Close Menu
    Оқылып жатыр

    ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

    28.04.2026

    “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

    28.04.2026

    Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

    28.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 30 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

      28.04.2026

      “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

      28.04.2026

      Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

      28.04.2026

      «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

      27.04.2026

      Метродан жылыстаған миллиондар: бірнеше тұлға жемқорлық бойынша жауапқа тартылды

      27.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сапарбаев: Абай көшесінің бойында Абай Құнанбайұлының суреттерін салу керек

    Сапарбаев: Абай көшесінің бойында Абай Құнанбайұлының суреттерін салу керек

    Өңір тынысы 27.05.2020
    © zhambyl.gov.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының орталығы — Тараз қаласына жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев бірнеше нысандарды аралап, жаңа 15-шағын ауданның құрылыс барысымен танысты. Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай  жыл бойы мәдени және әлеуметтік шаралар өткізіледі.

    Жұмыс сапары Абай көшесінің бойында орналасқан үйлердің жағдайынмен танысудан басталды. Биыл мұндағы №132, 128, 123, 121, 117 үйлердің сəулеттік келбетін қайта жаңғырту жұмыстары басталмақ. Ол үшін біркелкі эксиздік жоба әзірленген.

    «Бұл көшенің бойында орналасқан үйлердің сәулеттік келбетіне, әрлеу мен сырлауына баса мән берген дұрыс. Өйткені, Абай есімін иеленген көше атына заты сай болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл үйлердің шатыры қатты тозған. Қасбеттері мен шатырын ауыстыруға көмек беретін демеушілерді тарту керек. Қала басшылығы осыны назарда ұстауы тиіс», — деді өңір басшысы.

    Тараз қаласында 1300-ден астам көпқабатты үй бар. Солардың 521-і жөндеуді қажет етеді. Бүгінге дейін 270-і жаңартылды. Биыл 80 үйге «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 3,3 млрд.тг. бөлінді. Қазіргі таңда 41 үйге жөндеу жұмыстары басталып кетті. Бұл шаруамен 13 құрылыс компаниясы айналысуда. Бағдарлама шеңберінде көпқабатты үйлердің жертөлесі жөнделіп, шатыры ауыстырылады. Кіреберістері де қайта қалпына келтіріледі.

    Атап өтерлігі, жауапты компанияны тұрғындар өздері таңдап, жұмыс барысын бақылайды.

    Бұдан кейін облыс әкімі «Астана» шағын ауданына барды. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай салынған «Сарайшық» скверінде болған Бердібек Сапарбаев нысанның қазіргі жағдайына көңілі толмады. Қалаға көрік беріп тұрған сквердің кірпіштері құлап, тас төсеніштері мүжіле бастаған. Субұрқағы да істемей тұр. Осыған байланысты, қала әкімдігіне кемшіліктерді тез арада түзеу тапсырылды. Сондай-ақ, осы шағын аудандағы үйлердің қабырғасына салынатын суреттер жобасы таныстырылды.

    «Абай көшесінің бойында Абай Құнанбайұлының, Әл-Фараби көшесіне Әл-Фарабидің суреттерін салу керек. Сонымен бірге, бұл өңірден шыққан қаншама белгілі тұлғалар бар. Атап айтсақ, Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза секілді көптеген белігілі тұлғалардың, спорт саңлақтары мен Олимпиада чемпиондары суретін бейнелеуге ден қойған абзал», — деді аймақ басшысы.

    Келесі кезекте Бердібек Сапарбаев ҚР Тұңғыш Президент паркінде болды. Саябақта бұлақ көздерін ашып, ондағы су тоғанын балдырдан тазартуды, ашық аспан астындағы сахна мен сол маңайдағы тұрғын үйлердің сәулеттік келбетін ретке келтіруді шегелеп тапсырды.

    Бұдан әрі облыс әкімі №15 шағын ауданындағы құрылыс жұмыстарын көрді. 2017-2019 жылдары бұл аумаққа жаңа тұрғын үйлер салуға 18,7 млрд. теңге жұмсалған. Ал биылғы тұрғын үй құрылысына 20,2 млрд.теңге қарастырылған.

    Ондағы жұмыстар барысы туралы құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров баяндады. Бұған дейін жаңа ауданда 26 үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 38 үйді тапсыру жоспарлануда. Жоба бойынша шағын ауданда 195 көпқабатты үй болуы тиіс. Бұдан бөлек, 4 мектеп, 5 балабақша салынбақ.

    «Шағын ауданда 1200 орындық мектеп құрылысын бастау қажет. Осылайша бір білім ошағын салу арқылы 2 мың оқушыны мектеппен қамтуға болады. Сөйтіп кезең-кезеңімен мектеп, балабақша, кәсіпкерлердің көмегімен сауда орталықтарын саламыз. 41 мыңнан астам адам тұруы көзделген шағын ауданның болашақ жағдайын қазірден ойлаған жөн», — деді Бердібек Сапарбаев.

    Өңір басшысы «Арбат-1» жаяу жүргіншілер аллеясындғы абаттандыру жұмыстарымен де танысты. Мұнда алдағы уақытта бірнеше су бұрқақ пайда болады. Демалыс орны жасыл-желекпен көмкеріліп, жастардың серуендейтін саялы мекеніне айналмақ.

    «Барлық нысанда жұмыс жоспарға сай жүргізіліп, қойылған міндет сапалы әрі уақыты орындалуы тиіс», — деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев.

    Абай Құнанбаев көше Тараз

    Оқылып жатыр

    Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

    27.04.2026

    Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

    27.04.2026

    Алматыда Шахановқа көше беру мәселесі көтерілуде: петиция жарияланды

    24.04.2026

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

    28.04.2026

    “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

    28.04.2026

    Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

    28.04.2026

    «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

    27.04.2026

    Метродан жылыстаған миллиондар: бірнеше тұлға жемқорлық бойынша жауапқа тартылды

    27.04.2026

    Бейжай қарамайық: белгілі заңгер даулы видео иесін жауапқа тартуға шақырды

    27.04.2026

    Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

    27.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.