Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 6 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026

      Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

      26.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Бағдарламалар нәтиже беруде

    Бағдарламалар нәтиже беруде

    Өңір тынысы 30.10.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Үстіміздегі жылы аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі тарапынан бірқатар ауқымды істер жүзеге асырылуда. Нәтижесінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі тоғыз ай көрсеткіші бойынша 4199,8 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 100,2% құрады. Ал, келесі он айға жоспар 4356,9 млн. теңгеге жоспарланып, меже бойынша нақты көлем индексі 100,1% күтілуде. 4377,6 млн. теңгеге болжанған меженің жылдық жоспарын он айдың қорытындысымен орындау жоспарланып отыр.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 9 айға 16071,5 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 147,9%-ды құрап отыр. 10 айға жоспар 17338,2 млн. теңге болса, нақты көлем индексі 147,3% күтілуде. Жоспарланған 22769,6 млн. теңге жылдық межені асыра орындалуы жоспарда.

    Бөлшек сауда айналымы 8606,2 млн. теңгені, нақты көлем индексі 100,5% көрсеткіш көрсетсе, он айға жоспар 9956,2 млн. теңге, нақты көлем индексі 108,2% күтілуде. Көлем индексінің төмендеу себебі карантинге байланысты орын алуда.

    Ағымдағы жылдың тоғыз айында аудан бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны 7 545 болса, оның ішінде, 6 511 немесе 87% жұмыс істеп тұр.

    Атап айтқанда, 4 213 дара кәсіпкердің 3 355-і немесе 80%, 2 910 шаруа (фермерлер) қожалықтарының 2 851 немесе 98% және 421 шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғаның 304-і немесе 73% жұмыс істеуде. Меже бойынша 6 586 жоспарланған шағын және орта кәсіпкерлік нысандары санының өсу динамикасы баяулап отыр. Оған еліміздегі карантинге байланысты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің уақытша тоқтап тұрғандығы себеп болуда. Өткен жылдың тоғыз айымен салыстырғанда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны 110% және жұмыс істеп тұрғандарының саны 90% құрады.

    Қазақстан Республикасының «Индустриалды — инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы бойынша да ауқымды істер жүргізілуде. Жаңатұрмыс ауылдық округінде жеке кәсіпкер «Жабатаева Лаззат» жалпы құны 435,0 млн. теңгеге «Көкөніс консервілеу цехы мен сыйымдылығы 3,0 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы құрылысы» инновациялық жобасын өз қаражатына іске асыруда. Бүгінгі күнге 3,0 гектар жер телімі бөлініп, ұңғыма (скважина) қазылып, электр желісі тартылды. Жобалық — сметалық құжаттары дайындалып, құрылыс нысандарының астына шағал жастығы төселді. 7,0 млн. теңгеге арматура сатып алынып, жер телімі қоршалып 60% құрылыс жұмыстар жүргізілді. Келер жылы іске қосылуы күтіліп отырған жоба аясында 160,0 млн. теңге қаражат игерілді.

    Бурыл ауылдық округінде, «GRAND FOODS PREMIUM» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жалпы құны 500,0 млн. теңге «Жеміс пен көкөністі өңдеу және консервілеу цехының құрылысы мен өндірістік жабдықтарын сатып алу» бизнес-жобасы жасалып, өңірдің индустриаландыру картасына енгізу бойынша құжаттары дайындалып, жоба аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралды. Аталмыш кеңесте мақұлданданған жоба 2021 жылы іске асырылады.

    Көктал ауылдық округінде, «Аллель Агро» Акционерлік қоғамы, жалпы құны 25600,0 млн. теңгені құрайтын, қуаттылығы жылына 44 000 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының құрылысы жобасын іске асыруда.

    Көктал ауылдық округінде 13 құс өсіру нысанының құрылысы 70 пайызға, сонымен қатар, 12 құс өсіру нысанына тиесілі 1 блогының құрылысы 90 пайызға аяқталды. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған жағдайда аудан көлемінде 680 жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті бюджетке 540 млн. теңге қаражат түседі. Оның 30 мың тонна құс еті Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан елдеріне экспорталады. Жоба құны 5 млрд. теңгені құрайды. Жоба құрылысы 2021 жылы басталады.

    Ботамойнақ ауылдық округі, Үшбұлақ елді мекенінде жем цехын соғу жоспарда тұр.

    «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жұмыстар қолға алынып, нәтижесінде барлығы 21 жоба мақұлданды, жалпы құны 4,9 млрд. теңгені құрайды.

    «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы арқылы Бәйтерек, Ботамойнақ, Қызыл жұлдыз, Сарыкемер, Дихан ауылдық округтері мен Көктал ауылында жұмыстар атқарылғанын атап өтуге болады. Пайыздық ставканы субсидиялау бойынша «Бегей» жеке кәсіпкерлігі 15,0 млн. теңге, «Магнолия» жеке кәсіпкерлігі 79,1 млн. теңге, «Ilyias» жеке кәсіпкерлігі 12,0 млн. теңге, «Нина и компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 80,0 млн. теңге, «Дулат» шаруа қожалығы 37,7 млн. теңге, кепілдеме арқылы «Бегей» жеке кәсіпкерлігі 15,0 млн. теңге, «Сламов» жеке кәсіпкерлігі 20,0 млн. теңге, инфрақұрылым бойынша «КазЭкофрукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 102,522 млн. теңге тұратын жоба АҮК –те мақұлданып, қаражат күтілуде.
    «Бизнестің жол картасы — 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған өтеусіз негізде беру мемлекеттік гранттары бөлінді.
    Үстіміздегі жылдың 24 тамызында конкурска ауданнан 52 үміткер қатысты. Конкурс нәтижесі бойынша «Бірлік» және «Арслан» жеке кәсіпкерліктері 5,0 млн. теңге қайтарымсыз грантты жеңіп алды.

    Айдын АЛТАЙ, аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы.

    Байзақ ауданы

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.