасы Венгрияның Дьорынан табысты оралды. Белгілі жаттықтырушы Николай Авдюниннің жетекшілігіндегі олар WRO чемпионатының (World Robot Olympiad – Робототехникадан Бүкіләлемдік олимпиада) үздік үштігіне еніп, елге қола медаль алып келді. NIS құрама командасы «Ақылды білім» секциясында математика мен бейнелеу өнері пәнінен сабақ беретін, әліпбиді үйренуге көмектесетін, көру және есту қабілеті нашар балалармен жұмыс істейтін бастауыш сынып мұғалімі «Ziggurat» роботын таныстырды. – Жобаның идеясы Талдықорған Зияткерлік мектебінен Даниил Филимоновке тиесілі, онымен бірге Алматыдағы физика-математикалық бағыттағы Зияткерлік мектеп оқушысы Любовь Дудченко және Талдықорғандағы NEXTROBOT орталығынан Элина Пак жұмыс істеді. Ал оларға робототехникадан Алматы облысы құрама командасының жаттықтырушысы Николай Авдюнин…
Бүгін Жамбыл облысы Полиция департаментінде полиция капитаны, Халық Қаһарманы Ғ.Байтасовты қаза болғалы 8-ші жыл салтанатты түрде еске алу шеруі өткізілді, — деп хабарлайды Жамбыл облысы Полиция департаменті Баспасөз қызметі. Еске алу іс-шарасына облыстық Полиция департаменті басшылығы және жеке құрамы, Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев, ішкі істер органдары ардагерлері мен батырдың туған-туыстары және Төле би атындағы №8 мектеп-гимназиясының кадеттік сынып оқушылары қатысты. Салтанатты гүл қою рәсімінен кейін сөз алған Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиев: Ел бейбітшілігі мен қауіпсіздігі жолында қаза болған әрбір полиция қызметкері Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары тарихында ерекше құрметпен сақтаулы. Олардың ішінде террористі құрықтау…
2019 жылдың 9 қарашасында «Динамо» спорт кешенінде Халық қаһарманы, полиция капитаны Ғ. Байтасовты жане қызмет барысында қаза болған полиция қызметкерлерін еске алуға арналған Жамбыл облысы Полиция департаментінің ауыспалы кубогы үшін самбодан жарыс өткізілді, — деп хабарлайды Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі. Сайысқа Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара Қызметі-2035, Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы, Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы, Көліктегі полиция басқармасы, Жамбыл облысы ПД, Тараз қаласы Полиция басқармаларынан құралған 7 команда қатысты. Шараның салтанатты ашылуында Жамбыл облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Бауыржан Үдергенов сөз бастап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, жарыс алдында ағымдағы жылы үздік нәтиже…
Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен спартакиада ойындары өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа тараздық ұстаздар да қатысып, жүлделі бірінші орынмен оралды. Спартакиада ойындарында ұстаздар волейбол, баскетбол және кіші футболдан өзара мықтыны анықтады. Республиканың барлық облыстарын қамтыған жарысқа 600-ге жуық ұстаз қатысты. Олардың басым бөлігі – дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Кіші футболда ФИФА бекіткен халықаралық ережеге сай командалар жеребе тарту рәсімі арқылы анықталды. – Жалпы жарысқа қатысушылар төрт топқа бөлінді. Біздің топта Алматы, Ақтөбе, Атырау құрамалары болды. Он төрт аймақтан келген үміткерлерден жартылай финалға төрт топ өтті. Онда Қостанайды 2:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама…
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары! 2019 жылдың 9-10 қараша күндері сағат 9.00-ден бастап Жамбыл облысының 80 жылдығына орай орталық «Н.Назарбаев» алаңында жеңілдетілген бағамен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Жәрмеңкеге барлығыңызды шақырамыз. Тараз қаласының әкімдігі
Шымкент қаласының бірқатар лауазым иесіне сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды, — деп хабарлайды Антикоррупциялық қызметтің баспасөз қызметі. Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. «2018-2019 жылдар аралығында колледжде жүргізілген аудиторлық тексеру бойынша оң шешім шығарғаны үшін қалалық білім басқармасының «Музыкалық колледж» МКҚК директорынан 1 миллион 200 мың теңге сомасында пара алғаны үшін қалалық әкімдіктің Ішкі аудит қызметінің басшысы әшкереленді. Осыған ұқсас қылмысты жасады деп қалалық білім басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы күдікке ілініп отыр, ол орта мектептің оқу бөлімінің меңгерушісінен оны мектеп директоры лауазымына тағайындауға…
В Таразе патрульные полицейские обстреляли машину, заезжающую во двор частного дома. Водитель был в состоянии алкогольного опьянения, передает корреспондент Tengrinews.kz. Инцидент произошел 25 октября. Видео с камеры наружного видеонаблюдения на номер WhatsApp +7 777 001 44 99 прислал официальный представитель потерпевшего Аскар Байдосов. По его словам, его доверитель Асхат подъехал к своему дому в частном секторе около половины третьего ночи. С ним в машине было еще двое пассажиров. «Он был немного пьян, экспертиза показала впоследствии лишь легкую степень опьянения. Вел себя он спокойно, уже собирался заезжать во двор и не представлял никакой угрозы окружающим. Внезапно рядом остановилась патрульная машина. Из нее вышел полицейский и начал…
Бүгін облыс орталығынан шалғай орналасқан Шу ауданындағы Белбасар ауылында 400 орындық мәдени-спорттық кешен ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Рүстем Дәулет қатысып, облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың құттықтауын жеткізді. Сонымен бірге Болат Сауранбаевқа «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісін табыс етті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сауранбаевтар әулетінің демеушілігімен бой көтерген нысан облыстың 80 жылдығына орай пайдалануға беріліп отырған алғашқы нысан. Өткен жылы іргетасы қаланып, қазығы қағылған кешеннің құрылыс жұмыстарын мердігер «Шебер билд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Жобалық құны 500 миллион теңгеге айналған. Онда бүгінде 50 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделуде. Ел игілігіне берілген заманауи мәдени-спорт кешені әлемдік стандарттарға сай салынған.…
Ресей мен Түркия әскерлері Сирияның солтүстігін бірге бақылай бастады, — деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарламасында айтылды. Министрлік мәліметіне сай, орыс әскери полициясы мен Түркия шекарашылары ортақ күзет жүргізу мақсатында «Дербисия» кедендік өткелінде кездескен. Енді олар өз міндеттерін орындау үшін Түркия – Сирия шекарасымен батыс бағытта жылжиды. Күзет құрамына бірнеше әскери техника жұмылдырылған. Атап айтқанда, Ресейдің брондалған «Тигр» және «Тайфун» мен Түркияның Кирпи көліктері бар. Айта кетейік, жуырда Түркия басшысы Режеп Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин Сочидегі кездесуінде Анкара мен Мәскеу Евфрат өзенінен шығысқа қарай Сирия мен Түркия шекарасын бірге бақылау жөнінде келісімге келген болатын.