Автор: admin
27 мамырда Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменовтің облыс тұрғындарымен онлайн-режимде есеп беру кездесуі өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара Жамбыл облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы тікелей эфирде өткізілді. Жанат Сүлейменов баяндама барысында азаматтарды жамбылдық полицейлердің жұмысының негізгі көрсеткіштерімен таныстырды. 2020 жылдың 4 айында тіркелген қылмыстардың жалпы саны 34,9 пайыз ға төмендеді: ұрлық саны – 46.8 пайызға, тонау дерегі – 18.5 пайызға, қарақшылық оқиғасы – 60 пайыз ға, бұзақылық – 21,2 пайыз ға, мал ұрлығы 14,6 пайызға төмендеді, — деп атап көрсетті Жанат Сүлейменов. Жыл басынан бері пәтер ұрлығын жасаған 44 адамнан тұратын 7 қылмыстық топ…
31 мамыр — ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осындай атаулы күннің қарсаңында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тарих ғылымдарының кандитаты, доцент Сейдахан Бақторазовпен «Мәңгілік мұң-шерлі шемен» атты онлайн сұхбат өтті. Онлайн сұхбат барысында тарихшы «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындарының да зардап шеккеніні, Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырағанына тоқталды. Сонымен бірге Сейдахан Уәлиұлы Оңтүстік өңірде саяси қуғын-сүргін құрбандарының өміріне тоқталып, олардың арасында ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болғандығын және олар көрген азапты жылдар туралы, тарихтың ақтаңдақ беттерінің талай…
Қордай ауылының жұмыссыз азаматтарының, жұмыс іздеушілердің, жалпы ауыл тұрғындары арасында, Жұмыспен қамтудың жол картасы және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы туралы 100-ден аса азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 100-ден астам азаматтың ішінен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша құрылыс жұмыстарына 35 азамат, ақылы қоғамдық жұмыстарға 20 азамат тартылды. 15 азамат жұмыс берушіге сұхбаттасуға жолданды, сонымен қатар 30 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант және шағын несие бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жамбыл облысының орталығы — Тараз қаласына жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев бірнеше нысандарды аралап, жаңа 15-шағын ауданның құрылыс барысымен танысты. Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай жыл бойы мәдени және әлеуметтік шаралар өткізіледі. Жұмыс сапары Абай көшесінің бойында орналасқан үйлердің жағдайынмен танысудан басталды. Биыл мұндағы №132, 128, 123, 121, 117 үйлердің сəулеттік келбетін қайта жаңғырту жұмыстары басталмақ. Ол үшін біркелкі эксиздік жоба әзірленген. «Бұл көшенің бойында орналасқан үйлердің сәулеттік келбетіне, әрлеу мен сырлауына баса мән берген дұрыс. Өйткені, Абай есімін иеленген көше атына заты сай болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл үйлердің шатыры қатты тозған. Қасбеттері мен шатырын…
«Қытай дегенде Лао-цзы мен Конфуций, Ресей дегенде Достоевский мен Толстой, Франция дегенде Вольтер мен Руссо бірден ойға келеді. Сол сияқты шетелдіктердің бәрі бірдей Қазақстан дегенде бірден Абайдың есімін атайтындай дәрежеге жетуіміз керек» – деп президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жолдады, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі орталығына сілтеме жасап. Еліміздің болашағы ретінде – біз жастар Президент үндеуін қолдап, жүзеге асуын қамтамасыз етуіміз парыз. Өйткені, саяси билік мәселесінен бастап, ел экономикасы мен салт-дәстүр Абаймен тығыз байланысты. Президенттің алғашқы мақаласы Ұлы кемеңгер Абай Құнанбайұлының шығармасы мен сол Абайдың сүйіп өткен халқына арналды.Егеменді ел болып…
Қаланың сəулеттік келбетіне облыс әкімі айрықша көңіл бөлуде. Аймақ басшысы шаһардағы бірқатар тұрғын үйдің сыртқы келбетімен, №15 шағын ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысты. Бердібек Сапарбаев облыс əкімдігі ғимаратынан шыққан бойда қарсы бетте орналасқан үйлердің жағдайына баса назар аударды. Мұндағы №132, 128, 123, 121, 117 үйлердің сəулеттік келбеті қайта жаңғыртылмақ. Бұл көпқабатты тұрғын жайларды толық жөндеу үшін біркелкі эксиздік жоба әзірленген. «Бұл көшенің бойында орналасқан үйлердің сәулеттік келбетіне, әрлеу мен сырлауына баса мән берген дұрыс. Өйткені, Абай есімін иеленген көше атына заты сай болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл үйлердің шатыры қатты тозған. Осыған мән бере отырып, қасбеттері мен шатырын ауыстыруға көмек беретін…
Қазіргі таңда еліміздің қай өңірінде болмасын тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру ең өзекті мәселелердің бірі екені түсінікті. Бұл ретте Тараз қаласында 1300-ден астам көпқабатты тұрғын үй бар болса, бүгінде соның 521-і жөндеуді қажет етеді. Дегенмен, Тараз қаласының тұрғын үй саласына жауапты мамандары қазір солардың 270-і жаңартылғанын айтады. Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев облыс орталығындағы бірқатар тұрғын үйлердің сыртқы келбетімен, сондай-ақ жаңадан салынып жатқан №15 ықшам аудандағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан еді. Сапарбаев қаладағы жұмыс сапарын облыс әкімдігінен шыққан бетте, жаяулап жолдың қарсы бетіне өтіп, орталық көшедегі көпқабатты тұрғын үйлерден бастапты. Бұл бойынша білгеніміз жақын күндері әкімдікке қарама-қарсы тұрған 5 көпқабатты…
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері мен бюджеттің орындалу мәселелері қаралған селекторлық режимде өткен аппараттық кеңесте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев экономика өсімінің қосымша көздерін құруды тапсырды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың баяндамасына сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 103,3%, негізгі капиталға салынған инвестициялар 101%, құрылыс жұмыстары 112% деңгейінде күтілуде. Сондай-ақ, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 187 мың шаршы метрді құрайды деп болжануда. Бұдан соң қаржы басқармасының басшысы Роза Исаева баяндама жасады. Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың қаңтар-мамыр айларындағы бюджеттің игерілуі 99,3 пайызға жетеді деп күтілуде. Бұл орайда артта қалғандар қатарында Шу, Жуалы, Сарысу, Талас,…
Таяу күндері Таразда қоғамдық көліктің қызметін қайта жандандыру жоспарланып отыр. Тиісті шешімді облыстық жедел штаб қабылдады. Ол үшін тасымалдаушы компаниялар маршрут автобустары мен парктерді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен белгіленген барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіруі керек. Осыдан кейін ғана автопарктер қызметін қайта бастауға рұқсат ала алады. Атап айтқанда, автобус салонына медициналық бетперде киген жолаушылар ғана кіру тиіс. Жолаушылардың арақашықтығы кемінде 1 метр болуы керек. Салонның толтырылуы 50 пайыздан аспауы тиіс. Автопарктер әкімшілігі персоналға жеке қорғану құралдарын пайдалану бойынша нұсқау беруді, дене қызуын өлшеу бойынша күнделікті медициналық тексеруді ұйымдастыруы қажет. Жіті респираторлық инфекция белгілері бар қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді. Сондай-ақ, маршруттың аяқталуы…
Таразда ерекше форматта «Соңғы қоңырау — 2020» мерекелік іс-шарасы өтті. Облыс орталығындағы «Жастар аллеясында» өткен соңғы қоңырау барысында 6 автокөлік Ұлы ақын Абай Құнанбаев бейнеленген байрақты желбіретіп, 6 бағыт бойынша Тараз қаласын жүріп өтті. Көлікте пәндік олимпиадалар, түрлі шығармашылық халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары, «Жас ұлан» ұйымының белсенді көшбасшылары, республикалық «Жас патриоттар» академиясының мүшелері отырды. Балалар ақынның поэзиясын, өлеңдерін, қара сөздерінен үзінділер оқып, әндерін орындады. Бұдан бөлек көліктерде дауыс күшейткіш арқылы «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған құттықтаулар, білім саласының жетістіктері айтылды. Сондай-ақ, бұл күні әр сыныпта барлық оқушының қатысуымен онлайн соңғы қоңырау және сынып сағаттары өткізілді. Облыс әкімі Б.Сапарбаев жергілікті телеарнадан оқушыларды…