Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 25 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сапарбаев trade-in бағдарламасын іске қосты

    Сапарбаев trade-in бағдарламасын іске қосты

    Өңір тынысы 31.10.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «АгромашХолдинг KZ» АҚ шығарған жаңа LOVOL тракторының рөліне отырып, ескі ауылшаруашылық техникаларын жаңарту және қалпына келтіру бойынша trade-in бағдарламасын іске қосты.

    Қазіргі таңда облыстың аграрлық саласы шаруа қожалықтардың ұсақтығы мен техникалардың тозуы секілді екі негізгі проблеманы бастан өткеруде. Айталық, бүгінде өңірдегі 18 мың бірлік техниканың 15 мыңнан астамының немесе 80 пайызының пайдалану уақыты 10 жылдан асқан.

    Жоғарыда айтылған ұсақ шаруашылықтар мәселесін шешу жолында облыс әкімінің бастамасымен әр ауданда ірі ауылшаруашылық холдингтері құрылуда. Ал, екінші мәселені шешу үшін жетекші қазақстандық өндіруші компания – «АгромашХолдинг KZ» АҚ-мен тығыз ынтымақтастық орнатылған. Бүгінде қостанайлық кәсіпорын бүкіл республика бойынша өзіндік сервисін жолға қойып, еліміздің ауылшаруашылық техникасы нарығының жартысына жуығын қамтып отыр. Компанияның өнімі ESSIL комбайндары, LOVOL, KIROVETS тракторларымен және барлық қосымша ауылшаруашылық техникаларымен кеңінен қолданыста десек артық айтпамыз.

    Trade-in жобасы ағымдағы жылдың шілде айының ортасында «Тараз» ӘКК, «Агромашхолдинг KZ» АҚ және Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында жасалған меморандумның арқылы жүзеге асып отыр. Ынтымақтастықтың нәтижесімен 49% әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға және 51% «АгромашХолдингке» тиесілі «ТаразРемСервис» бірлескен кәсіпорнын құру көзделген. Бұл кәсіпорын шаруалардан ескі техниканы қабылдап, оның орнына шаруаларға өте қолайлы шарттармен жаңа трактор береді, ал ескі техника алғашқы жарна ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ, кем дегенде 50 тұрақты жұмыс орны құрылады. Бүгінгі күнгі алдын ала мәліметтер бойынша, МТЗ шамамен екі миллион теңгеге бағалануда. Қазірдің өзінде мұндай он екі техника жөндеуге жіберілуде. Олардың бірқатарының пайдалану мерзімі тіпті 40 жылға жеткен. Жастар аллеясындағы алаңға қойылған ескі техникалардың қасында құны 10,3 миллион теңгені құрайтын жаңа LOVOL тракторлары расында көз сүйсінтеді.

    Сонымен қатар, «Агробизнес» бағдарламасы аясында шаруалар жаңа техника құнының 25% мөлшерінде субсидия алады. Осылайша, сол LOVOL тракторын сатып ала отырып, тек 4,5 миллион теңге ғана төлейді, ал қалған сома жылдық бес пайызбен бес жылға лизингке ресімделеді. Өндіруші екі жыл кепілдік береді немесе қозғалтқыштың 1600 сағат жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, ал «Агромашхолдинг KZ» АҚ мамандары «ТаразРемСервис» ЖШС базасында сервистік қызмет көрсететін болады. Trade-in бағдарламасының тағы бір артықшылығы ретінде төлемдер бойынша бір жылдық каникулды айтуға болады. Ал одан әрі төлемдерді алты айда бір рет жүргізе алады.

    — Бұл тамаша мүмкіндік. Сондықтан мен тек жаңа трактормен шектеліп қалмай, сондай-ақ жалпы 18,5 млн. теңгеге жаңбырлатып суару қондырғысын, тыңайтқыш сепкіш, соқа сатып алуды жоспарлап отырмын. Мемлекеттің мұндай қолдауын тиімді пайдалану маңызды, — дейді жас кәсіпкер, жуалылық «Мерсеит »шаруа қожалығының жетекшісі Олжас Сламбай.

    Егер біреу өзінің ескі техникасын жаңартқысы келсе, онда оған зауыт мамандары заманауи жабдықтарды қолдана отырып қалпына келтіруге көмектеседі. Жаңасынан ешбір кем түспейтін ол техниканы шаруа тиісті кепілдікпен төмен бағаға сатып алады.

    Аймақ басшысы ескі тракторларды да, жаңа тракторларды да бағалап, шаруаларды әңгімеге тартты. Ол 1980 жылғы ескі МТЗ техникасын байқап, жаңа LOVOL тракторын жүргізіп, сынап көрді. Жаңа трактор кондиционер және жылыту пешімен жабдықталған, сырт көрінісі тартымды әрі жолда ыңғайлы жүреді.

    — Біздің совхозда жұмыс істеген жас кезімізде мұндай заманауи тракторлар болған жоқ. Кеңестік техниканы жүргіздік. Кез келген мемлекеттің міндеті – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аграрлық секторды дамытуға айрықша назар аударуда. Түрлі мемлекеттік қолдау бағдарламалары жүзеге асып, субсидиялар бөлінуде. Оның ішінде жаңа ауылшаруашылық техникаларын сатып алуға салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Ең бастысы – ерінбей жұмыс істеу керек. Бұл жағдайда топырақтың құнарлылығын бағамдап, жаңа технологияларды енгізу, тек жоғары сапалы тұқымдарды пайдалану, минералды тыңайтқыштарды уақытында қолдану және ауыспалы егістік тәсіліне ден қою аса маңызды.

    Жамбыл облысы еліміз бойынша алғаш рет ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту үшін trade-in әдісін қолдана бастады. Жыл соңына дейін біз 100 бірлік ескі техниканы қабылдап, шаруаларға сонша жаңа техниканы ұсынбақпыз. Болашақта өз өндірісімізді құруымыз қажет, — деді Бердібек Сапарбаев.

    «АгромашХолдинг КЗ» АҚ вице-президенті Мейрамбек Сәндібеков аймақ басшысына сенім артқаны үшін алғыс білдіріп, жобаны әрі қарай дамыта түсуге ниетті екендігін жеткізді.

    — Біздің техникалар сенімді әрі өздерін жақсы жағынан дәлелдеп келеді. Облыс әкімдігімен бірлесе отырып, жергілікті аграрлық секторға жаңа технологияларды енгізетін боламыз, — деп түйіндеді зауыт өкілі. Шаруалар атынан сөз алған байзақтық «Байназаров» шаруа қожалығының жетекшісі Хамидулла Байназаров талап етілетін құжаттар саны едәуір қысқарғанын, жалпы алғанда жаңа қондырғылар сатып алу шаруалар үшін қол жетімді бола бастағанын атап өтті.

    Қордайлық «Аухаттылық» агроқұрылымының басшысы Қуанышбек Әбдіқалықов қолдай түсті. Ол бірден екі ескі МТЗ-82 тракторын тапсырыпты. Жаңа техникалар арқылы ол 1200 гектар егіс алқаптарын әртараптандыруға күш салмақ. Келер жылы агроқұрылым басшысы майлы дақылдарды, атап айтқанда мақсары өсіруді жоспарлауда.

    Айта кету керек, соңғы үш жылда облысымызда ауылшаруашылық техникаларын жаңарту қарқыны екі еседен астамға, яғни 4-тен 10 пайызға дейін артқан.

    trade-in АгромашХолдинг Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысы

    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.